• Біз туралы
  • Серіктестер
  • Жарнама
Сенбі, 17 қазан, 2026
  • Кіру
PostScript
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
PostScript
No Result
View All Result
Home Экология

Қызылорда қала әкімі жылу орталығының дайындығын тексерді

Қызылорда қаласында алдағы жылыту маусымына дайындық жұмыстары жүйелі түрде жалғасуда. Осыған орай қала әкімі Нұржан Ахатов жылу-электр орталығына арнайы барып, стратегиялық нысанның техникалық дайындығымен танысты. Бұл туралы «PostScript.kz» ақпараттық агенттігі хабарлайды.

26.08.2026
in Экология
0
491
SHARES
1.4k
VIEWS
Facebook-те бөлісуТелеграммен бөлісуВатсапқа жіберіңіз

Жұмыс сапары барысында шаһар басшысы орталықтағы қазандықтардың техникалық жағдайын, инженерлік желілердің жұмыс режимін, жөндеу науқанының орындалу барысын және негізгі жабдықтардың тұрақтылығын бақылады. Сондай-ақ жауапты сала мамандары жылу-электр орталығының өндірістік қуаты, жабдықтардың жүктемесі, жаңғырту жұмыстары мен алдағы жылыту маусымына әзірлік деңгейі туралы жан-жақты баяндама жасады.

Қазіргі таңда нысанда жоспарлы жөндеу жұмыстары бекітілген кестеге сәйкес жүргізілуде. Қазандықтар мен жылу желілерінің сенімді жұмысын қамтамасыз ету, ықтимал ақаулардың алдын алу және тұрғындарды үздіксіз жылумен қамту мақсатында барлық техникалық талаптар кезең-кезеңімен орындалуда.

Аралау барысында қала әкімі дайындық жұмыстарын сапалы әрі мерзімінде аяқтаудың маңыздылығына тоқталды.

«Жылыту маусымына сақадай сай болуымыз қажет. Дайындық жұмыстарын бәсеңдетуге болмайды. Қазірден бастап әлеуметтік нысандардың әзірлік паспорттарын тексеру керек», – деді Нұржан Сәбитұлы.

Сонымен қатар қала басшысы білім беру, денсаулық сақтау және өзге де әлеуметтік маңызы бар мекемелердің қысқы кезеңге толық дайын болуы басты міндет екенін атап өтті. Осы бағытта жауапты мекемелерге нақты тапсырмалар беріліп, барлық жұмыстардың орындалуы тұрақты бақылауда болатынын жеткізді.

Бүгінде жылыту маусымына дайындық үдерісінде цифрландыру жүйесінің мүмкіндіктері де кеңінен пайдаланылуда. Инженерлік желілердің техникалық жай-күйі, жөндеу жұмыстарының орындалу кезеңдері және жабдықтардың жұмыс көрсеткіштері цифрлық мониторинг арқылы қадағаланып, жедел басқару шешімдерін қабылдауға мүмкіндік беруде. Мұндай заманауи тәсілдер коммуналдық инфрақұрылымның сенімділігін арттырып, төтенше жағдайлардың алдын алуға ықпал етеді.

Жалпы Қызылорда қаласы бойынша жылыту маусымына дайындық қарқынды жүргізілуде. Бекітілген жоспарға сәйкес коммуналдық кәсіпорындар мен жауапты мекемелер тұрғындарды алдағы қыс мезгілінде сапалы әрі үздіксіз жылумен қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстарды жүйелі түрде жалғастыруда.

Алдыңғы мақала

Мәжіліс мінберінде әлеуметтік-экономикалық даму мен цифрландыру бағытындағы міндеттер талқыланды

Келесі мақала

Қызылорда облысында жасанды интеллект негізіндегі радиологиялық жүйе іске қосылды

Оқи отырыңыз

Қазалыда көпқабтты тұрғын үйлердің шатыры жөнделуде
Әлеумет және экономика

Қазалыда көпқабтты тұрғын үйлердің шатыры жөнделуде

Өндірістік және инвестициялық жобалардың жұмыс қарқыны сараланды
Қоғам

Өндірістік және инвестициялық жобалардың жұмыс қарқыны сараланды

Қала күнінде Қызылордалықтар қоныс тойын тойлады
Қоғам

Қала күнінде Қызылордалықтар қоныс тойын тойлады

Қызылордада қала күніне арналған мерекелік концерт өтті
Мәдениет

Қызылордада қала күніне арналған мерекелік концерт өтті

Пікір қалдыру Отменить ответ

Сіздің email жарияланбайды. Толтыруға міндетті жолдар * ретінде белгіленген

No Result
View All Result

Басты жаңалықтар

Қызылордада қала күніне арналған мерекелік концерт өтті

Жалағашта спорттың дүбірі: «Алтын күз — 2026» спартакиадасы басталды

Қызылорда қаласында «Анаға тағзым » ІІІ республикалық форумы өтті

Сыр өңірінің үздік ұстаздарына құрмет корсетілді

Ардагерлер бірқатар нысанды аралады

Қазыналы қарттарға құрмет көрсетілді

Өзекті жаңалықтар

Қазалыда көпқабтты тұрғын үйлердің шатыры жөнделуде
Әлеумет және экономика

Қазалыда көпқабтты тұрғын үйлердің шатыры жөнделуде

0

Бұл жұмыстардың негізгі мақсаты – аудан тұрғындарына жайлы өмір сүру жағдайын жасау, көпқабатты тұрғын үйлердің техникалық жағдайын...

Өндірістік және инвестициялық жобалардың жұмыс қарқыны сараланды

Өндірістік және инвестициялық жобалардың жұмыс қарқыны сараланды

Қала күнінде Қызылордалықтар қоныс тойын тойлады

Қала күнінде Қызылордалықтар қоныс тойын тойлады

Қызылордада қала күніне арналған мерекелік концерт өтті

Қызылордада қала күніне арналған мерекелік концерт өтті

Жалағашта спорттың дүбірі: «Алтын күз — 2026» спартакиадасы басталды

Жалағашта спорттың дүбірі: «Алтын күз — 2026» спартакиадасы басталды

PostScript

«Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің
Ақпарат комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы
КУӘЛІК № KZ17VPY00103707

Соңғы жаңалықтар
  • Қазалыда көпқабтты тұрғын үйлердің шатыры жөнделуде
  • Өндірістік және инвестициялық жобалардың жұмыс қарқыны сараланды
  • Қала күнінде Қызылордалықтар қоныс тойын тойлады
  • Қызылордада қала күніне арналған мерекелік концерт өтті
  • Жалағашта спорттың дүбірі: «Алтын күз — 2026» спартакиадасы басталды
Айдарлар

Бізге хат жолдаңыз

© 2024 PostScript — Қазақстан жаңалықтары ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар қорғалған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі аккаунтқа өтіңіз

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру

Add New Playlist

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Саясат
  • Пікір

© 2024 PostScript - Ақпараттық агенттігі