• Біз туралы
  • Серіктестер
  • Жарнама
Сенбі, 17 қазан, 2026
  • Кіру
PostScript
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
PostScript
No Result
View All Result
Home Қоғам

Қазалыда жаңа Конституциясының арнайы басылымдарын салтанатты түрде табыстау шарасы өтті

Бүгін Қазалы ауданында Қазақстан Республикасының Жаңа Конституциясының арнайы басылымын салтанатты түрде табыстауға арналған шара өтті,-деп хабарлайды «PostScript.kz» ақпараттық агенттігі.

01.07.2026
in Қоғам
0
493
SHARES
1.4k
VIEWS
Facebook-те бөлісуТелеграммен бөлісуВатсапқа жіберіңіз

Руханият орталығында өткен тарихи маңызы айрықша шараға зиялы қауым өкілдері, аудандық мәслихат депутаттары, құқық қорғау органдарының басшылары, үкіметтік емес ұйымдар, этнос өкілдері, жастар мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

Салтанатты жиында сөз алған аудан әкімі Алмасбек Есмаханов барша жиынға қатысуышыларды еліміздің Жаңа Конституциясының ресми түрде өз күшіне енуімен құттықтап, Әділетті Қазақстанды қалыптастыру жолындағы Жаңа Конституцияның маңызына тоқталды.

«Бүгін Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Қазақстанның Жаңа Конституциясының күшіне енуіне орай жасаған үндеуінде «Бұдан былай Конституция күні «Наурызнама» онкүндігімен қатар аталып өтеді. Мұның символдық мәні зор. Конституция күні ел ішінде ғасырлар бойы орныққан көктемгі жаңару дәстүрлерін Ата заңның басты қағидаттарымен тоғыстырады. Біз нағыз Халық Конституциясының мызғымас құқықтық негізіне арқа сүйеп, барлық мақсат-мұраттарымызға міндетті түрде жетеміз. Заң мен Тәртіп, Еңбексүйгіштік пен Өрлеу, Тазалық пен Табиғатты аялау сынды жасампаздық құндылықтарын қоғамда берік орнықтырамыз. Біз бірлігі бекем, біртұтас ұлт ретінде әлемдік өркениеттің шыңын бағындырып, баршаға бірдей мүмкіндік беретін және барлық азаматтың жан-жақты дамуына жол ашатын мемлекетті – Әділетті Қазақстанды құрамыз!» — деді Мемлекет басшысы. Жаңа Конституция мәдениет пен тарихи мұраны сақтау, сөз бостандығы мен шығармашылық еркіндік, отбасы институтын қолдау, дін саласындағы зайырлылық қағидаты, сондай-ақ волонтерлік пен қайырымдылық қызметті дамыту секілді маңызды бағыттарды қамтиды. Бұл өзгерістер азаматтық қоғамның дамуына, құқықтық мәдениеттің нығаюына және ашық диалогтың қалыптасуына ықпал етеді. Жаңа Конституцияның қабылдануы – Қазақстанның жаңа тарихи кезеңге қадам басқанын білдіреді. Бұл – мемлекет пен қоғам арасындағы қатынастың жаңа сапалық деңгейге көтерілуі, саяси жүйенің жаңғыруы және халық үніне құлақ асатын, әділет қағидатына негізделген Әділетті Қазақстанды қалыптастыру жолындағы маңызды қадам. Жаңа Конституцияның идеялық негізінде Мемлекет басшысы айқындаған төрт басты жалпыұлттық қағидат жатыр. Олар – Әділетті Қазақстан, Заң мен тәртіп, Адал азамат және Таза Қазақстан. Бүгін Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасы Құрылтайының сайлауын тағайындау туралы» Жарлыққа қол қойды. Президент Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттарын сайлау 2026 жылғы 23 тамызда өтеді. Жаңа тарихи кезеңде еліміздің одан әрі дамуы әрқайсымыздың жауапкершілігімізге тікелей байланысты. Елдің болашағы – тек мемлекеттің ғана емес, барша азаматтың ортақ ісі. Сондықтан әрқайсымыз өз саламызда адал еңбек етіп, заңды құрметтеп, тәртіпті сақтап, ел бірлігін нығайтуға үлес қосуымыз қажет. Барша Қазалы жұртшылығын алдағы уақытта да Мемлекет басшысының барлық бастамаларын қолдап, тамыз айында өтетін Құрылтай депутаттарын сайлауда белсенділік танытып, елдік іске ауызбіршілікпен атсалысуға шақырамын,» -деді аудан әкімі Алмасбек Әбілқасымұлы.

Шарада аудан прокуроры Мадияр Бекпанов Қазақстан Республикасының Жаңа Конституциясы құқық үстемдігін нығайтып, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғаудың берік кепілі екенін атап өтті. Жаңа Ата Заң әділетті қоғам қалыптастыруға және елдің тұрақты дамуына негіз болатынын жеткізді.

Сондай-ақ «РЗА» АҚ президенті, Қызылорда облысының құрметті азаматы, «Құрмет», «Парасат», І және ІІІ дәрежелі «Барыс» ордендерінің иегері Самұрат Имандосов, аудандық мәслихат төрағасы Ғазиз Әліш, Қазалы ауданының Құрметті азаматы, еңбек ардагері Жаппарберген Жалғасбай сөз сөйлеп, еліміздің жаңа тарихи кезеңге қадам басқанын айтып, Қазақстанның Жаңа Конституциясының күшіне енуімен құттықтады.

Мұнан кейін салтанатты басқосуда Қазақстан Республикасының Жаңа Конституциясының арнайы басылымдары зиялы қауым өкілдеріне, құқық қорғау органдарының басшыларына салтанатты түрде табысталды.

Алдыңғы мақала

ҚР жаңа Конституциясы және білім экономикасына көшу: ғылым мен жоғары білімді дамытудың стратегиялық басымдықтары

Келесі мақала

Сырдарияда жаңа саяси кезең үлкен жауапкершілік жүктейді

Оқи отырыңыз

Қазалыда көпқабтты тұрғын үйлердің шатыры жөнделуде
Әлеумет және экономика

Қазалыда көпқабтты тұрғын үйлердің шатыры жөнделуде

Өндірістік және инвестициялық жобалардың жұмыс қарқыны сараланды
Қоғам

Өндірістік және инвестициялық жобалардың жұмыс қарқыны сараланды

Қала күнінде Қызылордалықтар қоныс тойын тойлады
Қоғам

Қала күнінде Қызылордалықтар қоныс тойын тойлады

Қызылордада қала күніне арналған мерекелік концерт өтті
Мәдениет

Қызылордада қала күніне арналған мерекелік концерт өтті

Пікір қалдыру Отменить ответ

Сіздің email жарияланбайды. Толтыруға міндетті жолдар * ретінде белгіленген

No Result
View All Result

Басты жаңалықтар

Қызылордада қала күніне арналған мерекелік концерт өтті

Жалағашта спорттың дүбірі: «Алтын күз — 2026» спартакиадасы басталды

Қызылорда қаласында «Анаға тағзым » ІІІ республикалық форумы өтті

Сыр өңірінің үздік ұстаздарына құрмет корсетілді

Ардагерлер бірқатар нысанды аралады

Қазыналы қарттарға құрмет көрсетілді

Өзекті жаңалықтар

Қазалыда көпқабтты тұрғын үйлердің шатыры жөнделуде
Әлеумет және экономика

Қазалыда көпқабтты тұрғын үйлердің шатыры жөнделуде

0

Бұл жұмыстардың негізгі мақсаты – аудан тұрғындарына жайлы өмір сүру жағдайын жасау, көпқабатты тұрғын үйлердің техникалық жағдайын...

Өндірістік және инвестициялық жобалардың жұмыс қарқыны сараланды

Өндірістік және инвестициялық жобалардың жұмыс қарқыны сараланды

Қала күнінде Қызылордалықтар қоныс тойын тойлады

Қала күнінде Қызылордалықтар қоныс тойын тойлады

Қызылордада қала күніне арналған мерекелік концерт өтті

Қызылордада қала күніне арналған мерекелік концерт өтті

Жалағашта спорттың дүбірі: «Алтын күз — 2026» спартакиадасы басталды

Жалағашта спорттың дүбірі: «Алтын күз — 2026» спартакиадасы басталды

PostScript

«Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің
Ақпарат комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы
КУӘЛІК № KZ17VPY00103707

Соңғы жаңалықтар
  • Қазалыда көпқабтты тұрғын үйлердің шатыры жөнделуде
  • Өндірістік және инвестициялық жобалардың жұмыс қарқыны сараланды
  • Қала күнінде Қызылордалықтар қоныс тойын тойлады
  • Қызылордада қала күніне арналған мерекелік концерт өтті
  • Жалағашта спорттың дүбірі: «Алтын күз — 2026» спартакиадасы басталды
Айдарлар

Бізге хат жолдаңыз

© 2024 PostScript — Қазақстан жаңалықтары ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар қорғалған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі аккаунтқа өтіңіз

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру

Add New Playlist

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Саясат
  • Пікір

© 2024 PostScript - Ақпараттық агенттігі