• Біз туралы
  • Серіктестер
  • Жарнама
Сәрсенбі, 19 тамыз, 2026
  • Кіру
PostScript
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
PostScript
No Result
View All Result
Home Қоғам

Премьер-министр Олжас Бектенов Қызылорда облысының активіне өңірдің жаңа әкімі Мұрат Ергешбаевты таныстырды

Олжас Бектенов облыс активімен кездесуде Мемлекет басшысының атынан Нұрлыбек Нәлібаевқа өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына және азаматтардың өмір сүру сапасын жақсартуға қосқан елеулі үлесі үшін алғыс білдірді. Жалпы өңірлік өнім көлемі 4 жылда 2 есеге артып, 3,7 трлн теңгеге жетті. Инвестиция тарту, әлеуметтік маңызды инфрақұрылымды салу және жаңғырту, абаттандыру және басқа да салалар бойынша жұмыстар белсенді жүргізілуде,-деп хабарлайды «PostScript.kz» ақпараттық агенттігі

08.05.2026
in Қоғам
0
493
SHARES
1.4k
VIEWS
Facebook-те бөлісуТелеграммен бөлісуВатсапқа жіберіңіз

Премьер-министр облыс активіне өңірдің жаңа әкімі Мұрат Ергешбаевты таныстырып, Президенттің Қызылорда облысы басшылығының алдына бірқатар басым міндет қойғанын атап өтті.

Бұл – бірінші кезекте Мемлекет басшысының бастамасымен елімізді әрі қарай жаңғыртуға бағытталған, халықтың әл-ауқатын жақсарту, экономика салаларын әртараптандыру және цифрландыру, инвестиция тарту, әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту сынды өзге де басым бағыттарға бағдарланған конституциялық реформаны жүзеге асыру.

«Президенттің бастамасымен елімізде маңызды саяси, әлеуметтік-экономикалық реформалар жүргізілуде. «Әділетті Қазақстан» тұжырымдамасының нәтижелі жүзеге асырылуы осы отырған бәрімізге байланысты екенін айтқым келеді.

Мемлекет басшысы Қызылорда облысының дамуын үнемі назарда ұстап келеді. Мақсаттарға қол жеткізу үшін барлық құрылым мен қоғам бірлесіп жұмыс істеуі қажет», — деп атап өтті ОЛЖАС БЕКТЕНОВ.

Сонымен қатар Премьер-министр бірқатар тапсырма берді.

Өңір басшылығы азаматтардың өмір сүру сапасын жақсартуға тікелей әсер ететін маңызды жобалардың тұрақты жұмысын қамтамасыз етуі керек. Президенттің бастамасымен Қызылорда қаласында қуаты 240 МВт болатын жаңа газ ЖЭО-сы салынып, пайдалануға берілді, ол халықтың электр және жылу энергиясына деген сұранысын толығымен жабуға мүмкіндік береді. Ірі энергетикалық жобаға 215 млрд теңге көлемінде инвестиция салынды.

Сонымен қатар Қызылорда қаласы ыстық сумен қамтамасыз етілді, оған республикалық бюджеттен 26 млрд теңгеден астам қаржы бөлінді.

АӨК саласында ауыл шаруашылығы дақылдары көлемін оңтайландыру және су үнемдеу технологияларын енгізу міндеттерінің маңыздылығы атап өтілді.

Кәсіпкерлік белсенділікті қолдау арқылы шағын және орта бизнесті (ШОБ) дамытуға және олардың өңір экономикасындағы үлесін одан әрі арттыруға назар аударылды. Өткен жылдың қорытындысы бойынша бұл көрсеткіш 24,7%-ды құрады.

Сондай-ақ талдау және бюджет қаражатын тиімді жұмсау бойынша тәжірибені жалғастыру қажет. Қызылорда облысында кейінгі 4 жылда әлеуметтік салада 100 млрд теңгеден астам бюджет қаражатының тиімсіз жұмсалуына тосқауыл қойылды. Үнемделген қаржы халықтың өмір сүру сапасын жақсартуға және жаңа инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыруға бағытталды.

Алдыңғы мақала

Телемост: жастарға жол сілтеген жүздесу

Келесі мақала

Қазалы: Шахматшылар турнирде бақ сынады

Оқи отырыңыз

Полиция әзілдерге жол бермейді! Қызылордада пранк жасаймын деп шектен шыққан ер жігітке шара көрілді
Құқық

Полиция әзілдерге жол бермейді! Қызылордада пранк жасаймын деп шектен шыққан ер жігітке шара көрілді

Омбудсмен: Адам құқықтарының басымдығы бүкіл Конституцияның арқауы болып табылады
Құқық

Омбудсмен: Адам құқықтарының басымдығы бүкіл Конституцияның арқауы болып табылады

Қазақстан Республикасының Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеден бастап күшіне енді
Қоғам

Қазақстан Республикасының Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеден бастап күшіне енді

1 шілдеде жаңа Халық Конституциясы ресми түрде заңды күшіне енеді
Құқық

1 шілдеде жаңа Халық Конституциясы ресми түрде заңды күшіне енеді

Пікір қалдыру Отменить ответ

Сіздің email жарияланбайды. Толтыруға міндетті жолдар * ретінде белгіленген

No Result
View All Result

Басты жаңалықтар

Құрылтай сайлауы: елдік мәселелерге бейжай қарамау маңызды!

Абаттандыру және тазалық жұмыстары цифрлық бақылаумен күшейтілуде

Қазалыда «Ауыл аманаты» жобасы арқылы кәсіпкерлерге нақты қолдау көрсетілуде

Жаңа оқу жылында қоғамдық көлік жұмысы күшейтілді

Жастар күні. Гала концерт

Вирустық гепатит аурушаңдығы төмендеді

Өзекті жаңалықтар

Жеке құрам қызметкерлеріне жедел кеңес өткізілді
Құқық

Жеке құрам қызметкерлеріне жедел кеңес өткізілді

0

Кеңеске Қызылорда облысы Полиция департаменті Өзіндік қауіпсіздік басқармасы бастығының орынбасары, полиция полковнигі Жапаров Серік Исақожаұлы және ҚАЖ...

«Заң мен тәртіп» қағидаты аясында Қызылорда теміржол вокзалында ақпараттық-түсіндіру жумыстары жүргізілді

«Заң мен тәртіп» қағидаты аясында Қызылорда теміржол вокзалында ақпараттық-түсіндіру жумыстары жүргізілді

23 тамыз – Құрылтай сайлауына белсенді қатысайық!

23 тамыз – Құрылтай сайлауына белсенді қатысайық!

Құрылтай сайлауы: елдік мәселелерге бейжай қарамау маңызды!

Құрылтай сайлауы: елдік мәселелерге бейжай қарамау маңызды!

Абаттандыру және тазалық жұмыстары цифрлық бақылаумен күшейтілуде

Абаттандыру және тазалық жұмыстары цифрлық бақылаумен күшейтілуде

PostScript

«Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің
Ақпарат комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы
КУӘЛІК № KZ17VPY00103707

Соңғы жаңалықтар
  • Жеке құрам қызметкерлеріне жедел кеңес өткізілді
  • «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында Қызылорда теміржол вокзалында ақпараттық-түсіндіру жумыстары жүргізілді
  • 23 тамыз – Құрылтай сайлауына белсенді қатысайық!
  • Құрылтай сайлауы: елдік мәселелерге бейжай қарамау маңызды!
  • Абаттандыру және тазалық жұмыстары цифрлық бақылаумен күшейтілуде
Айдарлар

Бізге хат жолдаңыз

© 2024 PostScript — Қазақстан жаңалықтары ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар қорғалған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі аккаунтқа өтіңіз

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру

Add New Playlist

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Саясат
  • Пікір

© 2024 PostScript - Ақпараттық агенттігі