• Біз туралы
  • Серіктестер
  • Жарнама
Сәрсенбі, 6 мамыр, 2026
  • Кіру
PostScript
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
PostScript
No Result
View All Result
Home Саясат

Конституциялық реформалар жөніндегі өңірлік актив отырысы өтті

Бүгін облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың төрағалығымен Конституциялық реформалар жөніндегі өңірлік актив отырысы өтті. Оған мәслихат депутаттары, құқық қорғау органдарының, басқармалар мен аумақтық департаменттердің басшылары, қоғамдық кеңестің мүшелері, зиялы қауым, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты, «PostScript.kz» Ақпараттық агенттігі.

02.02.2026
in Саясат
0
491
SHARES
1.4k
VIEWS
Facebook-те бөлісуТелеграммен бөлісуВатсапқа жіберіңіз

Мемлекет басшысының бастамасымен елімізде жаңа Ата Заңның жобасы әзірленді. Осы мақсатта 130 адамнан тұратын Конституциялық комиссия құрылды. Бір аптаға жуық жұмыс жасаған комиссия жеке азаматтардан, саяси партиялардан, қоғамдық ұйымдар мен сарапшылардан түскен ұсыныстарды егжей-тегжейлі талдады.

Ашық қоғамдық талқылаулардың, жаңа нормалар мен ережелерді жан-жақты әрі тиянақты пысықтаудың нәтижесінде Ата заңның жаңа жобасы әзірленіп, бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланды.

Аймақ басшысы жаңа Конституция жобасының маңыздылығына тоқталып, Сыр өңірі жұртшылығын бұл бастамаға жоғары жауапкершілікпен, белсенді атсалысуға шақырды.

— «Мемлекет басшымыз Қасым-Жомарт Кемелұлы 2025 жылғы 8 қыркүйекте халыққа арнаған Жолдауында Қазақстанда бір палаталы Парламент құру жөнінде бастама көтерді. Бұл ұсыныс Конституциялық реформаны жүзеге асыруға негіз болып, Парламенттік реформа жөніндегі арнайы Жұмыс тобы құрылды.

Қазан айынан бері еліміздегі саяси партиялардан, сарапшылардан, саяси-қоғамдық институттардан, үкіметтік емес ұйымдардан, азаматтарымыздан Парламенттік реформаға қатысты ұсыныстар  жинақталды.

Мемлекет басшымыз Сыр өңірінде өткен Ұлттық құрылтайдың қорытынды бесінші отырысында Жұмыс тобының ұсыныстарын негізге ала отырып, Қазақстанның алдағы саяси бағыт-бағдарын айқындап берді.

Президентіміз Құрылтайда еліміздегі бұған дейінгі ауқымды саяси реформаларының жалғасы ретінде Конституциялық реформаға қатысты өз ұстанымдарын жеткізді. Ел тарихындағы маңызды шешімдерді ұсынды.

Жаңа Ата Заңның жобасындағы бірқатар баптар мен бөлімдердің мазмұны тұтас конституциялық моделді айтарлықтай жаңғыртуға, саяси-қоғамдық институттарды жетілдіруге, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау тетіктерін күшейтуге негіз болады. Бұл – ел тарихындағы маңызды әрі тағдырлы қадам болмақ», – деді Н.Нәлібаев.

Жиында ҚР Парламенті Сенатының жанындағы Сенаторлар кеңесінің мүшесі, Қызылорда облысының құрметті азаматтары Бекмырза Қайыпұлы мен Мұрат Бақтиярұлы, облыс прокуроры Ризабек Кәрімұлы, облыстық мәслихаттың төрағасы, Конституциялық комиссияның мүшесі Мұрат Жолкелдіұлы, Қазақстанның Еңбек Ері, Конституциялық комиссияның мүшесі Имамзада Қуанышбайұлы өз ұсыныс-пікірлерін білдірді.

Алдыңғы мақала

Қызылордада облыстық мәслихат төрағасы конституциялық реформаларға арналған кездесу өткізді

Келесі мақала

Көкжөтелдің аймақтағы эпидахуалы тұрақты

Оқи отырыңыз

Қызылордада көпқабатты тұрғын үй пайдалануға берілді
Қоғам

Қызылордада көпқабатты тұрғын үй пайдалануға берілді

Ұлттық ғылым академиясының көшпелі отырысы өтті
Әлеумет және экономика

Ұлттық ғылым академиясының көшпелі отырысы өтті

Жаңақорғанда құқықбұзушылықтардың алдын алу мақсатында түнгі рейд ұйымдастарылып жатыр
Құқық

Жаңақорғанда құқықбұзушылықтардың алдын алу мақсатында түнгі рейд ұйымдастарылып жатыр

Жалағаш ауданының әкімі Ардақ Ибраимов «Ақтерек» сауықтыру лагерінің жаңа маусымға дайындығымен танысты
Денсаулық

Жалағаш ауданының әкімі Ардақ Ибраимов «Ақтерек» сауықтыру лагерінің жаңа маусымға дайындығымен танысты

Пікір қалдыру Отменить ответ

Сіздің email жарияланбайды. Толтыруға міндетті жолдар * ретінде белгіленген

No Result
View All Result

Басты жаңалықтар

Жалағаш ауданының әкімі Ардақ Ибраимов «Ақтерек» сауықтыру лагерінің жаңа маусымға дайындығымен танысты

Мақпалкөл ауылдық округының әкімі сайланды

Жылу беру маусымының қорытындысы және алдағы міндеттер талқыланды

Нұрлыбек Нәлібаев жаңа лауазымға тағайындалды

Арал: газ құю бекеті қарқынды қолға алынуды

Арал ауданында оқушылар сарайының құрылысы қолға алынды

Өзекті жаңалықтар

Қызылордада көпқабатты тұрғын үй пайдалануға берілді
Қоғам

Қызылордада көпқабатты тұрғын үй пайдалануға берілді

0

«Президент өз Жолдауында: «Елімізде бірыңғай тұрғын үй саясатын әзірлеу қажет. Негізгі қағидат – тұрғындар, әсіресе, әлеуметтік тұрғыдан...

Ұлттық ғылым академиясының көшпелі отырысы өтті

Ұлттық ғылым академиясының көшпелі отырысы өтті

Жаңақорғанда құқықбұзушылықтардың алдын алу мақсатында түнгі рейд ұйымдастарылып жатыр

Жаңақорғанда құқықбұзушылықтардың алдын алу мақсатында түнгі рейд ұйымдастарылып жатыр

Жалағаш ауданының әкімі Ардақ Ибраимов «Ақтерек» сауықтыру лагерінің жаңа маусымға дайындығымен танысты

Жалағаш ауданының әкімі Ардақ Ибраимов «Ақтерек» сауықтыру лагерінің жаңа маусымға дайындығымен танысты

Мақпалкөл ауылдық округының әкімі сайланды

Мақпалкөл ауылдық округының әкімі сайланды

PostScript

«Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің
Ақпарат комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы
КУӘЛІК № KZ17VPY00103707

Соңғы жаңалықтар
  • Қызылордада көпқабатты тұрғын үй пайдалануға берілді
  • Ұлттық ғылым академиясының көшпелі отырысы өтті
  • Жаңақорғанда құқықбұзушылықтардың алдын алу мақсатында түнгі рейд ұйымдастарылып жатыр
  • Жалағаш ауданының әкімі Ардақ Ибраимов «Ақтерек» сауықтыру лагерінің жаңа маусымға дайындығымен танысты
  • Мақпалкөл ауылдық округының әкімі сайланды
Айдарлар

Бізге хат жолдаңыз

© 2024 PostScript — Қазақстан жаңалықтары ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар қорғалған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі аккаунтқа өтіңіз

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру

Add New Playlist

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Саясат
  • Пікір

© 2024 PostScript - Ақпараттық агенттігі