• Біз туралы
  • Серіктестер
  • Жарнама
Жексенбі, 26 шілде, 2026
  • Кіру
PostScript
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
PostScript
No Result
View All Result
Home Мәдениет

Қазалыда «Ұлттың ұйытқысы — ана» атты кездесу кеші өтті

Елімізде мамыр айының екінші жексенбісі - Аналар күні мерекесі болып белгіленіп, ресми мереке ретінде аталып өтіліп келеді,-деп хабарлайды «PostScript.kz» ақпараттық агенттігі

13.05.2026
in Мәдениет
0
493
SHARES
1.4k
VIEWS
Facebook-те бөлісуТелеграммен бөлісуВатсапқа жіберіңіз

Бүгін «Руханият» орталығында аудан әкімі Алмасбек Есмахановтың қатысуымен «Ұлттың ұйытқысы — ана» атты кездесу кеші өтті. Тағылымы мол басқосуға ардақты аналар, алтын құрсақты батыр аналар, қыз-келіншектер, түрлі салада еңбек етіп жүрген нәзік жандылар мен қоғам белсенділері қатысты.

Кездесуде аудан басшысы ең алдымен барша аналарды Аналар күні мерекесімен және алда келе жатқан Халықаралық отбасы күнімен құттықтап, ананың қоғамдағы орны, отбасы құндылығы мен ұлттық тәрбиедегі рөлі туралы кеңінен сөз қозғады.

— Ұлы дала кеңістігінде өздерін кемел көшбасшы, ақылды ел билеуші, көрнекті қайраткер, ержүрек батыр ретінде танытқан аналар аз емес. Барша қазақтың ортақ мақтанышы, сұлулық пен ерліктің, ізеттілік пен өрліктің символына айналған Тұмар ханым, Зарина патшайым, Гүлбаршын, Домалақ ана, Құртқа, Айғаным мен Зеренің, ел басына қиын кезеңдерде кеудесін оққа байлаған Бопай ханым, Әлия, Мәншүк, Хиуаздың, ерен еңбектің үлгісі Сәлима Жұмабекова, Шырынкүл Қазанбаева, Зәкира Ержановалардың есімдері тарих беттерінде алтын әріптермен жазылып қалды. Сұлулық пен ерліктің символына айналған Бегім ана есімі – ғасырлар қойнауынан жеткен аңыз болып тарихта қалды. Ал несібесін жерден теріп, маңдай терімен елге үлгі болған Социалистік Еңбек Ері – Көлжан Оразалиева апамыз – ерен еңбектің, табандылық пен төзімділіктің үлгісі. Сол секілді Қазалы топырағынан түлеп ұшып, ұлт руханиятын, өнерін, мәдениетін әлемге танытқан дара дарындар – Роза Бағланова мен Мәдина Ералиева сынды майталман тұлғаларымыздың Қазалы тарихындағы орны ерекше.

Бүгінгі мереке аясында ұйымдастырылған келелі кездесу сұлулық пен ізгіліктің бейнесі саналып, тұтас еліміздің дамуына ұйытқы болар қазақтың Анасы мен ұлттық отбасылық құндылықтардың дамуына өз үлесін тигізеді деп ойлаймын. Барша аяулы аналарымызды бүгінгі мерекемен құттықтай отырып, шаңырақтарыңызға бақ-береке, жылы жүздеріңізге әрдайым қуаныш, дендеріңізге саулық тілеймін, — деді аудан әкімі Алмасбек Әбілқасымұлы.

Шара аясында ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосып жүрген еңбекқор аналар мен қыз-келіншектерге құрмет көрсетілді. Мерекелік шарада барша аналар қауымына аудан әкімінің мерекелік құттықтауы мен арнайы сый-сияпаттары және көпбалалы аналарға «Алтын алқа» мен «Күміс алқа» табысталды.

Мерекелік басқосуда аудандық мәслихат төрағасы Ғазиз Әліш мерекеге орай ізгі тілегін жеткізсе, аналар қауымы өзара пікір алмасып, отбасы құндылықтары, ұрпақ тәрбиесі, қоғамдағы әйелдердің рөлі жөнінде ой бөлісіп, мерекелік лебіздерін арнады.

Мерекелік кеште аудан өнерпаздары аяулы жандарға арнап, әсем әннен шашу шашып, ерекше көңіл-күй сыйлады.

Алдыңғы мақала

Таза Қазақстан: Қазалыда санитарлық тазалық, абаттандыру жұмыстары ұйымдастырылуда

Келесі мақала

«Таза Қазақстан» бағдарламасының жүзеге асырылу барысы қаралды

Оқи отырыңыз

Ардақты азаматтың есімі ұлықталды
Әлеумет және экономика

Ардақты азаматтың есімі ұлықталды

Егін шаруашылығының мәселелері талқыланды
Әлеумет және экономика

Егін шаруашылығының мәселелері талқыланды

Бірқатар саладағы ынтымақтастық туралы келісімді іске асырудың жол картасына қол қойылды
Әлеумет және экономика

Бірқатар саладағы ынтымақтастық туралы келісімді іске асырудың жол картасына қол қойылды

Құқық

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған «Креативті бейсенбі» шарасы өтті

Пікір қалдыру Отменить ответ

Сіздің email жарияланбайды. Толтыруға міндетті жолдар * ретінде белгіленген

No Result
View All Result

Басты жаңалықтар

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған «Креативті бейсенбі» шарасы өтті

Жауапты маусымға дайындық барысы талқыланды

Қызылорда облысындағы Ақжарма елді мекені табиғи газға қосылды

Сырдарияда «Алаш ақиықтары» атты танымдық шара өтті

«KAYSAR ARENA» стадионы ресми түрде ең жоғары IV санатқа ие болды

Жалағаш ауданында өндірістік жобалар – эконмикалық өсудің негізгі қозғаушы күші

Өзекті жаңалықтар

Ардақты азаматтың есімі ұлықталды
Әлеумет және экономика

Ардақты азаматтың есімі ұлықталды

0

Оған облыс әкімі Мұрат Ергешбаев, облыстық мәслихат төрағасы Мұрат Тлеумбетов, облыстық қоғамдық кеңестің төрағасы, Қорқыт ата атындағы...

Егін шаруашылығының мәселелері талқыланды

Егін шаруашылығының мәселелері талқыланды

Бірқатар саладағы ынтымақтастық туралы келісімді іске асырудың жол картасына қол қойылды

Бірқатар саладағы ынтымақтастық туралы келісімді іске асырудың жол картасына қол қойылды

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған «Креативті бейсенбі» шарасы өтті

Жауапты маусымға дайындық барысы талқыланды

Жауапты маусымға дайындық барысы талқыланды

PostScript

«Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің
Ақпарат комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы
КУӘЛІК № KZ17VPY00103707

Соңғы жаңалықтар
  • Ардақты азаматтың есімі ұлықталды
  • Егін шаруашылығының мәселелері талқыланды
  • Бірқатар саладағы ынтымақтастық туралы келісімді іске асырудың жол картасына қол қойылды
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған «Креативті бейсенбі» шарасы өтті
  • Жауапты маусымға дайындық барысы талқыланды
Айдарлар

Бізге хат жолдаңыз

© 2024 PostScript — Қазақстан жаңалықтары ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар қорғалған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі аккаунтқа өтіңіз

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру

Add New Playlist

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Саясат
  • Пікір

© 2024 PostScript - Ақпараттық агенттігі