• Біз туралы
  • Серіктестер
  • Жарнама
Бейсенбі, 5 қараша, 2026
  • Кіру
PostScript
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
PostScript
No Result
View All Result
Home Саясат

«Заң мен тәртіп» қағидатын өңірлік деңгейде іске асыру мәселесі талқыланды

Бүгін облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев, ҚР Бас прокуратурасы жанындағы Құқық қорғау органдары академиясының ректоры Нұрғалым Әбдіров құқық қорғау органдарының, басқармалардың, жергілікті оқу орындарының басшыларымен, профессорлар және студенттермен, адам және бала құқықтары жөніндегі уәкілдермен кездесті, деп хабарлайды «PostScript.kz» Ақпараттық агенттігі.

02.03.2026
in Саясат
0
495
SHARES
1.4k
VIEWS
Facebook-те бөлісуТелеграммен бөлісуВатсапқа жіберіңіз

Онда «Заң мен тәртіп»қағидатын өңірлік деңгейде нақты іске асыру, құқық қорғау органдарының кәсіби әлеуетін арттыру, ғылым мен практиканың өзара байланысын күшейту мәселелері талқыланды. Нұрлыбек Машбекұлы еліміздің құқық қорғау, заң шығару салаларындағы ауқымды реформаларға тоқталды.

— Мемлекет басшымыз 2026 жылғы 15 наурызда жаңа Конституцияға арналған республикалық референдум өткізу жөнінде Жарлыққа қол қойды.Конституция жобасында Ұлы Даланың мыңжылдық тарихының сабақтастығы сақталып, мемлекеттің унитарлы сипаты мен шекарасына, аумақтық тұтастығына қол сұғуға болмайтыны нақтыланған.Біздің мақсатымыз ортақ, ол – Тәуелсіз еліміздің тұрақтылығын қамтамасыз етіп, халқымыздың өмір сүру сапасын арттыру.

Ал «Заң мен тәртіп» қағидатының Конституция деңгейінде бекітілуі заң үстемдігі мемлекет пен қоғам өмірінің басты құндылығына айналатынын білдіреді.Бұл міндет, ең алдымен, құқық қорғау жүйесінің кәсібилігіне, кадр сапасы мен басқару мәдениетіне тікелей байланысты.

Былтыр 30 желтоқсанда Мемлекет басшымыз «Құқықбұзушылық профилактикасы туралы» заңға қол қойды. Бұл заң құқықбұзушылықтың алдын алуды жазалау шараларынан басым қойып, профилактиканың бірыңғай жүйесін қалыптастырады. Кәмелетке толмағандар арасындағы құқыққа қайшы мінез-құлықтың, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың, әлеуметтік тәуекелдердің алдын алу бойынша кешенді әрі ведомствоаралық жұмысты күшейтуге мүмкіндік береді.

Президентіміздің тапсырмасымен «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы әзірленіп, барлық білім беру ұйымына енгізілді.Бүгінде бағдарлама «Заң мен тәртіп», «Еңбек адамы», «Таза Қазақстан» ұстанымдары аясына жүйеленді.Бұл – болашағына алаңдайтын, ұрпақ тәрбиесін басты құндылық санайтын еліміз үшін айрықша маңызға ие бағыттар», – деді Н. НӘЛІБАЕВ.

Жиында Нұрғалым Әбдіров сөз сөйлеп, академия білікті кадрлар даярлап, құқықтық сауаттылықты арттыруға бағытталған жүйелі жұмыстар жүргізетінін, оның түлектері құқық қорғау жүйесінің кәсіби әлеуетін нығайтып, «Адал азамат» қағидатын іске асыруға белсенді үлес қосатынын айтты.Қызылорда облысының прокуроры Ризабек Ожаров, Қорқыт ата атындағы университетінің ректоры Наурызбай Байқадамов, академияның кафедра меңгерушісі Артур Баймаханов күн тәртібіндегі мәселе бойынша баяндама жасады.

Сөз қорытындысында облыс әкімі барша жұртшылықты алдағы маңызды саяси кезеңде елдік мүдде жолындағы іске жоғары жауапкершілікпен белсенді атсалысуға шақырды.

Жиын соңында аймақ басшысы, ҚР Бас прокуратурасы жанындағы Құқық қорғау органдары академиясының ректоры, облыс прокуроры мен облыстық полиция департаментінің бастығы Қызылорда облысында кәмелетке толмағандардың қатысуымен жасалатын құқықбұзушылықтардың профилактикасы саласындағы ведомствоаралық өзара іс-қимыл туралы келісімге қол қойды.

Алдыңғы мақала

Ата Заң жобасының негізгі ережелері мен жаңашыл нормалары

Келесі мақала

Orda School-дағы сахна сиқыры мен аналардың жадыраған күлкісі

Оқи отырыңыз

Қазалыдағы үш көпірдің құрылысы бақылауда: әкім нысандарды аралап, жұмыс барысын тексерді
Әлеумет және экономика

Қазалыдағы үш көпірдің құрылысы бақылауда: әкім нысандарды аралап, жұмыс барысын тексерді

Қазалыда әлеуметтік сала қызметкерлері марапатталды
Әлеумет және экономика

Қазалыда әлеуметтік сала қызметкерлері марапатталды

Құқықбұзушылықтың алдын алу тетіктері талқыланды
Құқық

Құқықбұзушылықтың алдын алу тетіктері талқыланды

Қызылордада есірткіге қарсы  байқау өткізілді
Құқық

Қызылордада есірткіге қарсы байқау өткізілді

Пікір қалдыру Отменить ответ

Сіздің email жарияланбайды. Толтыруға міндетті жолдар * ретінде белгіленген

No Result
View All Result

Басты жаңалықтар

Қызылордада есірткіге қарсы байқау өткізілді

Қызылорда жастары есірткісіз болашақты мультфильм арқылы насихаттады

Қызылорда облысында «Берік отбасы – есірткіден аулақ!» байқауының жеңімпаздары анықталды

Қазалыда қоғамдық қауіпсіздік пен жасөспірімдер қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында күшейтілген рейд жүргізілді

ЖИ vs журналист. Ақылды технология тілшінің міндетін қаншалықты мінсіз атқарады?

Қазалыда ұлттық мереке ұлықталып, елдік пен бірлікті дәріптеген кеш өтті

Өзекті жаңалықтар

Қазалыдағы үш көпірдің құрылысы бақылауда: әкім нысандарды аралап, жұмыс барысын тексерді
Әлеумет және экономика

Қазалыдағы үш көпірдің құрылысы бақылауда: әкім нысандарды аралап, жұмыс барысын тексерді

0

Алдымен аудан басшысы «Қожабақы – Бекарыстан би» аудандық маңызы бар автомобиль жолының 25-шақырымында орналасқан темірбетон көпірді қайта...

Қазалыда әлеуметтік сала қызметкерлері марапатталды

Қазалыда әлеуметтік сала қызметкерлері марапатталды

Құқықбұзушылықтың алдын алу тетіктері талқыланды

Құқықбұзушылықтың алдын алу тетіктері талқыланды

Қызылордада есірткіге қарсы  байқау өткізілді

Қызылордада есірткіге қарсы байқау өткізілді

Қызылорда жастары есірткісіз болашақты мультфильм арқылы насихаттады

Қызылорда жастары есірткісіз болашақты мультфильм арқылы насихаттады

PostScript

«Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің
Ақпарат комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы
КУӘЛІК № KZ17VPY00103707

Соңғы жаңалықтар
  • Қазалыдағы үш көпірдің құрылысы бақылауда: әкім нысандарды аралап, жұмыс барысын тексерді
  • Қазалыда әлеуметтік сала қызметкерлері марапатталды
  • Құқықбұзушылықтың алдын алу тетіктері талқыланды
  • Қызылордада есірткіге қарсы байқау өткізілді
  • Қызылорда жастары есірткісіз болашақты мультфильм арқылы насихаттады
Айдарлар

Бізге хат жолдаңыз

© 2024 PostScript — Қазақстан жаңалықтары ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар қорғалған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі аккаунтқа өтіңіз

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру

Add New Playlist

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Саясат
  • Пікір

© 2024 PostScript - Ақпараттық агенттігі