• Біз туралы
  • Серіктестер
  • Жарнама
Сейсенбі, 22 қыркүйек, 2026
  • Кіру
PostScript
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
PostScript
No Result
View All Result
Home Қоғам

Ерлік – елге мұра, ұрпаққа ұран

Шиелі кентінде 9 мамыр – Жеңіс күніне орай «Тағзым алаңында» салтанатты шара ұйымдастырылып, ел мен жер үшін жанын қиған боздақтардың рухына тағзым жасалды. Тағылымды іс-шараға тыл және еңбек ардагерлері, Ауған соғысының ардагерлері, мемлекеттік және құқық қорғау органдарының өкілдері, әскери бөлім қызметкерлері, аудан тұрғындары мен қонақтар қатысты, деп хабарлайды «PostScript.kz» ақпараттық агенттігі.

09.05.2026
in Қоғам, Мәдениет
0
493
SHARES
1.4k
VIEWS
Facebook-те бөлісуТелеграммен бөлісуВатсапқа жіберіңіз

Мерекелік шара Ұлы Отан соғысында қаза тапқан жауынгерлерді еске алумен басталып, жиналған қауым майдан даласында ерлікпен қаза тапқан батырлардың рухына құрмет көрсетті. Алаңда патриоттық рух ерекше сезіліп, соғыс жылдарының тарихи маңызы мен Жеңістің құндылығы кеңінен дәріптелді.

Салтанатты жиында сөз сөйлеген аудан әкімі Айтбай Жандарбеков тұрғындарды Ұлы Жеңістің 81 жылдығымен құттықтап, ардагерлерге көрсетілетін құрметтің әрдайым жоғары болуы тиіс екенін атап өтті.

— Жеңіс мерекесі – майдан даласында жанын қиған батырларымыздың ерлігіне, тылдағы тынымсыз еңбек иелерінің қажыр-қайратына тағзым ететін қасиетті күн. Батыр бабаларымыздың ерлігі мен елге деген адалдығы – кейінгі ұрпаққа мәңгілік өнеге. Біз олардың алдында әрдайым қарыздармыз, — деді аудан басшысы.

Сонымен қатар, аудан әкімі өз сөзінде Мемлекет басшысының Жарлығымен Нұрлыбек Машбекұлы Нәлібаевтың Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары қызметіне тағайындалуына тоқталып, бұл ел дамуына зор үлес қосқан тәжірибелі басшыға көрсетілген жоғары сенім екенін жеткізді.

Сондай-ақ Президент Жарлығымен Мұрат Нәлқожаұлы Ергешбаевтың Қызылорда облысының әкімі болып тағайындалуы өңірдің тұрақты дамуы мен сабақтастық саясатының айқын көрінісі екенін атап өтті. Аудан басшысы жаңа басшылықпен бірге Сыр өңірінің әлеуметтік-экономикалық дамуы жаңа деңгейге көтерілетініне сенім білдірді.

Жиын барысында аудан әкімі Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың ардагерлерге қатысты айтқан сөзін де ерекше атап өтті.

— «Біз отандастарымыздың қайтпас қайсарлығы мен қажырлы еңбегін ешқашан ұмытпаймыз. Жанқиярлық пен ерліктің озық үлгісін көрсеткен батырларымыздың есімін әрдайым ұлықтаймыз. Ардагерлерімізге қамқорлық жасап, қолдау білдіреміз», — деген Президент сөзінің маңызы зор, — деді ол.

Салтанатты шара барысында Ұлы Отан соғысында қаза тапқан боздақтарды еске алу мақсатында бір минут үнсіздік жарияланып, ескерткішке гүл шоқтары қойылды. Жиналған жұрт майдангерлер рухына тағзым етіп, ел қорғаған ерлердің есімін құрметпен еске алды.

Мерекелік кеш соңы аудан өнерпаздарының концерттік бағдарламасына ұласты. Өнер иелері патриоттық әндер орындап, соғыс жылдарындағы тарихи туындыларды шырқап, көпшілікке ерекше әсер сыйлады.

Айта кетейік, Екінші дүниежүзілік соғыс жылдары Шиелі ауданынан 6 мыңнан астам азамат майданға аттанып, олардың 4407-сі туған жерге оралмаған. Бүгінде аудан көлемінде 137 майдангердің есімі көшелерге беріліп, батырлардың ерлігі ел жадында мәңгі сақталып келеді. Бұл – ерлікке тағзым мен ұрпақ жадындағы мәңгілік құрметтің айқын белгісі.

@Шиелі ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Алдыңғы мақала

Ұрпаққа ұран болған ұлы жеңіс

Келесі мақала

Тағзым мен құрметке толы кездесу

Оқи отырыңыз

Көтерілген мәселер заң аясында шешіледі
Қоғам

Көтерілген мәселер заң аясында шешіледі

Жолдағы қауіпсіздік – басты талап
Қоғам

Жолдағы қауіпсіздік – басты талап

Қызылорда облысында есірткіге қарсы флешмоб байқауы өтті
Құқық

Қызылорда облысында есірткіге қарсы флешмоб байқауы өтті

«Арал теңізі» теміржол вокзалы пайдалануға берілді
Әлеумет және экономика

«Арал теңізі» теміржол вокзалы пайдалануға берілді

Пікір қалдыру Отменить ответ

Сіздің email жарияланбайды. Толтыруға міндетті жолдар * ретінде белгіленген

No Result
View All Result

Басты жаңалықтар

«Арал теңізі» теміржол вокзалы пайдалануға берілді

Тоғыз жолдың торабындағы маңызды нысан қайта жаңғыртылды

Қызылордада «Таза Қазақстан» жобасы аясында экологиялық сабақтар өтті

«Жастық щағымның куәсі — Қызылорда!» ретро-фестивалі өтті

«Ауыл аманаты»: Қазалыда 255 жоба жүзеге асып, 300-ге жуық жұмыс орны ашылды

«Қызылордада жасалған» жиһаз – цифрлық өндіріс пен отандық брендтің жаңа белгісі

Өзекті жаңалықтар

Көтерілген мәселер заң аясында шешіледі
Қоғам

Көтерілген мәселер заң аясында шешіледі

0

Тасбөгет кентінің тұрғыны Ә.Молдағұлова көшесі бойынан балалар ойын алаңын салу туралы ұсынысын жеткізді. Бүгінде Тасбөгет кентінде 14...

Жолдағы қауіпсіздік – басты талап

Жолдағы қауіпсіздік – басты талап

Қызылорда облысында есірткіге қарсы флешмоб байқауы өтті

Қызылорда облысында есірткіге қарсы флешмоб байқауы өтті

«Арал теңізі» теміржол вокзалы пайдалануға берілді

«Арал теңізі» теміржол вокзалы пайдалануға берілді

Тоғыз жолдың торабындағы маңызды нысан қайта жаңғыртылды

Тоғыз жолдың торабындағы маңызды нысан қайта жаңғыртылды

PostScript

«Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің
Ақпарат комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы
КУӘЛІК № KZ17VPY00103707

Соңғы жаңалықтар
  • Көтерілген мәселер заң аясында шешіледі
  • Жолдағы қауіпсіздік – басты талап
  • Қызылорда облысында есірткіге қарсы флешмоб байқауы өтті
  • «Арал теңізі» теміржол вокзалы пайдалануға берілді
  • Тоғыз жолдың торабындағы маңызды нысан қайта жаңғыртылды
Айдарлар

Бізге хат жолдаңыз

© 2024 PostScript — Қазақстан жаңалықтары ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар қорғалған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі аккаунтқа өтіңіз

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру

Add New Playlist

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Саясат
  • Пікір

© 2024 PostScript - Ақпараттық агенттігі