• Біз туралы
  • Серіктестер
  • Жарнама
Жексенбі, 11 қазан, 2026
  • Кіру
PostScript
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
PostScript
No Result
View All Result
Home Денсаулық

Медициналық нысандардың құрылысы қарқынды

Қызылорда қаласында денсаулық сақтау жүйесін дамытуға бағытталған ауқымды жобалар кезең-кезеңімен жүзеге асырылуда. Мемлекет басшысының қолдауымен, Нұрлыбек Машбекұлының бастамасымен қолға алынған маңызды медициналық нысандар құрылысын қаржыландыру мәселесі толық шешімін тапқан. Бұл өңір тұрғындарының сапалы әрі заманауи медициналық қызметке қолжетімділігін арттырады,-деп хабарлайды «PostScript.kz» ақпараттық агенттігі

07.05.2026
in Денсаулық
0
493
SHARES
1.4k
VIEWS
Facebook-те бөлісуТелеграммен бөлісуВатсапқа жіберіңіз

Бүгін Қызылорда қаласының әкімі Нұржан Ахатов медициналық нысандардың құрылыс барысымен танысты.

Сол жағалаудағы 500 орындық жаңа емхана — көпсалалы мекеме. Амбулаториялық-емханалық, диагностикалық және күндізгі стационарлық қызмет көрсетеді. Мұнда жалпы тәжірибелік және акушерлік-гинекологиялық тіркеу, педиатрия, мамандандырылған және шұғыл медициналық көмек, профилактика және мектеп медицинасы бөлімдері қарастырылған. Сонымен қатар 50 төсектік күндізгі стационар, дәріхана, орталық стерилизация бөлімі, кір жуу орны, медициналық қалдықтарды сақтау аймағы, оқу кабинеттері, 50 орындық аудитория, 200 орындық конференц-зал және инженерлік-техникалық инфрақұрылыммен қамтамасыз етіледі.

Бұдан бөлек, Қызылордада бір ауысымда 100 келушіге қызмет көрсететін емханасы бар 300 төсектік көпбейінді аурухана құрылысы жүргізілуде. Заманауи талаптарға сай жобаланған бұл нысан диагностиканың, емдеудің озық технологияларымен жабдықталып, халықаралық стандарттарға сәйкес медициналық қызмет көрсетуді көздейді. Жобаға «Мелиоратор» серіктестігі жауапты. Құрылысына 36 млрд 416 млн теңге қаралған кешен 57 мың шаршы метр аумақта орналасқан, 10 блоктан тұрады. Тарқатып айтсақ, емхана, пансионат, конференц-зал, асхана, физиотерапия, қабылдау, әкімшілік, реанимация, химиотерапия және радиотерапия, операциялық бөлімдер.

Президент саябағы аумағындағы 200 орындық жаңа перинаталдық орталықтың құрылысы да қарқынды жүргізілуде. Оған 48 млрд 500 млн теңге бөлінген. Орталықта ана мен балаға мамандандырылған медициналық көмек көрсетіледі. Қабылдау, стационар, диагностикалық, операциялық, реанимациялық және әкімшілік бөлімдермен қатар, зертхана, ас блогы қарастырылған.

Титов шағын ауданының 40 мыңнан астам тұрғынына қызмет көрсететін №5 қалалық емхана да жаңадан салынуда. Бір ауысымда 400 келушіні қабылдайтын бұл нысанға 9 млрд 823 млн теңге қаралған, жалпы аумағы 9 мың шаршы метр. Емхана заманауи медициналық технологиялармен толық жабдықталады.

 

Алдыңғы мақала

Қала әкімі әлеуметтік нысандардың құрылысымен танысты

Келесі мақала

Қызылорда облысына жаңа әкім тағайындалды

Оқи отырыңыз

Қызылорда қаласында «Анаға тағзым » ІІІ республикалық форумы өтті
Қоғам

Қызылорда қаласында «Анаға тағзым » ІІІ республикалық форумы өтті

Сыр өңірінің үздік ұстаздарына құрмет корсетілді
Білім

Сыр өңірінің үздік ұстаздарына құрмет корсетілді

Ардагерлер бірқатар нысанды аралады
Қоғам

Ардагерлер бірқатар нысанды аралады

Қазыналы қарттарға құрмет көрсетілді
Қоғам

Қазыналы қарттарға құрмет көрсетілді

Пікір қалдыру Отменить ответ

Сіздің email жарияланбайды. Толтыруға міндетті жолдар * ретінде белгіленген

No Result
View All Result

Басты жаңалықтар

Қазыналы қарттарға құрмет көрсетілді

Қызылордада бір аптадағы рейд нәтижесінде 5 мыңға жуық құқық бұзушылықтың жолы кесілді

Қызылорда облысында оқушыларға арналған семинар-тренинг өткізілді

Қазалыда орман тұқымбағының жұмысы таныстырылды

Қызылорда облысында есірткіге қарсы байқау өткізілді

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың басшылығымен соңғы жеті жылда Қазақстанда цифрлық трансформация қарқынды дамып, елдің технологиялық әлеуеті жаңа деңгейге көтерілді.

Өзекті жаңалықтар

Қызылорда қаласында «Анаға тағзым » ІІІ республикалық форумы өтті
Қоғам

Қызылорда қаласында «Анаға тағзым » ІІІ республикалық форумы өтті

0

Оған облыс әкімі Мұрат Ергешбаев, ҚР Президенті жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия төрағасының...

Сыр өңірінің үздік ұстаздарына құрмет корсетілді

Сыр өңірінің үздік ұстаздарына құрмет корсетілді

Ардагерлер бірқатар нысанды аралады

Ардагерлер бірқатар нысанды аралады

Қазыналы қарттарға құрмет көрсетілді

Қазыналы қарттарға құрмет көрсетілді

Қызылордада бір аптадағы рейд нәтижесінде  5 мыңға жуық құқық бұзушылықтың жолы кесілді

Қызылордада бір аптадағы рейд нәтижесінде 5 мыңға жуық құқық бұзушылықтың жолы кесілді

PostScript

«Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің
Ақпарат комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы
КУӘЛІК № KZ17VPY00103707

Соңғы жаңалықтар
  • Қызылорда қаласында «Анаға тағзым » ІІІ республикалық форумы өтті
  • Сыр өңірінің үздік ұстаздарына құрмет корсетілді
  • Ардагерлер бірқатар нысанды аралады
  • Қазыналы қарттарға құрмет көрсетілді
  • Қызылордада бір аптадағы рейд нәтижесінде 5 мыңға жуық құқық бұзушылықтың жолы кесілді
Айдарлар

Бізге хат жолдаңыз

© 2024 PostScript — Қазақстан жаңалықтары ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар қорғалған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі аккаунтқа өтіңіз

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру

Add New Playlist

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Саясат
  • Пікір

© 2024 PostScript - Ақпараттық агенттігі