• Біз туралы
  • Серіктестер
  • Жарнама
Сенбі, 17 қазан, 2026
  • Кіру
PostScript
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
PostScript
No Result
View All Result
Home Қоғам

Актив отырысында жаңадан сайланған Арал қаласының әкімі таныстырылды

Бүгін аудан әкімі Аманжол Оңғарбаевтың төрағалығымен өткен актив отырысында қала халқының басым дауысымен Арал қаласының әкімі қызметіне жаңадан сайланған Ренат Қуанғанұлы Жанаев таныстырылды,-деп хабарлайды «PostScript.kz» ақпараттық агенттігі.

22.06.2026
in Қоғам
0
492
SHARES
1.4k
VIEWS
Facebook-те бөлісуТелеграммен бөлісуВатсапқа жіберіңіз

21 маусым күні өткен Арал қаласы әкімінің сайлауына сайлаушылардың 82,08%-ы қатысып, өз таңдауларын жасады. Жалпы, Арал қаласының әкіміне 4 үміткер ниет білдіріп, қорытындысымен өзін-өзі ұсынған Жанаев Ренат Қуанғанұлы халықтың басым дауысын жинап, яғни 70,7% пайыз дауыс бойынша аудандық сайлау комиссиясының шешімімен Арал қаласының әкімі лауазымына сайланды.

Ренат Қуанғанұлын 1979 жылы Арал қаласында дүниеге келген. 2000 жылы Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетін «Экономика және менеджмент» мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 2001 жылы Арал аудандық жастар орталығында кеңесші маманы ретінде бастаған. 2001 жылы Арал қаласы әкімі аппаратында әскери есеп столының инспекторы, жетекші маман, 2005-2009 жылдары Арал аудандық ішкі саясат бөлімінде жетекші маман, бас маман, 2009-2012 жылдары Арал ауданы әкімінің көмекшісі қызметтерін атқарды.

2012-2015 жылдары Арал ауданы әкімі аппаратының құжаттамалық қамтамасыз ету және бақылау бөлімінің басшысы, 2015-2016 жылдары Арал ауданы әкімі аппаратының ақпараттық технологияларды дамыту бөлімінің басшысы, 2016-2021 жылдары Арал қаласы әкімінің орынбасары қызметтерін атқарды.

2021 жылдан бастап осы кезге дейін Арал ауданының кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімінің басшысы қызметін абыроймен атқарып келді.

Аудан әкімі Аманжол Сақыпұлы қала әкімін жаңа қызметімен құттықтап, Арал қаласы әкімінің алдында тұрғындардың сұранысына сәйкес және «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында қаланың санитарлық тазалығын қамтамасыз ету, көркейту және көгалдандыру жұмыстарын жандандыру, мемлекеттік бағдарламалар бойынша жұмыстарды жүйелі түрде жалғастыру, қаладағы автомобиль жолдарының сапасын жақсарту, көшелерді түнгі жарықпен қамтамасыз ету, демалыс орындарын күтіп-ұстау, жаңа жұмыс орындарын ашу сынды бірқатар маңызды міндеттер тұрғанын атап өтті..

Жиында алдыңғы аға буын ардагерлер өздерінің жылы лебіздерін білдіріп, Ренат Қуанғанұлының алдағы жұмысына сәтілік тіледі.

Аудан әкімдігінің баспасөз қызметі

Алдыңғы мақала

Қазалы: Ақтан батыр ауылында кенеге қарсы залалсыздандыру жұмыстары басталуда

Келесі мақала

Сырдарияда «Мемлекеттің беделі – мемлекеттік қызметшінің абыройы» атты мерекелік іс–шара өтті

Оқи отырыңыз

Қазалыда көпқабтты тұрғын үйлердің шатыры жөнделуде
Әлеумет және экономика

Қазалыда көпқабтты тұрғын үйлердің шатыры жөнделуде

Өндірістік және инвестициялық жобалардың жұмыс қарқыны сараланды
Қоғам

Өндірістік және инвестициялық жобалардың жұмыс қарқыны сараланды

Қала күнінде Қызылордалықтар қоныс тойын тойлады
Қоғам

Қала күнінде Қызылордалықтар қоныс тойын тойлады

Қызылордада қала күніне арналған мерекелік концерт өтті
Мәдениет

Қызылордада қала күніне арналған мерекелік концерт өтті

Пікір қалдыру Отменить ответ

Сіздің email жарияланбайды. Толтыруға міндетті жолдар * ретінде белгіленген

No Result
View All Result

Басты жаңалықтар

Қызылордада қала күніне арналған мерекелік концерт өтті

Жалағашта спорттың дүбірі: «Алтын күз — 2026» спартакиадасы басталды

Қызылорда қаласында «Анаға тағзым » ІІІ республикалық форумы өтті

Сыр өңірінің үздік ұстаздарына құрмет корсетілді

Ардагерлер бірқатар нысанды аралады

Қазыналы қарттарға құрмет көрсетілді

Өзекті жаңалықтар

Қазалыда көпқабтты тұрғын үйлердің шатыры жөнделуде
Әлеумет және экономика

Қазалыда көпқабтты тұрғын үйлердің шатыры жөнделуде

0

Бұл жұмыстардың негізгі мақсаты – аудан тұрғындарына жайлы өмір сүру жағдайын жасау, көпқабатты тұрғын үйлердің техникалық жағдайын...

Өндірістік және инвестициялық жобалардың жұмыс қарқыны сараланды

Өндірістік және инвестициялық жобалардың жұмыс қарқыны сараланды

Қала күнінде Қызылордалықтар қоныс тойын тойлады

Қала күнінде Қызылордалықтар қоныс тойын тойлады

Қызылордада қала күніне арналған мерекелік концерт өтті

Қызылордада қала күніне арналған мерекелік концерт өтті

Жалағашта спорттың дүбірі: «Алтын күз — 2026» спартакиадасы басталды

Жалағашта спорттың дүбірі: «Алтын күз — 2026» спартакиадасы басталды

PostScript

«Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің
Ақпарат комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы
КУӘЛІК № KZ17VPY00103707

Соңғы жаңалықтар
  • Қазалыда көпқабтты тұрғын үйлердің шатыры жөнделуде
  • Өндірістік және инвестициялық жобалардың жұмыс қарқыны сараланды
  • Қала күнінде Қызылордалықтар қоныс тойын тойлады
  • Қызылордада қала күніне арналған мерекелік концерт өтті
  • Жалағашта спорттың дүбірі: «Алтын күз — 2026» спартакиадасы басталды
Айдарлар

Бізге хат жолдаңыз

© 2024 PostScript — Қазақстан жаңалықтары ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар қорғалған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі аккаунтқа өтіңіз

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру

Add New Playlist

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Саясат
  • Пікір

© 2024 PostScript - Ақпараттық агенттігі