• Біз туралы
  • Серіктестер
  • Жарнама
Жұма, 6 наурыз, 2026
  • Кіру
PostScript
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
PostScript
No Result
View All Result
Home Оқиғалар

Жантүршігерлік жол апаты. 7 адам тірідей жанып кеткен

Қарағанды облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты жеті адамның өліміне және тағы бір адамның жарақат алуына себеп болған жол-көлік оқиғасы бойынша айыпталған жүргізушіге қатысты қылмыстық істі қарады,- деп хабарлайды «PostScript.kz» ақпараттық агенттігі.

14.11.2025
in Оқиғалар
0
492
SHARES
1.4k
VIEWS
Facebook-те бөлісуТелеграммен бөлісуВатсапқа жіберіңіз

Іс материалдарына сәйкес, 2025 жылғы 5 шілде күні шамамен сағат 16:00-де Д. есімді жүргізуші Kia Sedona маркалы көлігімен Алматы – Екатеринбург тасжолымен Балқаш бағытына қарай жүрген. 791-шақырым тұсында ол жол белгілерін елемей, ақ түсті Toyota көлігін басып озбақ болып, қарсы бағыттағы жолаққа шыққан.

Осы сәтте ол жүк көліктерінің салмағын өлшейтін жабдық орнатуға арналған шұңқырға түскен. Салдарынан Kia Sedona жолдың екі жағындағы металл қоршауларға соғылып, өртеніп кетті.

Оқиға орнында көліктегі жеті жолаушы көз жұмды. Ал жүргізуші мен тағы бір адам жарақат алып, Шет аудандық ауруханасына жеткізілді. Медициналық сараптама жолаушының орташа ауыр жарақаттар алғанын анықтаған.

Айыпталушының кінәсі өз мойындауы, жәбірленушілер мен куәлардың айғақтары, жол апатының сызбасы, сараптама қорытындылары және басқа да дәлелдермен расталды.

Мемлекеттік айыптаушы соттан Д.-ға бес жыл бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұрады. Жәбірленушілердің бірі қатаңырақ жаза қолдануды талап етсе, қалғандары прокурордың талабын қолдады.

Қорғаушы тарап соттан айыпталушының өкінуін ескеріп, ең төменгі мерзімде жаза тағайындауды сұрады.

Заң бойынша бұл қылмыс үшін 5 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген. Сот айыпталушының кәмелетке толмаған баласы бар екенін, сондай-ақ оның кінәсін мойындап, өкінгенін ескерді,сол сияқты ауырлататын мән-жайлар анықталған жоқ.

Нәтижесінде сот Д.-ға бес жыл бас бостандығынан айыру және жеті жыл мерзімге көлік жүргізу құқығынан айыру жазасын тағайындады. Ол жазасын қауіпсіздігі төмен колонияда өтейді.

Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ.

Azattyq Rýhy.

Алдыңғы мақала

Мұхтар Құл- Мұхаммед Қызылордадағы жаңа нысандармен танысты

Келесі мақала

“Сотталғандардың еңбегін ұйымдастыру, кәсіпкерлерді тарту — өзара тиімді әріптестіктің жаңа бағыты” атты

Оқи отырыңыз

Төзімділікті серік еткен қызметкер
Құқық

Төзімділікті серік еткен қызметкер

Тегеурінді мамандықтың тізгінін ұстаған ару
Құқық

Тегеурінді мамандықтың тізгінін ұстаған ару

Қатал қызметтегі нәзік ару
Құқық

Қатал қызметтегі нәзік ару

Қызылорда облысында есірткіге қарсы эмблема-логотиптер байқауының қорытындысы шықты
Құқық

Қызылорда облысында есірткіге қарсы эмблема-логотиптер байқауының қорытындысы шықты

Пікір қалдыру Отменить ответ

Сіздің email жарияланбайды. Толтыруға міндетті жолдар * ретінде белгіленген

No Result
View All Result

Басты жаңалықтар

Қызылорда облысында есірткіге қарсы эмблема-логотиптер байқауының қорытындысы шықты

Жеке мектеп ғимараттарын облыстық коммуналдық меншікке беру туралы меморандумға қол қойылды

Orda School-дағы сахна сиқыры мен аналардың жадыраған күлкісі

«Заң мен тәртіп» қағидатын өңірлік деңгейде іске асыру мәселесі талқыланды

Ата Заң жобасының негізгі ережелері мен жаңашыл нормалары

Конституциялық реформа контекстіндегі «Заң мен тәртіп» қағидаты

Өзекті жаңалықтар

Төзімділікті серік еткен қызметкер
Құқық

Төзімділікті серік еткен қызметкер

0

Істен ілік, шешімнен шикілік шықпаса шен мен құрметтің қатар келері ақиқат. Сондықтан, мәртебелі мамандықтың маңызын түсінген Гүлсезім...

Тегеурінді мамандықтың тізгінін ұстаған ару

Тегеурінді мамандықтың тізгінін ұстаған ару

Қатал қызметтегі нәзік ару

Қатал қызметтегі нәзік ару

Қызылорда облысында есірткіге қарсы эмблема-логотиптер байқауының қорытындысы шықты

Қызылорда облысында есірткіге қарсы эмблема-логотиптер байқауының қорытындысы шықты

Жеке мектеп ғимараттарын облыстық коммуналдық меншікке беру туралы меморандумға қол қойылды

Жеке мектеп ғимараттарын облыстық коммуналдық меншікке беру туралы меморандумға қол қойылды

PostScript

«Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің
Ақпарат комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы
КУӘЛІК № KZ17VPY00103707

Соңғы жаңалықтар
  • Төзімділікті серік еткен қызметкер
  • Тегеурінді мамандықтың тізгінін ұстаған ару
  • Қатал қызметтегі нәзік ару
  • Қызылорда облысында есірткіге қарсы эмблема-логотиптер байқауының қорытындысы шықты
  • Жеке мектеп ғимараттарын облыстық коммуналдық меншікке беру туралы меморандумға қол қойылды
Айдарлар

Бізге хат жолдаңыз

© 2024 PostScript — Қазақстан жаңалықтары ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар қорғалған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі аккаунтқа өтіңіз

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру

Add New Playlist

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Саясат
  • Пікір

© 2024 PostScript - Ақпараттық агенттігі