Қызылорда қаласында өткен отбасылық жарыстың негізгі мақсаты – мемлекеттік қызметшілер арасында отбасылық құндылықтарды насихаттау, олардың отбасымен уақытты тиімді өткізуіне ықпал ету, мемлекеттік қызметтің мәртебесін арттыру, сондай-ақ дене шынықтыру мен спорт арқылы отбасылық қарым-қатынасты нығайтып, салауатты өмір салтын қалыптастыру болды.
Эстафеталық сайысқа Қазалы ауданының атынан Қазалы ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бас маманы Нұржан Аралбаев отбасы мүшелерімен бірге қатысып, жүлделі II орынды иеленді.
Мемлекеттік қызметшілер күніне орай өткен эстафеталық жарыста жүлделі екінші орын иеленген Аралбаевтар отбасын құттықтай отырып, алдағы уақытта да толағай табыс пен отбасыларына амандық тілейміз.









