• Біз туралы
  • Серіктестер
  • Жарнама
Бейсенбі, 7 мамыр, 2026
  • Кіру
PostScript
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
PostScript
No Result
View All Result
Home Қоғам

Қазалы ауданының әкімі Әйтеке би кентіндегі спорт нысандарының құрылысын көрді

Қазіргі таңда Әйтеке би кентінде бұқаралық спортты дамытып, жастардың бос уақытын тиімді пайдалану мақсатында спорт кешені мен спорт алаңдарының құрылысы қарқынды жүргізілуде,- деп хабарлайды «PostScript.kz» ақпараттық агенттігі

06.05.2026
in Қоғам
0
491
SHARES
1.4k
VIEWS
Facebook-те бөлісуТелеграммен бөлісуВатсапқа жіберіңіз

Бүгін аудан әкімі Алмасбек Есмаханов тиісті сала басшыларымен бірге кент аумағында салынып жатқан спорт нысандарын аралап, құрылыс жұмыстарының сапасын көрді.

Алдымен аудан басшысы мәдени-демалыс кешені аумағындағы спорт кешенінің құрылыс сапасын бақылады. Жалпы құны 643 млн теңгені құрайтын нысанның құрылысын «Болашақ» ЖШС мердігер мекемесі жүргізуде. Қазіргі таңда нысанның шатырын жабу, қасбетін қаптау және ішкі сылақ жұмыстарын жүргізу жұмыстары атқарылуда.

Аудан әкімі құрылыс жұмыстарының сапасына ерекше мән беру қажеттігін атап өтіп, мердігер мекеме басшысына нысанды белгіленген мерзімде аяқтап, ел игілігіне табыстауды тапсырды.

Бұған дейін аудан басшысы Әйтеке би кентіндегі спорт алаңдарының жағдайымен танысып, жаңа нысандар салу және тозығы жеткен алаңдарды жөндеу бойынша нақты тапсырмалар берген болатын. Осыған сәйкес, қазіргі таңда кентте 2 жаңа спорт алаңының құрылысы басталып, тағы 2 спорт алаңына ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілуде.

Аудан әкімі жаңадан бой көтеріп жатқан тұрғын үй аймағындағы А. Әсербаев пен Ж. Құдабаев көшелерінің қиылысында салынып жатқан жаңа спорт алаңын және №276 мектеп жанындағы бой көтерген жаңа спорт алаңдарының құрылысын көрді. Спорт алаңдарын құрылысы бойынша мердігерлерге бірқатар кемшіліктерді атап көрсетіп, қайта қалпына келтіруді және 1 маусымға дейін екі спорт алаңыныңда құрылысын сапалы етіп аяқтауды тапсырды. Ал кент әкіміне жаңа спорт алаңдарын бейнебақылау камераларымен жабдықтап, түнгі жарықпен қамтамасыз ету жөнінде бірқатар тапсырмалар берді.

Алдыңғы мақала

Ұлттық ғылым академиясының көшпелі отырысы өтті

Келесі мақала

Қызылордада көпқабатты тұрғын үй пайдалануға берілді

Оқи отырыңыз

Арал: Отар қорғаушылар күніне орай мерекелік шара өтті
Мәдениет

Арал: Отар қорғаушылар күніне орай мерекелік шара өтті

Қазалы: Гүлдендіру жұмыстары жүргізілуде
Экология

Қазалы: Гүлдендіру жұмыстары жүргізілуде

Алмасбек Есмаханов: Теміржол вокзалы – өңірдің келбетін айқындайтын маңызды нысан
Қоғам

Алмасбек Есмаханов: Теміржол вокзалы – өңірдің келбетін айқындайтын маңызды нысан

Қазалыда егіс даласына алғашқы дән себілді
Әлеумет және экономика

Қазалыда егіс даласына алғашқы дән себілді

Пікір қалдыру Отменить ответ

Сіздің email жарияланбайды. Толтыруға міндетті жолдар * ретінде белгіленген

No Result
View All Result

Басты жаңалықтар

Қазалыда егіс даласына алғашқы дән себілді

Қызылордада көпқабатты тұрғын үй пайдалануға берілді

Қазалы ауданының әкімі Әйтеке би кентіндегі спорт нысандарының құрылысын көрді

Ұлттық ғылым академиясының көшпелі отырысы өтті

Жаңақорғанда құқықбұзушылықтардың алдын алу мақсатында түнгі рейд ұйымдастарылып жатыр

Жалағаш ауданының әкімі Ардақ Ибраимов «Ақтерек» сауықтыру лагерінің жаңа маусымға дайындығымен танысты

Өзекті жаңалықтар

Арал: Отар қорғаушылар күніне орай мерекелік шара өтті
Мәдениет

Арал: Отар қорғаушылар күніне орай мерекелік шара өтті

0

Отан үшін жан берген бабалардың ерлік істерінен сыр шертетін кеште алдымен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы енгізіліп, Гимн...

Қазалы: Гүлдендіру жұмыстары жүргізілуде

Қазалы: Гүлдендіру жұмыстары жүргізілуде

Алмасбек Есмаханов: Теміржол вокзалы – өңірдің келбетін айқындайтын маңызды нысан

Алмасбек Есмаханов: Теміржол вокзалы – өңірдің келбетін айқындайтын маңызды нысан

Қазалыда егіс даласына алғашқы дән себілді

Қазалыда егіс даласына алғашқы дән себілді

Қызылордада көпқабатты тұрғын үй пайдалануға берілді

Қызылордада көпқабатты тұрғын үй пайдалануға берілді

PostScript

«Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің
Ақпарат комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы
КУӘЛІК № KZ17VPY00103707

Соңғы жаңалықтар
  • Арал: Отар қорғаушылар күніне орай мерекелік шара өтті
  • Қазалы: Гүлдендіру жұмыстары жүргізілуде
  • Алмасбек Есмаханов: Теміржол вокзалы – өңірдің келбетін айқындайтын маңызды нысан
  • Қазалыда егіс даласына алғашқы дән себілді
  • Қызылордада көпқабатты тұрғын үй пайдалануға берілді
Айдарлар

Бізге хат жолдаңыз

© 2024 PostScript — Қазақстан жаңалықтары ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар қорғалған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі аккаунтқа өтіңіз

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру

Add New Playlist

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Саясат
  • Пікір

© 2024 PostScript - Ақпараттық агенттігі