• Біз туралы
  • Серіктестер
  • Жарнама
Сенбі, 17 қазан, 2026
  • Кіру
PostScript
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
PostScript
No Result
View All Result
Home Денсаулық

Вирустық гепатит аурушаңдығы төмендеді

Вирустық гепатит – әртүрлі вирустардан туындайтын жұқпалы аурулардың үлкен тобы, бауырдың зақымдануымен сипатталады, бірақ бір-бірінен айтарлықтай ерекшеленеді,- деп хабарлайды “PostScript.kz” ақпараттық агенттігі

13.08.2026
in Денсаулық
0
492
SHARES
1.4k
VIEWS
Facebook-те бөлісуТелеграммен бөлісуВатсапқа жіберіңіз

А және Е гепатиті – вируспен ластанған азық-түлік пен су арқылы және тұрмыстық байланыс кезінде адамнан адамға жұғуы мүмкін. В және С гепатиті – қан арқылы, жыныстық қатынас кезінде және жүктілік кезінде анадан балаға жұғуы ықтимал. В және С вирустық гепатиті құшақтасу, қол алысу, жөтел, түшкіру немесе қоғамдық бассейндерді немесе ұқсас объектілерді рекреациялық пайдалану арқылы берілмейді. D гепатиті – жеке жұқпайды, ол тек В гепатитімен бірге дамиды.

В және С гепатиттері созылмалы түрге ауысып, бауыр циррозына немесе бастапқы бауыр обырына әкеп соғуы мүмкін.
Ағымдағы жыл басынан бері Қызылорда облысында жедел вирусты гепатитті жұқтырудың 9 жағдайы анықталды. Бұл көрсеткіш өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда 4,3 есеге төмен.
Гепатиттің С түрімен 3 дерек тіркелді, А түрі 6 адамнан анықталды, оның басым көпшілігі мектеп оқушылары арасында орын алды – 33,3%, одан кейінгі көрсеткіш мектепке дейінгі ұйымдар тәрбиеленушілері үлесінде — 11%, ұйымдаспаған балалар үлесі — 11%, студенттер арасында 22% және жұмыс жасамайтын тұрғындар арасында 22% анықталды.
Эпидемиологиялық зерттеу көрсеткендей, А вирусты гепатитіне шалдыққандардың басым көпшілігі ауруға қарсы уақытылы вакцина алмаған 14 жасқа дейінгі балалар арасында тіркелді. Сәйкесінше вакцина салдырмағанның салдары аурушаңдықтың өсуіне әкеледі, себебі екпе алмаған бала ауруға өте сезімтал болып келеді, ұжымдық иммунитет төмендеген сайын вирус та күшейіп, әсіресе ұйымдасқан балалар арасында тез тарайды.
Вирустық гепатитке қарсы қарапайым ережелерді сақтай отырып, қауіп-қатерді төмендетуге болады. Ең алдымен, А және В гепатитіне қарсы егілу қажет. В гепатитіне қарсы моноекпе перзентханада және біріктірілген екпе түрінде сәбидің 2, 4 айлығында барлығы 3 рет салынса, А түріне қарсы вакцина 2 жастағы балаға 2 рет жүргізіледі. Облыс бойынша ағымдағы жылға жоспарланған 2 жастағы 9498 бала ВГА1 вакцинасын алды, ВГА2 екпесін 8642 бала алды.
Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау қызметімен В және С гепатитінің алдын алу бағытында донорлық қанды тексеру, стерильдік инъекциялық жабдықтардың қауіпсіздігі үнемі бақыланады. Микроскопиялық мөлшердегі қан ұстарада, тіс щеткасында, тырнақ алатын қайшыда қалып кетуі мүмкін. Бұл заттарды басқалармен ортақ қолданбау керек. Стерильденбеген құралдармен пирсинг және татуировка жасатпаған және жөнсіз жыныстық қатынастан аулақ болған жөн. Сұлулық салондарына, медициналық процедуралар көрсететін клиникаларға барғанда алдымен олардың санитариялық-гигиеналық тазалығына аса мән беріңіз.
А және Е гепатиттерінің алдын алу бағытында сапалы таза су ішіп, көкөністер мен жеміс-жидектерді мұқият жуып, өнімдерді термиялық өңдеуден өткізу қажеттігі жөнінде санитариялық-ағарту, түсіндірме жұмыстары тұрақты жүргізіледі. Қызылорда облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті ауру белгілері байқалған сәтте жедел медициналық көмекке жүгінуге, науқас адамдармен қарым-қатынас жасағанда санитариялық-эпидемиологиялық қағидаларды орындауға, жеке бас гигиенасын сақтап, медициналық тексерулерден уақытылы өтіп тұруға кеңес береді.

Ә. Әбдіқайымова
Қызылорда облысының СЭБД басшы орынбасары

Алдыңғы мақала

Көпбалалы аналарға «Алтын алқа» және «Күміс алқа» табысталды

Келесі мақала

Жастар күні. Гала концерт

Оқи отырыңыз

Қазалыда көпқабтты тұрғын үйлердің шатыры жөнделуде
Әлеумет және экономика

Қазалыда көпқабтты тұрғын үйлердің шатыры жөнделуде

Өндірістік және инвестициялық жобалардың жұмыс қарқыны сараланды
Қоғам

Өндірістік және инвестициялық жобалардың жұмыс қарқыны сараланды

Қала күнінде Қызылордалықтар қоныс тойын тойлады
Қоғам

Қала күнінде Қызылордалықтар қоныс тойын тойлады

Қызылордада қала күніне арналған мерекелік концерт өтті
Мәдениет

Қызылордада қала күніне арналған мерекелік концерт өтті

Пікір қалдыру Отменить ответ

Сіздің email жарияланбайды. Толтыруға міндетті жолдар * ретінде белгіленген

No Result
View All Result

Басты жаңалықтар

Қызылордада қала күніне арналған мерекелік концерт өтті

Жалағашта спорттың дүбірі: «Алтын күз — 2026» спартакиадасы басталды

Қызылорда қаласында «Анаға тағзым » ІІІ республикалық форумы өтті

Сыр өңірінің үздік ұстаздарына құрмет корсетілді

Ардагерлер бірқатар нысанды аралады

Қазыналы қарттарға құрмет көрсетілді

Өзекті жаңалықтар

Қазалыда көпқабтты тұрғын үйлердің шатыры жөнделуде
Әлеумет және экономика

Қазалыда көпқабтты тұрғын үйлердің шатыры жөнделуде

0

Бұл жұмыстардың негізгі мақсаты – аудан тұрғындарына жайлы өмір сүру жағдайын жасау, көпқабатты тұрғын үйлердің техникалық жағдайын...

Өндірістік және инвестициялық жобалардың жұмыс қарқыны сараланды

Өндірістік және инвестициялық жобалардың жұмыс қарқыны сараланды

Қала күнінде Қызылордалықтар қоныс тойын тойлады

Қала күнінде Қызылордалықтар қоныс тойын тойлады

Қызылордада қала күніне арналған мерекелік концерт өтті

Қызылордада қала күніне арналған мерекелік концерт өтті

Жалағашта спорттың дүбірі: «Алтын күз — 2026» спартакиадасы басталды

Жалағашта спорттың дүбірі: «Алтын күз — 2026» спартакиадасы басталды

PostScript

«Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің
Ақпарат комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы
КУӘЛІК № KZ17VPY00103707

Соңғы жаңалықтар
  • Қазалыда көпқабтты тұрғын үйлердің шатыры жөнделуде
  • Өндірістік және инвестициялық жобалардың жұмыс қарқыны сараланды
  • Қала күнінде Қызылордалықтар қоныс тойын тойлады
  • Қызылордада қала күніне арналған мерекелік концерт өтті
  • Жалағашта спорттың дүбірі: «Алтын күз — 2026» спартакиадасы басталды
Айдарлар

Бізге хат жолдаңыз

© 2024 PostScript — Қазақстан жаңалықтары ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар қорғалған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі аккаунтқа өтіңіз

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру

Add New Playlist

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Саясат
  • Пікір

© 2024 PostScript - Ақпараттық агенттігі