• Біз туралы
  • Серіктестер
  • Жарнама
Дүйсенбі, 5 қазан, 2026
  • Кіру
PostScript
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
PostScript
No Result
View All Result
Home Қоғам

Ерлікке тағзым – елдікке тағылым

Жаңақорған ауданы әкімі Мажит Самитовтың қатысуымен 7 мамыр – Қазақстан Республикасы Отан қорғаушылар күні мен 9 мамыр - Ұлы Жеңіс күніне арналған «Ерлікке тағзым – Елдікке тағылым» атты салтанатты шара өтті, деп хабарлайды PostScript.kz ақпараттық агенттігі.

08.05.2026
in Қоғам
0
493
SHARES
1.4k
VIEWS
Facebook-те бөлісуТелеграммен бөлісуВатсапқа жіберіңіз

Шара қонақтары алдымен аудандық мәдениет үйінің фойесінде тақырыпқа сай безендірілген көрмені тамашалап, тарихи мазмұндағы экспозициялармен танысты. Бұдан кейін «Ұрпаққа аманат – елге қорған» атты театрландырылған прологпен басталып, іс-шарада Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимні орындалды.

Тағылымы мол шарада аудан әкімі Мажит Самитов құттықтау сөз сөйлеп, қос мерекенің маңыздылығына тоқталды.

— Бүгін біз тағылымы терең, тағдыры ортақ, мағынасы айрықша қос мерекені – 7 мамыр Отан қорғаушылар күні мен 9 мамыр Ұлы Жеңіс күнін қатар атап өтудеміз. Бұл – елдік пен ерліктің, батырлық пен бірліктің айқын көрінісі болған тарихи күндер. Баршаңызды осы айтулы мерекелермен шын жүректен құттықтаймын! Отанға деген адал қызмет – әр азаматтың қасиетті борышы. Қарулы Күштеріміздің қуаты артып, айбыны асқақтай берсін. Жеңіс рухы мәңгі жасасын! — деді аудан басшысы.

Салтанатты шара барысында ауданның әлеуметтік-экономикалық, мәдени-рухани дамуына елеулі үлес қосқан бірқатар азаматтар Қызылорда облысының «Құрмет» грамотасымен, облыс және аудан әкімдерінің «Алғыс хаттарымен» марапатталды.

Мерекелік кештің көркін қазақ эстрадасының жарық жұлдызы, көпшіліктің сүйікті өнерпазы, «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері Наркенже Серікбаева қыздыра түсті. Сонымен қатар, аудан өнерпаздары өз өнерлерін ортаға салып, мазмұнды концерттік бағдарламасын ұсынды.

Тағылымы терең, рухы асқақ шара көпшілікке көтеріңкі көңіл-күй сыйлап, елдік пен ерліктің мәнін тағы бір мәрте айқындай түсті.

Алдыңғы мақала

Қызылорда облысына жаңа әкім тағайындалды

Келесі мақала

Ұрпақ жадындағы Ұлы Жеңіс

Оқи отырыңыз

Ардагерлер бірқатар нысанды аралады
Қоғам

Ардагерлер бірқатар нысанды аралады

Қазыналы қарттарға құрмет көрсетілді
Қоғам

Қазыналы қарттарға құрмет көрсетілді

Қызылордада бір аптадағы рейд нәтижесінде  5 мыңға жуық құқық бұзушылықтың жолы кесілді
Құқық

Қызылордада бір аптадағы рейд нәтижесінде 5 мыңға жуық құқық бұзушылықтың жолы кесілді

Қызылорда облысында оқушыларға арналған семинар-тренинг өткізілді
Құқық

Қызылорда облысында оқушыларға арналған семинар-тренинг өткізілді

Пікір қалдыру Отменить ответ

Сіздің email жарияланбайды. Толтыруға міндетті жолдар * ретінде белгіленген

No Result
View All Result

Басты жаңалықтар

Қызылорда облысында оқушыларға арналған семинар-тренинг өткізілді

Қазалыда орман тұқымбағының жұмысы таныстырылды

Қызылорда облысында есірткіге қарсы байқау өткізілді

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың басшылығымен соңғы жеті жылда Қазақстанда цифрлық трансформация қарқынды дамып, елдің технологиялық әлеуеті жаңа деңгейге көтерілді.

Кітап FEST – руханият пен поэзия тоғысқан кеш

Қызылорда қаласын аяқсумен қамту жүйесін дамыту және инфроқұрылымды цифрлық басқару мәселелері талқыланды

Өзекті жаңалықтар

Ардагерлер бірқатар нысанды аралады
Қоғам

Ардагерлер бірқатар нысанды аралады

0

Алдымен ардагерлер «Қызылорда арена» спорт кешенінің құрылыс алаңына барды. Заманауи спорт нысанында халықаралық стандарттарға сай 50 метрлік...

Қазыналы қарттарға құрмет көрсетілді

Қазыналы қарттарға құрмет көрсетілді

Қызылордада бір аптадағы рейд нәтижесінде  5 мыңға жуық құқық бұзушылықтың жолы кесілді

Қызылордада бір аптадағы рейд нәтижесінде 5 мыңға жуық құқық бұзушылықтың жолы кесілді

Қызылорда облысында оқушыларға арналған семинар-тренинг өткізілді

Қызылорда облысында оқушыларға арналған семинар-тренинг өткізілді

Қазалыда орман тұқымбағының жұмысы таныстырылды

Қазалыда орман тұқымбағының жұмысы таныстырылды

PostScript

«Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің
Ақпарат комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы
КУӘЛІК № KZ17VPY00103707

Соңғы жаңалықтар
  • Ардагерлер бірқатар нысанды аралады
  • Қазыналы қарттарға құрмет көрсетілді
  • Қызылордада бір аптадағы рейд нәтижесінде 5 мыңға жуық құқық бұзушылықтың жолы кесілді
  • Қызылорда облысында оқушыларға арналған семинар-тренинг өткізілді
  • Қазалыда орман тұқымбағының жұмысы таныстырылды
Айдарлар

Бізге хат жолдаңыз

© 2024 PostScript — Қазақстан жаңалықтары ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар қорғалған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі аккаунтқа өтіңіз

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру

Add New Playlist

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Саясат
  • Пікір

© 2024 PostScript - Ақпараттық агенттігі