• Біз туралы
  • Серіктестер
  • Жарнама
Бейсенбі, 5 қараша, 2026
  • Кіру
PostScript
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
PostScript
No Result
View All Result
Home Мәдениет

Қазалы: Абыройлы еңбек иесін құрметті зейнет демалысына шығарып салды

Бүгін аудан әкімі Алмасбек Есмахановтың төрағалығымен Ә.Тыныбаев атындағы «Қазалы су торабы» өндірістік учаскесінің басшысы Әсербаев Болат Айниетұлын зейнет демалысына шығарып салуға арналған арнайы мәжіліс өтті,- деп хабарлайды «PostScript.kz» ақпараттық агенттігі

05.05.2026
in Мәдениет
0
492
SHARES
1.4k
VIEWS
Facebook-те бөлісуТелеграммен бөлісуВатсапқа жіберіңіз

Жиында аудан басшысы саналы ғұмырын су шаруашылығы саласына арнап, ауданымыздың әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосқан азаматтың еңбегін атап өтіп, көп жылғы адал қызметі мен кәсіби біліктілігі үшін алғысын білдірді.

-Болатбек Айниетұлы еңбек жолын 1985 жылы №86 жылжымалы мехколоннада құрылыс шебері болып бастаған. 1986-1988 жылдары Қазалы аудандық ауыл шаруашылығы басқармасының құрылыс бөлімінде техникалық бақылаушы, 1988-1989 жылдары осы басқармада аға инженер, 1989-1992 жылдары Қызылорда қаласындағы «Сельстрой тресіне» қарасты Қазалы ауданындағы ПМК-06 мекемесінің өндірістік жабдықтау бөлімінің аға инженері, 1992-1994 жылдары аудан әкімінің көмекшісі қызметтерін жауапкершілікпен атқарды. 1994 жылдың маусым айынан бастап осы күнге дейін 30 жылдан астам Ә.Тыныбаев атындағы «Қазалы су торабы» өндірістік учаскесінің басшысы қызметін абыроймен атқарып келді. Болатбек Айниетұлы біліктілігі мен талапшылдығына қоса, қарапайымдылығымен әріптестерінің арасында зор абырой мен беделге ие болып, ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына лайықты үлесін қосты. Болатбек Айниетұлын бүгінгі қуанышты күнімен құттықтай отырып, зор денсаулық, отбасыңызға амандық, ұзақ ғұмыр, қажымас қайрат тілеймін, — деді АЛМАСБЕК ӘБІЛҚАСЫМҰЛЫ.

Салтанатты жиында Болатбек Айниетұлына ауданымыздың ең жоғары марапаты – «Құрмет грамотасы» табысталып, дәстүрге сай шапан жабылды.

Аудандық мәслихат төрағасы Ғазиз Әліш, аудан әкімінің орынбасары Жалғас Сүйеубаев пен Болатбек Айниетұлымен еңбек жолында бірге қызмет жасаған азаматтар сөз сөйлеп, ізгі тілектерін жеткізді.

Кездесу соңында Болатбек Әсербаев мерейлі зейнеткерлік демалысқа шығуына орай арнайы қабылдап, құрмет көрсетіп жатқан аудан әкімі мен азаматтарға шынайы ризашылығын жеткізді.

 

Алдыңғы мақала

Қазалы: Жасөспірімдер қауіпсіздігі басты назарда

Келесі мақала

«Қызылорда электр тарату тораптары компаниясы» АҚ басқарма төрағасы тағайындалды

Оқи отырыңыз

Қазалыдағы үш көпірдің құрылысы бақылауда: әкім нысандарды аралап, жұмыс барысын тексерді
Әлеумет және экономика

Қазалыдағы үш көпірдің құрылысы бақылауда: әкім нысандарды аралап, жұмыс барысын тексерді

Қазалыда әлеуметтік сала қызметкерлері марапатталды
Әлеумет және экономика

Қазалыда әлеуметтік сала қызметкерлері марапатталды

Құқықбұзушылықтың алдын алу тетіктері талқыланды
Құқық

Құқықбұзушылықтың алдын алу тетіктері талқыланды

Қызылордада есірткіге қарсы  байқау өткізілді
Құқық

Қызылордада есірткіге қарсы байқау өткізілді

Пікір қалдыру Отменить ответ

Сіздің email жарияланбайды. Толтыруға міндетті жолдар * ретінде белгіленген

No Result
View All Result

Басты жаңалықтар

Қызылордада есірткіге қарсы байқау өткізілді

Қызылорда жастары есірткісіз болашақты мультфильм арқылы насихаттады

Қызылорда облысында «Берік отбасы – есірткіден аулақ!» байқауының жеңімпаздары анықталды

Қазалыда қоғамдық қауіпсіздік пен жасөспірімдер қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында күшейтілген рейд жүргізілді

ЖИ vs журналист. Ақылды технология тілшінің міндетін қаншалықты мінсіз атқарады?

Қазалыда ұлттық мереке ұлықталып, елдік пен бірлікті дәріптеген кеш өтті

Өзекті жаңалықтар

Қазалыдағы үш көпірдің құрылысы бақылауда: әкім нысандарды аралап, жұмыс барысын тексерді
Әлеумет және экономика

Қазалыдағы үш көпірдің құрылысы бақылауда: әкім нысандарды аралап, жұмыс барысын тексерді

0

Алдымен аудан басшысы «Қожабақы – Бекарыстан би» аудандық маңызы бар автомобиль жолының 25-шақырымында орналасқан темірбетон көпірді қайта...

Қазалыда әлеуметтік сала қызметкерлері марапатталды

Қазалыда әлеуметтік сала қызметкерлері марапатталды

Құқықбұзушылықтың алдын алу тетіктері талқыланды

Құқықбұзушылықтың алдын алу тетіктері талқыланды

Қызылордада есірткіге қарсы  байқау өткізілді

Қызылордада есірткіге қарсы байқау өткізілді

Қызылорда жастары есірткісіз болашақты мультфильм арқылы насихаттады

Қызылорда жастары есірткісіз болашақты мультфильм арқылы насихаттады

PostScript

«Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің
Ақпарат комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы
КУӘЛІК № KZ17VPY00103707

Соңғы жаңалықтар
  • Қазалыдағы үш көпірдің құрылысы бақылауда: әкім нысандарды аралап, жұмыс барысын тексерді
  • Қазалыда әлеуметтік сала қызметкерлері марапатталды
  • Құқықбұзушылықтың алдын алу тетіктері талқыланды
  • Қызылордада есірткіге қарсы байқау өткізілді
  • Қызылорда жастары есірткісіз болашақты мультфильм арқылы насихаттады
Айдарлар

Бізге хат жолдаңыз

© 2024 PostScript — Қазақстан жаңалықтары ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар қорғалған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі аккаунтқа өтіңіз

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру

Add New Playlist

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Саясат
  • Пікір

© 2024 PostScript - Ақпараттық агенттігі