Кездесу барысында есірткінің адам ағзасына, сана-сезіміне және өмір жолына тигізетін ауыр зардаптары жан-жақты түсіндірілді. Сонымен қатар, заңсыз есірткі айналымының құқықтық салдары мен қоғамға келтірер зияны кеңінен сөз болып, өмірдің ең үлкен байлығы – денсаулық пен дұрыс таңдау екені ерекше айтылды.
Мекеме бастығының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, әділет майоры Мирамбек Ұзақұлының айтуынша, мұндай кездесулер жазасын өтеушілердің өмірлік құндылықтарды қайта бағамдауына мүмкіндік береді.
З.Қонысжан









