• Біз туралы
  • Серіктестер
  • Жарнама
Бейсенбі, 7 мамыр, 2026
  • Кіру
PostScript
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
PostScript
No Result
View All Result
Home Мәдениет

Арал: Теңіз тағдырымен табысқан тұлға

Бүгін аудандық мәдениет үйінде Социалистік Еңбек Ері, даңқты капитан Төлеген Әлімбетовтің 100 жылдығына арналған «Теңізбен тілдескен, толқынмен бірге өскен» атты еске алу кеші өтті,- деп хабарлайды «postscript.kz» ақпараттық агенттігі

06.05.2026
in Мәдениет
0
491
SHARES
1.4k
VIEWS
Facebook-те бөлісуТелеграммен бөлісуВатсапқа жіберіңіз

Кеш аясында фойеде балықшылар өмірін бейнелейтін фотокөрме, тарихи құжаттар мен архивтік материалдар, сондай-ақ кітап көрмесі көпшілік назарына ұсынылды.

Шара шымылдығы Төлеген Әлімбетовтің өмір жолы мен еңбек ерлігін кеңінен баяндалған театрландырылған прологпен басталды. 1926 жылы Арал өңірінде дүниеге келген ол еңбек жолын ерте бастан, балық шаруашылығында табандылығымен танылып, «Ленинград» кемесінің штурманы ретінде тың бастамаларға жол ашты. Оның кәсіби шеберлігі мен батылдығы балық аулау ісінің дамуына зор үлес қосты.

Тағылымды кеште аудан әкімінің орынбасары Н. Бохаев сөз сөйлеп, жиналған қауымды айтулы мерейтоймен құттықтап, еңселі ердің ел дамуына қосқан өлшеусіз еңбегін ерекше атап өтті. Ол өз сөзінде еңбек адамының бейнесі – бүгінгі ұрпақ үшін мәңгілік үлгі екенін жеткізді.

-«Ерен еңбегі мемлекет тарапынан жоғары бағаланып, 1966 жылы «Ленин» орденімен марапатталып, 1971 жылы Социалистік Еңбек Ері атағына ие болды. Бұл – тек жеке тұлғаның ғана емес, тұтас Арал өңірінің мерейін асырған тарихи жетістік»-деді.

Одан соң сахна төріне аудандық ардагер кеңесінің төрағасы Ә. Әйімбетов шығып, өз естеліктерімен бөлісті. Төлеген Әлімбетовтің адамгершілік болмысы, еңбекке адалдығы мен көшбасшылық қасиеттерін тебіреніспен жеткізді. Оның әрбір сөзі – тұтас бір дәуірдің шежіресіндей әсер қалдырды.

Сондай-ақ, ел ағалары Әлішов Жұбандық, Қожанов Болатбек сөз алып, теңіз төсіндегі еңбек жылдарынан сыр шертіп, бірге өткерген сәттерді жүрекжарды ықыласпен еске алды. Бұл естеліктер кештің рухани мазмұнын тереңдете түсті.

Мәдени бағдарлама аясында теңіз, туған жер және балықшылар тақырыбына арналған ән-күй орындаулары ұсынылып, кеш мазмұнын көркемдік тұрғыда байыта түсті.

Кештің айтулы сәтінің бірі – еңбек ерінің жолын жалғаған ұрпағы Әлімбетов Жадырасын сөз сөйлеуі болды. Ол әке аманатына адалдық, отбасы тәрбиесі мен еңбекке деген құрмет жайлы тағылымды ойларымен бөлісті. Оның жүрекжарды лебізі көрермендерге ерекше әсер сыйлап, кештің маңызын айқындай түсті.

Бүгінгі кеш – еңбек адамына деген құрметтің, тарихи жадымызды жаңғыртудың және жас ұрпаққа өнеге берудің жарқын үлгісі болды.

Алдыңғы мақала

Аудан әкімі түйе сүтінен құрғақ ұнтақ шығаратын зауыт жұмысымен танысты

Келесі мақала

Нұрлыбек Нәлібаев жаңа лауазымға тағайындалды

Оқи отырыңыз

Арал: Отар қорғаушылар күніне орай мерекелік шара өтті
Мәдениет

Арал: Отар қорғаушылар күніне орай мерекелік шара өтті

Қазалы: Гүлдендіру жұмыстары жүргізілуде
Экология

Қазалы: Гүлдендіру жұмыстары жүргізілуде

Алмасбек Есмаханов: Теміржол вокзалы – өңірдің келбетін айқындайтын маңызды нысан
Қоғам

Алмасбек Есмаханов: Теміржол вокзалы – өңірдің келбетін айқындайтын маңызды нысан

Қазалыда егіс даласына алғашқы дән себілді
Әлеумет және экономика

Қазалыда егіс даласына алғашқы дән себілді

Пікір қалдыру Отменить ответ

Сіздің email жарияланбайды. Толтыруға міндетті жолдар * ретінде белгіленген

No Result
View All Result

Басты жаңалықтар

Қазалыда егіс даласына алғашқы дән себілді

Қызылордада көпқабатты тұрғын үй пайдалануға берілді

Қазалы ауданының әкімі Әйтеке би кентіндегі спорт нысандарының құрылысын көрді

Ұлттық ғылым академиясының көшпелі отырысы өтті

Жаңақорғанда құқықбұзушылықтардың алдын алу мақсатында түнгі рейд ұйымдастарылып жатыр

Жалағаш ауданының әкімі Ардақ Ибраимов «Ақтерек» сауықтыру лагерінің жаңа маусымға дайындығымен танысты

Өзекті жаңалықтар

Арал: Отар қорғаушылар күніне орай мерекелік шара өтті
Мәдениет

Арал: Отар қорғаушылар күніне орай мерекелік шара өтті

0

Отан үшін жан берген бабалардың ерлік істерінен сыр шертетін кеште алдымен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы енгізіліп, Гимн...

Қазалы: Гүлдендіру жұмыстары жүргізілуде

Қазалы: Гүлдендіру жұмыстары жүргізілуде

Алмасбек Есмаханов: Теміржол вокзалы – өңірдің келбетін айқындайтын маңызды нысан

Алмасбек Есмаханов: Теміржол вокзалы – өңірдің келбетін айқындайтын маңызды нысан

Қазалыда егіс даласына алғашқы дән себілді

Қазалыда егіс даласына алғашқы дән себілді

Қызылордада көпқабатты тұрғын үй пайдалануға берілді

Қызылордада көпқабатты тұрғын үй пайдалануға берілді

PostScript

«Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің
Ақпарат комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы
КУӘЛІК № KZ17VPY00103707

Соңғы жаңалықтар
  • Арал: Отар қорғаушылар күніне орай мерекелік шара өтті
  • Қазалы: Гүлдендіру жұмыстары жүргізілуде
  • Алмасбек Есмаханов: Теміржол вокзалы – өңірдің келбетін айқындайтын маңызды нысан
  • Қазалыда егіс даласына алғашқы дән себілді
  • Қызылордада көпқабатты тұрғын үй пайдалануға берілді
Айдарлар

Бізге хат жолдаңыз

© 2024 PostScript — Қазақстан жаңалықтары ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар қорғалған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі аккаунтқа өтіңіз

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру

Add New Playlist

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Саясат
  • Пікір

© 2024 PostScript - Ақпараттық агенттігі