• Біз туралы
  • Серіктестер
  • Жарнама
Сенбі, 8 тамыз, 2026
  • Кіру
PostScript
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
PostScript
No Result
View All Result
Home Мәдениет

Арал: Жырымен жүректе қалған сағынай

Бүгін Арал аудандық мәдениет үйінде ақын, мәдениет жанашыры Сағынай Дәріғұлұлын еске алуға арналған «Сағындырған Сағынай» атты рухани-әдеби кеш өтті ,-деп хабарлайды «PostScript.kz» ақпараттық агенттігі.

10.05.2026
in Мәдениет
0
492
SHARES
1.4k
VIEWS
Facebook-те бөлісуТелеграммен бөлісуВатсапқа жіберіңіз

Ақынның 75 жылдығына орай ұйымдастырылған тағылымды шараға аудан зиялылары, мәдениет және өнер саласының өкілдері, ақын-жазушылар, ардагерлер, туған-туыстары мен аудан тұрғындары қатысты.

Кеште әсерлі прологпен ашылып, ақынның өмір жолы мен шығармашылық мұрасы туралы тағылымды ойлар айтылды. Жүргізушілер Сағынай Ешекеновтің туған жер руханиятына қосқан үлесі мен өнерге адал болмысын тебіреніспен жеткізді.

Шара барысында Арал ауданы әкімінің орынбасары Нұрмұхаммед Омарұлы Бохаев сөз сөйлеп, ақынның ел мәдениеті мен руханиятындағы орнына тоқталды. Ол өз сөзінде Сағынай Ешекеновтің ақындық қырымен қатар, ұйымдастырушылық қабілеті мен елге деген жанашырлығы кейінгі ұрпаққа үлгі екенін атап өтті.

— Сағынай Дәріғұлұлы — туған жерінің рухани дамуына өлшеусіз үлес қосқан азамат. Ол өнер мен мәдениетті өркендетуге, жастардың шығармашылыққа бет бұруына айрықша еңбек сіңірді. Оның артында қалған жырлары мен өнегелі істері халық жадында мәңгі сақталады. Осындай тұлғаның мерейтойын тағылымды кешпен атап өту — кейінгі буынның рухани сабақтастығын айқындайтын маңызды қадам, — деді аудан әкімінің орынбасары.

Кеш аясында ақынның өмірі мен шығармашылығынан сыр шертетін «Отыз екі көктем» атты кітабының тұсаукесер рәсімі өтті. Бұл еңбек — ақынның терең сезімге толы жырларын, тағдырлы толғаныстарын бүгінгі оқырманмен қайта қауыштырған рухани мұра ретінде бағаланды.

Сонымен қатар ақынның сөзіне жазылған әндер орындалып, көркем жырлары оқылды. Әсіресе, ақынның туған-туыстары мен немерелерінің қатысуымен орындалған шығармалар кештің мазмұнын тереңдете түсті.

Кеш барысында ұйымдастырылған «Сағындырған Сағынай» атты облыстық жазба ақындар мүшайрасының жеңімпаздары марапатталып, сөз өнеріне құрмет көрсетілді.

Тағылымды шарада ақынмен бірге қызмет еткен замандастары, зиялы қауым өкілдері мен ардагерлер естелік айтып, оның адамгершілік болмысы, өнерге деген адалдығы және елге сіңірген еңбегі туралы жылы лебіздерін білдірді.

Кеш соңында ақын әулеті атынан кітаптың жарық көруіне қолдау білдірген азаматтарға алғыс айтылып, Сағынай Ешекеновтің рухани мұрасын ұлықтауға үлес қосқан жандарға ризашылық білдірілді.

«Сағындырған Сағынай» кеші — ақын рухына тағзым етіп қана қоймай, ұлттық руханиятты дәріптеген, ұрпақ сабақтастығын айшықтаған мазмұнды мәдени шара ретінде көпшілік көңілінен шықты

Алдыңғы мақала

Қазалы: Шахматшылар турнирде бақ сынады

Келесі мақала

Арал: Өнегелі өмір, өрелі жыр алыбы

Оқи отырыңыз

Құрылтай — қоғамдық диалогтың маңызды алаңы
Қоғам

Құрылтай — қоғамдық диалогтың маңызды алаңы

Құрылтай сайлауы — азаматтық жауапкершіліктің көрінісі
Құқық

Құрылтай сайлауы — азаматтық жауапкершіліктің көрінісі

Жазасын өтеушілерге психологиялық терапия өткізілді
Құқық

Жазасын өтеушілерге психологиялық терапия өткізілді

Аудан әкімі белгілі теолог Нұрлан Байжігітұлымен кездесті
Мәдениет

Аудан әкімі белгілі теолог Нұрлан Байжігітұлымен кездесті

Пікір қалдыру Отменить ответ

Сіздің email жарияланбайды. Толтыруға міндетті жолдар * ретінде белгіленген

No Result
View All Result

Басты жаңалықтар

Аудан әкімі белгілі теолог Нұрлан Байжігітұлымен кездесті

«Ұлттық нақыш – заманауи панно» атты шеберлік сағаты өтті

Жергілікті тауар өндірушілерді қолдау шаралары күшейтілуде

Қызылорда қаласының жаңа прокуроры қала активіне таныстырылды

Қызылордадағы ҚАЖ мекемесінде тәлімгерлер кеңесінің отырысы өтті

Қазалыда теміржолшылардың кәсіби мерекесі аталып өтті

Өзекті жаңалықтар

Құрылтай — қоғамдық диалогтың маңызды алаңы
Қоғам

Құрылтай — қоғамдық диалогтың маңызды алаңы

0

Қоғамның дамуы тек мемлекеттік органдардың жұмысына ғана байланысты емес. Әрбір азаматтың белсенділігі, өзекті мәселелерге қатысты пікірі және...

Құрылтай сайлауы — азаматтық жауапкершіліктің көрінісі

Құрылтай сайлауы — азаматтық жауапкершіліктің көрінісі

Жазасын өтеушілерге психологиялық терапия өткізілді

Жазасын өтеушілерге психологиялық терапия өткізілді

Аудан әкімі белгілі теолог Нұрлан Байжігітұлымен кездесті

Аудан әкімі белгілі теолог Нұрлан Байжігітұлымен кездесті

«Ұлттық нақыш – заманауи панно» атты шеберлік сағаты өтті

«Ұлттық нақыш – заманауи панно» атты шеберлік сағаты өтті

PostScript

«Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің
Ақпарат комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы
КУӘЛІК № KZ17VPY00103707

Соңғы жаңалықтар
  • Құрылтай — қоғамдық диалогтың маңызды алаңы
  • Құрылтай сайлауы — азаматтық жауапкершіліктің көрінісі
  • Жазасын өтеушілерге психологиялық терапия өткізілді
  • Аудан әкімі белгілі теолог Нұрлан Байжігітұлымен кездесті
  • «Ұлттық нақыш – заманауи панно» атты шеберлік сағаты өтті
Айдарлар

Бізге хат жолдаңыз

© 2024 PostScript — Қазақстан жаңалықтары ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар қорғалған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі аккаунтқа өтіңіз

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру

Add New Playlist

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Саясат
  • Пікір

© 2024 PostScript - Ақпараттық агенттігі