• Біз туралы
  • Серіктестер
  • Жарнама
Жұма, 25 қыркүйек, 2026
  • Кіру
PostScript
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
PostScript
No Result
View All Result
Home Мәдениет

Арал: Жырымен жүректе қалған сағынай

Бүгін Арал аудандық мәдениет үйінде ақын, мәдениет жанашыры Сағынай Дәріғұлұлын еске алуға арналған «Сағындырған Сағынай» атты рухани-әдеби кеш өтті ,-деп хабарлайды «PostScript.kz» ақпараттық агенттігі.

08.05.2026
in Мәдениет
0
492
SHARES
1.4k
VIEWS
Facebook-те бөлісуТелеграммен бөлісуВатсапқа жіберіңіз

Ақынның 75 жылдығына орай ұйымдастырылған тағылымды шараға аудан зиялылары, мәдениет және өнер саласының өкілдері, ақын-жазушылар, ардагерлер, туған-туыстары мен аудан тұрғындары қатысты.

Кеште әсерлі прологпен ашылып, ақынның өмір жолы мен шығармашылық мұрасы туралы тағылымды ойлар айтылды. Жүргізушілер Сағынай Ешекеновтің туған жер руханиятына қосқан үлесі мен өнерге адал болмысын тебіреніспен жеткізді.

Шара барысында Арал ауданы әкімінің орынбасары Нұрмұхаммед Омарұлы Бохаев сөз сөйлеп, ақынның ел мәдениеті мен руханиятындағы орнына тоқталды. Ол өз сөзінде Сағынай Ешекеновтің ақындық қырымен қатар, ұйымдастырушылық қабілеті мен елге деген жанашырлығы кейінгі ұрпаққа үлгі екенін атап өтті.

— Сағынай Дәріғұлұлы — туған жерінің рухани дамуына өлшеусіз үлес қосқан азамат. Ол өнер мен мәдениетті өркендетуге, жастардың шығармашылыққа бет бұруына айрықша еңбек сіңірді. Оның артында қалған жырлары мен өнегелі істері халық жадында мәңгі сақталады. Осындай тұлғаның мерейтойын тағылымды кешпен атап өту — кейінгі буынның рухани сабақтастығын айқындайтын маңызды қадам, — деді аудан әкімінің орынбасары.

Кеш аясында ақынның өмірі мен шығармашылығынан сыр шертетін «Отыз екі көктем» атты кітабының тұсаукесер рәсімі өтті. Бұл еңбек — ақынның терең сезімге толы жырларын, тағдырлы толғаныстарын бүгінгі оқырманмен қайта қауыштырған рухани мұра ретінде бағаланды.

Сонымен қатар ақынның сөзіне жазылған әндер орындалып, көркем жырлары оқылды. Әсіресе, ақынның туған-туыстары мен немерелерінің қатысуымен орындалған шығармалар кештің мазмұнын тереңдете түсті.

Кеш барысында ұйымдастырылған «Сағындырған Сағынай» атты облыстық жазба ақындар мүшайрасының жеңімпаздары марапатталып, сөз өнеріне құрмет көрсетілді.

Тағылымды шарада ақынмен бірге қызмет еткен замандастары, зиялы қауым өкілдері мен ардагерлер естелік айтып, оның адамгершілік болмысы, өнерге деген адалдығы және елге сіңірген еңбегі туралы жылы лебіздерін білдірді.

Кеш соңында ақын әулеті атынан кітаптың жарық көруіне қолдау білдірген азаматтарға алғыс айтылып, Сағынай Ешекеновтің рухани мұрасын ұлықтауға үлес қосқан жандарға ризашылық білдірілді.

«Сағындырған Сағынай» кеші — ақын рухына тағзым етіп қана қоймай, ұлттық руханиятты дәріптеген, ұрпақ сабақтастығын айшықтаған мазмұнды мәдени шара ретінде көпшілік көңілінен шықты

Алдыңғы мақала

Қазалы: Шахматшылар турнирде бақ сынады

Келесі мақала

Арал: Өнегелі өмір, өрелі жыр алыбы

Оқи отырыңыз

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың басшылығымен соңғы жеті жылда Қазақстанда цифрлық трансформация қарқынды дамып, елдің технологиялық әлеуеті жаңа деңгейге көтерілді.
Әлеумет және экономика

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың басшылығымен соңғы жеті жылда Қазақстанда цифрлық трансформация қарқынды дамып, елдің технологиялық әлеуеті жаңа деңгейге көтерілді.

Кітап FEST – руханият пен поэзия тоғысқан кеш
Мәдениет

Кітап FEST – руханият пен поэзия тоғысқан кеш

Қызылорда қаласын аяқсумен қамту жүйесін дамыту және инфроқұрылымды цифрлық басқару мәселелері талқыланды
Қоғам

Қызылорда қаласын аяқсумен қамту жүйесін дамыту және инфроқұрылымды цифрлық басқару мәселелері талқыланды

Қызылорда облысында синтетикалық есірткінің алдын алу бойынша семинар өтті
Құқық

Қызылорда облысында синтетикалық есірткінің алдын алу бойынша семинар өтті

Пікір қалдыру Отменить ответ

Сіздің email жарияланбайды. Толтыруға міндетті жолдар * ретінде белгіленген

No Result
View All Result

Басты жаңалықтар

Қызылорда облысында синтетикалық есірткінің алдын алу бойынша семинар өтті

Каспийдегі оқу-жаттығу кезінде 9 әскери қызметші қаза тапты

Кәсіпкерлікті дамыту және инвестициялық жобаларды іске асыру мәселелері талқыланды

Қызылордада ерекше балалары бар ата-аналардың бастамасы қолдау тапты

Президент: «Таза Қазақстан» – жалпыұлттық сипатқа ие болған бастама, сонымен қатар, бұл – халқымыздың саналы таңдауы.

Көтерілген мәселер заң аясында шешіледі

Өзекті жаңалықтар

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың басшылығымен соңғы жеті жылда Қазақстанда цифрлық трансформация қарқынды дамып, елдің технологиялық әлеуеті жаңа деңгейге көтерілді.
Әлеумет және экономика

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың басшылығымен соңғы жеті жылда Қазақстанда цифрлық трансформация қарқынды дамып, елдің технологиялық әлеуеті жаңа деңгейге көтерілді.

0

2019–2026 жылдар аралығындағы негізгі нәтижелер: ▪️ Электрондық үкімет. Қазақстан БҰҰ-ның 193 мемлекет арасындағы электрондық үкіметті дамыту индексінде...

Кітап FEST – руханият пен поэзия тоғысқан кеш

Кітап FEST – руханият пен поэзия тоғысқан кеш

Қызылорда қаласын аяқсумен қамту жүйесін дамыту және инфроқұрылымды цифрлық басқару мәселелері талқыланды

Қызылорда қаласын аяқсумен қамту жүйесін дамыту және инфроқұрылымды цифрлық басқару мәселелері талқыланды

Қызылорда облысында синтетикалық есірткінің алдын алу бойынша семинар өтті

Қызылорда облысында синтетикалық есірткінің алдын алу бойынша семинар өтті

Каспийдегі оқу-жаттығу кезінде 9 әскери қызметші қаза тапты

Каспийдегі оқу-жаттығу кезінде 9 әскери қызметші қаза тапты

PostScript

«Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің
Ақпарат комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы
КУӘЛІК № KZ17VPY00103707

Соңғы жаңалықтар
  • Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың басшылығымен соңғы жеті жылда Қазақстанда цифрлық трансформация қарқынды дамып, елдің технологиялық әлеуеті жаңа деңгейге көтерілді.
  • Кітап FEST – руханият пен поэзия тоғысқан кеш
  • Қызылорда қаласын аяқсумен қамту жүйесін дамыту және инфроқұрылымды цифрлық басқару мәселелері талқыланды
  • Қызылорда облысында синтетикалық есірткінің алдын алу бойынша семинар өтті
  • Каспийдегі оқу-жаттығу кезінде 9 әскери қызметші қаза тапты
Айдарлар

Бізге хат жолдаңыз

© 2024 PostScript — Қазақстан жаңалықтары ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар қорғалған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі аккаунтқа өтіңіз

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру

Add New Playlist

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Саясат
  • Пікір

© 2024 PostScript - Ақпараттық агенттігі