• Біз туралы
  • Серіктестер
  • Жарнама
Сәрсенбі, 16 қыркүйек, 2026
  • Кіру
PostScript
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
PostScript
No Result
View All Result
Home Әлеумет және экономика

Ғылыми жобалар әулетін пайдалану мәселелері талқыланды

Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен Ғылым академиясының ғылыми жобаларын іске асыру, оның әлеуетін экономика мен өңірлердің түрлі салаларын дамытуға тарту мәселелері жөнінде кеңес өтті. Күн тәртібінде басымдықтарды анықтаудағы жаңа тәсілдер, өңірлік ғылымды дамыту жайы талқыланды, деп хабарлайды «PostScript.kz» Ақпараттық агенттігі.

02.02.2026
in Әлеумет және экономика
0
492
SHARES
1.4k
VIEWS
Facebook-те бөлісуТелеграммен бөлісуВатсапқа жіберіңіз

Аймақ басшысы Нұрлыбек Нәлібаев кеңеске селекторлық режим арқылы қатысты. Одан кейін арнайы жиын өткізіп, жауапты сала басшыларына бірқатар тапсырма жүктеді.

«Президентіміздің ұсынысымен өңірімізде өткен Ұлттық құрылтайдың қорытынды бесінші отырысы тарихи миссиясы айрықша мазмұнға ие алқалы жиын болды. Құрылтайда еліміздің келешек бағдары айқындалып, қоғамдағы ең өзекті мәселелер ашық талқыланды.

Мемлекет басшымыздың бұған дейінгі ауқымды саяси реформаларының жалғасы ретінде Конституциялық, Парламенттік және мемлекеттік басқару жүйесіндегі реформалар туралы бастамалар көтерілді.

Өткен аптада Астана қаласында Конституциялық реформа жөніндегі комиссия отырысында Ата Заңға енгізілетін түзетулер талқыланып, жаңа Конституция жобасы ұсынылды.

Өзгерістер негізінен биліктің құрылымдарын қайта қарауды, адам құқықтарын күшейтуді, мемлекеттік басқарудың жаңа институттарын енгізуді қамтыды. Ата Заңымыздың жаңа мәтінінің басты идеясы ретінде білім мен ғылым, мәдениет пен инновация анықталған.

Президентіміз Ғылым және технологиялар жөніндегі Ұлттық кеңес отырысында ғылым мен технологияның стратегиялық маңызын ерекше атап, өңірлерде әкімдіктер жанынан ғылыми кеңестер құруды тапсырған болатын. Аталған бастама өңірлік ғылымды дамытуға, жаңа ғылыми жобаларды жүзеге асыруға жаңа серпін береді және бұл бағытта жүйелі жұмыстар жүргізуіміз қажет.

Ғылым мен өндірістің өзара байланысын күшейту, өңірдің салалық ерекшелігіне сәйкес қолданбалы зерттеулер санын арттыру, жас ғалымдарды тартуды кешенді түрде ұйымдастыру керек. Ғылыми зерттеулер мен жобалар өңір экономикасының түрлі салаларын одан әрі дамытуға, тиімділігін арттыруға бағытталуы тиіс», – деді Н.Нәлібаев.

Президент тапсырмасына сәйкес, өңірде ғылыми-зерттеу ұйымдарын экономиканың түрлі салаларын дамытуға тартуда тиісті жұмыстар жүргізілуде.

Негізгі 3 жоғары оқу орны, атап айтсақ, Қорқыт ата атындағы Қызылорда университеті, «Қызылорда Болашақ» университеті мен Қызылорда Ашық университетінде 791 профессор-оқытушы бар. Соңғы бес жылда білім алушылар саны 32%-ға артқан,қазір 20 мыңға жуық (19 720) студент оқиды.

Үздік шетелдік университеттер филиалын ашу туралы Президент тапсырмасы орындалды. Қорқыт ата университеті базасында Кореяның СеулТех университетінің филиалы ашылды.Қазіргі таңда қос дипломды, бірлескен білім беру бағдарламалары жүзеге асырылуда.Жасанды интеллект, киберқауіпсіздік және информатика жоғары мектебінде 4 білім беру бағдарламасы бойынша 240 студент заманауи зертханаларда бірнеше тілде  оқиды. Алдағы уақытта жоғары білікті кадрлар облыстың ғана емес, еліміздің ІТ саласын дамытуға, экономикаға жасанды интеллект пен озық технологияларды енгізуге үлес қосады.

Ғылымды дамытуда 2023 жылдан бері гранттық және бағдарламалық-нысаналық қаржыландыру механизмі арқылы 23 ғылыми жоба жүзеге асырылуда.Одан бөлек, Ыбырай Жақаев атындағы қазақ күріш шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтында 7 ғылыми жоба қолға алынды.Институт базасында өңірдің топырақ-климаттық ерекшеліктеріне бейімделген дәнді дақылдардың жаңа сорттарын шығару, су үнемдеу технологияларын енгізу мәселелері жан-жақты зерттеліп келеді.

Аймақта ғылыми-зерттеу, тәжірибелік-конструкторлық жұмыстармен 9 кәсіпорын айналысады, 400-ден аса қызметкер жұмыспен қамтылған. Аталған компаниялар 2024 жылы ғылыми жұмыстарға 1 млрд. 300 млн. теңге қаржы бөлген. Бұл көрсеткіш 2020 жылмен салыстырғанда бес есе артты.

Әкімдік жанынан ғылыми кеңес құрылып, жұмыс жоспары бекітілді.2026-2030 жылдарға арналған облыстың даму жоспарына «Жалпы өңірлік өнімдегі ғылыми-зерттеу жұмыстары шығындарының үлесі» көрсеткіші енгізілді. Қолданбалы ғылыми зерттеулерді қаржыландыру үшін тиісті қаражат бөлу мәселесі де басты назарда.

Алдыңғы мақала

Қызылорда облысында «Есірткі жайлы ертегі» атты шығармашылық жұмыстар байқауы өтті

Келесі мақала

Қызылордада облыстық мәслихат төрағасы конституциялық реформаларға арналған кездесу өткізді

Оқи отырыңыз

Коммуналдық қызметтің цифрлық әлеуеті нығайды: Қызылордада коммуналдық мекемелерге 37 арнайы технтка табысталды
Қоғам

Коммуналдық қызметтің цифрлық әлеуеті нығайды: Қызылордада коммуналдық мекемелерге 37 арнайы технтка табысталды

«Іңкәр сезім» көрерменге жол тартты
Мәдениет

«Іңкәр сезім» көрерменге жол тартты

«Мерейлі отбасы — 2026» ұлттық байқауының аудандық кезенінің жеңімпаздары марапатталды
Мәдениет

«Мерейлі отбасы — 2026» ұлттық байқауының аудандық кезенінің жеңімпаздары марапатталды

Айналма жол құрылысы бақылауда: Аудан әкімі сапаға басымдық берді
Әлеумет және экономика

Айналма жол құрылысы бақылауда: Аудан әкімі сапаға басымдық берді

Пікір қалдыру Отменить ответ

Сіздің email жарияланбайды. Толтыруға міндетті жолдар * ретінде белгіленген

No Result
View All Result

Басты жаңалықтар

Айналма жол құрылысы бақылауда: Аудан әкімі сапаға басымдық берді

Қазалылықтар егінге алғашқы орақ салды

Ұн өнімдеріне мониторинг жүргізілді

Құрылтай сайлауында белсенділік танытқан азаматтар марапатталды

Аудан әкімі су ұңғымаларының жұмысымен танысты

Маман даярлау – еңбек нарығының жаңа талабына сай жетілдірілді

Өзекті жаңалықтар

Коммуналдық қызметтің цифрлық әлеуеті нығайды: Қызылордада коммуналдық мекемелерге 37 арнайы технтка табысталды
Қоғам

Коммуналдық қызметтің цифрлық әлеуеті нығайды: Қызылордада коммуналдық мекемелерге 37 арнайы технтка табысталды

0

Салтанатты жиында сөз сөйлеген аймақ басшысы коммуналдық сала мамандарын құттықтап, олардың қаланың тазалығы мен тұрғындардың жайлы өмір...

«Іңкәр сезім» көрерменге жол тартты

«Іңкәр сезім» көрерменге жол тартты

«Мерейлі отбасы — 2026» ұлттық байқауының аудандық кезенінің жеңімпаздары марапатталды

«Мерейлі отбасы — 2026» ұлттық байқауының аудандық кезенінің жеңімпаздары марапатталды

Айналма жол құрылысы бақылауда: Аудан әкімі сапаға басымдық берді

Айналма жол құрылысы бақылауда: Аудан әкімі сапаға басымдық берді

Қазалылықтар егінге алғашқы орақ салды

Қазалылықтар егінге алғашқы орақ салды

PostScript

«Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің
Ақпарат комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы
КУӘЛІК № KZ17VPY00103707

Соңғы жаңалықтар
  • Коммуналдық қызметтің цифрлық әлеуеті нығайды: Қызылордада коммуналдық мекемелерге 37 арнайы технтка табысталды
  • «Іңкәр сезім» көрерменге жол тартты
  • «Мерейлі отбасы — 2026» ұлттық байқауының аудандық кезенінің жеңімпаздары марапатталды
  • Айналма жол құрылысы бақылауда: Аудан әкімі сапаға басымдық берді
  • Қазалылықтар егінге алғашқы орақ салды
Айдарлар

Бізге хат жолдаңыз

© 2024 PostScript — Қазақстан жаңалықтары ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар қорғалған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі аккаунтқа өтіңіз

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру

Add New Playlist

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Саясат
  • Пікір

© 2024 PostScript - Ақпараттық агенттігі