• Біз туралы
  • Серіктестер
  • Жарнама
Сенбі, 21 наурыз, 2026
  • Кіру
PostScript
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
PostScript
No Result
View All Result
Home Оқиғалар

«Көп нәрсені жасырып отыр». Шекара қызметінде жүрген қызылордалық сарбаз көз жұмды

 Алматы облысындағы шекара қызметіне небәрі бір апта бұрын Отан алдындағы борышын өтеуге келген сарбаз көз жұмды. Ұлттық қауіпсіздік комитетіндегілер бастапқыда болжам бойынша жас жауынгердің өліміне миының қабынуы себеп деген. Бірақ кейін сараптама нәтижесінде басқа диагноз қойылды. Бұл марқұмның жақындарының күдігін одан сайын күшейтті. Өйткені жігіт шекара шебіне сап-сау кеткен еді деп хабарлайды "PostScript.kz" ақпараттық агенттігі.

06.10.2025
in Оқиғалар, Құқық
0
503
SHARES
1.4k
VIEWS
Facebook-те бөлісуТелеграммен бөлісуВатсапқа жіберіңіз

Пойызға шығарып салып жатқан сәті.
Бұл – осыдан бір апта бұрын Нұрасыл Әнуарұлын Қызылорданың вокзалынан туыстарының шығарып салған сәті. Отан алдындағы борышымды өтеймін деп өзі сұранған жігітті әкесі жібергісі келмеген. Өйткені ішіміз бір жамандықты сезгендей болды дейді жақындары.

Бейбіт күнде үйіне табытпен оралған сарбаздың өлімі әулеттің қабырғасын қайыстырды. Әкесі марқұм ұлым бір күн бұрын ғана телефон арқылы сөйлескенде денсаулығына шағым айтпаған еді дейді. Бірақ ертесі күні қаралы хабарды естейді. Сондықтан жақындары барлық медициналық тексеруден өтіп, әскерге сап-сау аттанған жас жігіттің ауырып көз жұмды дегеніне күмәнмен қарайды.

-Кеше военкоматтан келгендер бәрі айтты. Балаңызды танимын, бәрі денсаулығы жақсы деді. Енді мынау ғой енді, денсаулығы жақсы адам бір күнде менингит болып өліп қалады деген қайдағы бір нелерді қойып жатыр. Анау камераны көрейік, құлаған жерін десе, көрсетпеді. Жасырып отыр. Енді 9-да түн емес, камера қосылып тұр ғой, — дейді  ӘНУАР ҚЫДЫРӘЛИЕВ, НҰРАСЫЛ ӘНУАРҰЛЫНЫҢ ӘКЕСІ
Яғни марқұмның жақындары Нұрасылдың соңғы демі шығар сәтте не болғанын өз көздерімен көргісі келеді. Оның үстіне әскери бөлімдегілер мәйітті бізден бірнеше сағат бойы жасырды деп ашынады. Ал ұлттық қауіпсіздік комитетінің өкілдері кеше сарбаздың өліміне мидың қабынуы себеп деп болжам жасаған. Бірақ бүгін сараптамадан соң тыныс жолдарына инфекция түскені белгілі болды деп отыр.

-Ешқандай жарақат алу немесе ұрған-соққан жарақаттар анықталмаған. Бүгінгі сараптамада қойылған алдын ала диагнозы тыныс алу жолдарының инфекциясы. Сол жөнінде қазір тергеу тағайындалды. Қызметтік тексеру жүргізіліп жатыр, —  СЕРІК ТӨЛЕУХАНОВ, АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ШЕКАРА ҚЫЗМЕТІ ДЕПАРТАМЕНТІ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ
Небәрі 18 жасында қайтыс болған кенже ұлымның арманы көп еді дейді әкесі. Нұрасыл әскерден соң құқық қорғау органдарында жұмыс істеймін деп мақсат қойған екен. Енді қапыда қайғыға оранған отбасы тергеудің ашық әрі әділ өтуін талап етеді.
САРБАЗ ӨЛІМІНЕ КҮДІК КӨП

Алдыңғы мақала

“Ойыншыны бөліп алған дұрыс емес”: Бас бапкер Рафаэль Уразбахтин

Келесі мақала

Қазалы ауданының әкімі Әйтеке би кентіндегі әлеуметтік нысандарды аралады

Оқи отырыңыз

Случай в школе
Қоғам

Мектепте қатарластарына балтамен шабуыл жасаған оқушы қамауға алынды

Әкесін ұрып соққан түркістандық 5 жылға сотталды
Құқық

Әкесін ұрып соққан түркістандық 5 жылға сотталды

Жылу, проблема
Қоғам

Жаңа үйден ауру таптық!

Шымкенттік ару “Miss Qazaqstan 2025″ байқауында жеңімпаз атанды
Қоғам

Шымкенттік ару “Miss Qazaqstan 2025″ байқауында жеңімпаз атанды

Пікір қалдыру Отменить ответ

Сіздің email жарияланбайды. Толтыруға міндетті жолдар * ретінде белгіленген

No Result
View All Result

Басты жаңалықтар

Наурызнама: жазасын өтеушілерге көшпелі музей ұйымдастырылды

Киіз үйдегі көрініс: мекеме арулары ұлттық дәстүрді дәріптеді

Жаңақорғанда ұлттық киім күніне орай челлендж ұйымдастырылды

Ұлттық киім күні ұмыт қалмады

«Шаңырақ күні»: «Көңілді старт-2026» отбасылық эстафетасы өтті

Мигрант» жедел-профилактикалық іс-шарасы

Өзекті жаңалықтар

Жаңару күніндегі жасыл бастама
Құқық

Жаңару күніндегі жасыл бастама

0

Осы ретте, ҚАЖ департаментіне қарасты №68 мекемесінде шаруашылық бөліміне қалдырылған жазасын өтеушілер мекеме аумағын абаттандыруға үлес қосып,...

Жаңару күні: Мекеме қызметкерлері 22 түп ағаш отырғызды

Жаңару күні: Мекеме қызметкерлері 22 түп ағаш отырғызды

Наурызнама: татулық тұнған шаңырақ

Наурызнама: татулық тұнған шаңырақ

Наурызнама: жазасын өтеушілерге көшпелі музей ұйымдастырылды

Наурызнама: жазасын өтеушілерге көшпелі музей ұйымдастырылды

Киіз үйдегі көрініс: мекеме арулары ұлттық дәстүрді дәріптеді

Киіз үйдегі көрініс: мекеме арулары ұлттық дәстүрді дәріптеді

PostScript

«Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің
Ақпарат комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы
КУӘЛІК № KZ17VPY00103707

Соңғы жаңалықтар
  • Жаңару күніндегі жасыл бастама
  • Жаңару күні: Мекеме қызметкерлері 22 түп ағаш отырғызды
  • Наурызнама: татулық тұнған шаңырақ
  • Наурызнама: жазасын өтеушілерге көшпелі музей ұйымдастырылды
  • Киіз үйдегі көрініс: мекеме арулары ұлттық дәстүрді дәріптеді
Айдарлар

Бізге хат жолдаңыз

© 2024 PostScript — Қазақстан жаңалықтары ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар қорғалған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі аккаунтқа өтіңіз

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру

Add New Playlist

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Саясат
  • Пікір

© 2024 PostScript - Ақпараттық агенттігі