• Біз туралы
  • Серіктестер
  • Жарнама
Сәрсенбі, 13 мамыр, 2026
  • Кіру
PostScript
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
PostScript
No Result
View All Result
Home Денсаулық

Шиеліде мейіргерлер куніне орай мерекелік шара өтті

Шиелі ауданында Халықаралық мейіргерлер күніне орай мерекелік шара ұйымдастырылып, адам жанының арашасы болып жүрген ақ халатты абзал жандарға құрмет көрсетілді. Бұдабай Қабылұлы атындағы аудандық мәдениет үйінде өткен тағылымды шараға аудан әкімінің орынбасары Болатбек Ысмағұлов қатысып, денсаулық сақтау саласының қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтады, деп хабарлайды «PostScript.kz» ақпараттық агенттігі.

13.05.2026
in Денсаулық
0
491
SHARES
1.4k
VIEWS
Facebook-те бөлісуТелеграммен бөлісуВатсапқа жіберіңіз

Шара барысында сөз алған аудан әкімінің орынбасары мейіргер мамандығының қоғамдағы орны ерекше екенін атап өтіп, олардың адам өмірін сақтаудағы адал еңбегі мен жауапкершілігіне жоғары баға берді.

— “Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз Халықаралық мейіргерлер күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Медицина — адам өміріне тікелей араша болатын аса жауапты әрі қастерлі сала. Ал осы саланың алдыңғы шебінде еңбек етіп жүрген мейіргерлер қауымы мейірім мен жанашырлықтың, төзім мен жауапкершіліктің үлгісі.

Ауырған жанның жанарындағы үмітті, ананың алғысын, баланың күлкісін көру сіздердің ерен еңбектеріңіздің шынайы жемісі. Сіздер күн демей, түн демей ел саулығы жолында аянбай еңбек етіп келесіздер. Жылы сөздеріңіз бен жанашырлыққа толы қамқорлықтарыңыз — науқас жандарға үлкен демеу.

Сіздердің адам өмірін сақтаудағы қажырлы қызметтеріңізге шынайы алғыс білдіреміз. Еңбектеріңіз әрдайым еленіп, мерейлеріңіз үстем болсын!” – деді аудан әкімінің орынбасары.

Бүгінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың қолдауымен елімізде денсаулық сақтау саласын дамыту бағытында жүйелі жұмыстар жүзеге асырылуда. Осы игі бастамалардың нәтижесінде ауданымызда да ауқымды жобалар қолға алынып, ел игілігіне табысталуда.

Атап айтқанда, Талаптан, Ақтоған, Қарғалы, Ортақшыл, Алмалы, Телікөл, Тартоғай және Бестам ауылдық округтерінде жаңа дәрігерлік амбулаториялар салынып, халыққа сапалы медициналық қызмет көрсетуге мүмкіндік жасалды.

Сонымен қатар, 255 млн теңге қаржыға күрделі жөндеуден өткен «Болашақ» дәрігерлік амбулаториясы толық жаңғыртылып, пайдалануға берілді.

Бұдан бөлек, мемлекетке қайтарылған активтер есебінен құны 2 млрд 323 млн теңге болатын 30 төсектік жұқпалы аурулар бөлімшесі салынып, аудан тұрғындарының игілігіне қызмет етуде.

Аудандық аурухана жанынан 733 млн теңгеге қосымша ғимарат бой көтеріп, оның ішіне құны 650 млн теңге болатын заманауи магниттік-резонанстық томография (МРТ) аппараты орнатылды. Бұл өз кезегінде тұрғындардың сапалы диагностикаға қолжетімділігін арттырып отыр.

Соңғы жылдары ауданның денсаулық сақтау саласын нығайту мақсатында 27 жедел жәрдем көлігі сатып алынып, ел игілігіне табысталды. Сондай-ақ, «Гежуба Шиелі Цемент» ЖШС демеушілігімен екі жыл қатарынан аудандық ауруханаға жаңа жедел жәрдем көліктері сыйға берілді.

Мерекелік шара барысында ауданның денсаулық сақтау саласының дамуына сүбелі үлес қосып жүрген бірқатар мейіргерлер аудан әкімінің «Алғыс хатымен» марапатталды.

Кеш соңында аудан өнерпаздары медицина қызметкерлеріне арнап арнайы концерттік бағдарлама ұсынып, мерекелік кештің сәнін келтірді. Әсем ән мен көтеріңкі көңіл-күйге толы шара ақ халатты абзал жандарға ерекше құрмет пен ыстық ықыластың көрінісіне айналды.

 

@Шиелі ауданы әкімінің баспасөз қызметі.

Алдыңғы мақала

Аймақ басшысы «Harvest Agro» ЖШС директорымен кездесті

Келесі мақала

Жаңақорған ауданында еркін және әйелдер күресінен республикалық турнир басталды

Оқи отырыңыз

«Таза Қазақстан» бағдарламасының жүзеге асырылу барысы қаралды
Экология

«Таза Қазақстан» бағдарламасының жүзеге асырылу барысы қаралды

Президент саябағындағы инфрақұрылымдық жобалар таныстырылды
Қоғам

Президент саябағындағы инфрақұрылымдық жобалар таныстырылды

Жаңақорған ауданында еркін және әйелдер күресінен республикалық турнир басталды
Спорт

Жаңақорған ауданында еркін және әйелдер күресінен республикалық турнир басталды

Аймақ басшысы «Harvest Agro» ЖШС директорымен кездесті
Қоғам

Аймақ басшысы «Harvest Agro» ЖШС директорымен кездесті

Пікір қалдыру Отменить ответ

Сіздің email жарияланбайды. Толтыруға міндетті жолдар * ретінде белгіленген

No Result
View All Result

Басты жаңалықтар

Шиеліде мейіргерлер куніне орай мерекелік шара өтті

Аймақ басшысы «Harvest Agro» ЖШС директорымен кездесті

Шиелі аудан әкімі Айтбай Жандарбеков тұрғындарды жеке маселелері бойынша қабылдады

Шиеліде қайта әлеуметтендіруге бағытталған әлеуметтік жоба өтті

Шиеліде діни-ағартушылық бағыттағы кездесу өтті

Көктемгі дала жұмыстарының барысы талқылынды

Өзекті жаңалықтар

«Таза Қазақстан» бағдарламасының жүзеге асырылу барысы қаралды
Экология

«Таза Қазақстан» бағдарламасының жүзеге асырылу барысы қаралды

0

Аймақтағы «Таза Қазақстан» бағдарламасының бағыты санитарлық тазалыққа, абаттандыру және тұрғындарға қолайлы өмір сүру ортасын қалыптастыруға негізделген. Бюджеттен...

Президент саябағындағы инфрақұрылымдық жобалар таныстырылды

Президент саябағындағы инфрақұрылымдық жобалар таныстырылды

Жаңақорған ауданында еркін және әйелдер күресінен республикалық турнир басталды

Жаңақорған ауданында еркін және әйелдер күресінен республикалық турнир басталды

Шиеліде мейіргерлер куніне орай мерекелік шара өтті

Шиеліде мейіргерлер куніне орай мерекелік шара өтті

Аймақ басшысы «Harvest Agro» ЖШС директорымен кездесті

Аймақ басшысы «Harvest Agro» ЖШС директорымен кездесті

PostScript

«Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің
Ақпарат комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы
КУӘЛІК № KZ17VPY00103707

Соңғы жаңалықтар
  • «Таза Қазақстан» бағдарламасының жүзеге асырылу барысы қаралды
  • Президент саябағындағы инфрақұрылымдық жобалар таныстырылды
  • Жаңақорған ауданында еркін және әйелдер күресінен республикалық турнир басталды
  • Шиеліде мейіргерлер куніне орай мерекелік шара өтті
  • Аймақ басшысы «Harvest Agro» ЖШС директорымен кездесті
Айдарлар

Бізге хат жолдаңыз

© 2024 PostScript — Қазақстан жаңалықтары ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар қорғалған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі аккаунтқа өтіңіз

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру

Add New Playlist

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Саясат
  • Пікір

© 2024 PostScript - Ақпараттық агенттігі