• Біз туралы
  • Серіктестер
  • Жарнама
Жексенбі, 20 қыркүйек, 2026
  • Кіру
PostScript
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
PostScript
No Result
View All Result
Home Әлеумет және экономика

Қазалы: әкім аудандағы тұқымбақтардың жұмысымен танысты

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлының Арал теңізінің құрғаған ұлтанындағы 1 млн. 100 мың гектар жерге бес жыл ішінде сексеуіл егу тапсырмасы жоспарға сәйкес орындалуда,-деп хабарлайды «PostScript.kz» ақпараттық агенттігі.

14.05.2026
in Әлеумет және экономика
0
493
SHARES
1.4k
VIEWS
Facebook-те бөлісуТелеграммен бөлісуВатсапқа жіберіңіз

Бүгінде өңірде сексеуіл көшеттерін дайындау үшін орман шаруашылығы мекемелерінде уақытша тұқымбақ ұйымдастырылған. Одан бөлек, Дүниежүзілік банктің қаржыландыруымен 2024 жылы Қазалы ауданында 441 млн. теңгеге аумағы 33,5 гектар тұқымбақ салынып, пайдалануға берілген болатын.

Бүгін ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті төрағасының орынбасары Мақсат Елемесов Арал теңізінің құрғаған ұлтанында жүргізіліп жатқан орман-мелиорациялық шаралардың жүзеге асу барысын көру және сексеуіл көшеттерін егу жұмыстарымен танысу мақсатында өңірге жұмыс сапарымен келді.

Мақсат Мұратұлы өңірге жасаған жұмыс сапарын Қазалы ауданындағы сексеуіл көшеттерін егумен айналысатын тұқымбақтардың жұмысымен танысуымен бастады.

Ауданға келген жұмысшы топ өкілдері аудан әкімі Алмасбек Есмахановпен бірге алдымен Қазалы қаласындағы «Республикалық орман селекциялық тұқым өсіру орталығы» РМҚК Оңтүстік-батыс аймақ филиалының және Қазалы орман мекемесінің тұрақты тұқымбақтарының жұмысымен танысты.

«Республикалық орман селекциялық тұқым өсіру орталығы» РМҚК Оңтүстік-батыс аймақ филиалы 2011 жылы пайдалануға берілген. Мұнда таулы аймақтарда өсетін айлант, катальпа, туя секілді сәндік 10 түрлі ағаш көшеттері жерсіндірілсе, ал жеміс ағаштарынан 5 түрлі ағаш көшеттері өсірілуде. Арал теңізінің құрғаған табанына отырғызылатын сексеуіл көшеттері де осы жерде дайындалады. Мәселен, өткен жылдың күзінде 3,33 гектар аумаққа сексеуіл тұқымы себілген. Қазіргі таңда сексеуілдің шығымдылығы жақсы. 3,33 гектар жерден 1 миллионнан астам дана сексеуіл өсіп тұр. Биыл күзде тұқымбақта 5 гектар жерге сексеуіл көшетін егу жоспарланып отыр.

Қазалы ауданында 2024 жылы Дүниежүзілік банк қаржысы есебінен 33,5 гектар аумаққа жаңа тұқымбақ салынды. Жобаның жалпы құны 440,7 млн теңгені құраса, арнайы техникалар сатып алуға қосымша 179 млн теңге бөлінген. Мұнда сексеуіл және өзге де ағаш көшеттері өсіріліп, Арал теңізінің құрғаған ұлтанындағы орман-мелиорациялық жұмыстарға пайдаланылуда. Көшеттерді суаруда арнайы технологиялар қолданылуда.

Тұқымбақ аумағындағы 10 гектар жерге күз айларында сексеуіл тұқымы себіліп, көктемде 3 миллион дана сексеуіл көшеттері жиналып, Арал теңізінің құрғаған ұлтанына отырғызылады. Сондай-ақ мұнда сәндік ағаштар мен жеміс ағаштары жыл сайын тұрақты егіліп отырады. Қазіргі таңда аталған тұқымбақта жергілікті жерден 45 адам жұмыспен қамтылған.

Ауданға келген арнайы топтың жұмыс сапары кезінде Қызылорда облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Ғалымжан Еркебай, Қызылорда облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының басшысы Марат Нұрмағамбетов, «Республикалық орман селекциялық тұқым өсіру орталығы» РМҚК бас директоры Әліби Ғазиз және Ә.Н. Бөкейхан атындағы Қазақ орман шаруашылығы және агроорманмелиорация ғылыми-зерттеу институты облыстық филиалының директоры Самалбек Қосанов бірге жүрді.

Алдыңғы мақала

Арал спортшылары аудан мерейін үстем етті

Келесі мақала

Адал ұстанымға ортақ ұмтылыс

Оқи отырыңыз

«Арал теңізі» теміржол вокзалы пайдалануға берілді
Әлеумет және экономика

«Арал теңізі» теміржол вокзалы пайдалануға берілді

Тоғыз жолдың торабындағы маңызды нысан қайта жаңғыртылды
Әлеумет және экономика

Тоғыз жолдың торабындағы маңызды нысан қайта жаңғыртылды

Қызылордада «Таза Қазақстан» жобасы аясында экологиялық сабақтар өтті
Экология

Қызылордада «Таза Қазақстан» жобасы аясында экологиялық сабақтар өтті

«Жастық щағымның куәсі — Қызылорда!» ретро-фестивалі өтті
Өнер

«Жастық щағымның куәсі — Қызылорда!» ретро-фестивалі өтті

Пікір қалдыру Отменить ответ

Сіздің email жарияланбайды. Толтыруға міндетті жолдар * ретінде белгіленген

No Result
View All Result

Басты жаңалықтар

«Жастық щағымның куәсі — Қызылорда!» ретро-фестивалі өтті

«Ауыл аманаты»: Қазалыда 255 жоба жүзеге асып, 300-ге жуық жұмыс орны ашылды

«Қызылордада жасалған» жиһаз – цифрлық өндіріс пен отандық брендтің жаңа белгісі

Жаңа жылу электр орталығы – ел игілігіне

Әлеуметтік нысандардың жылу беру маусымына дайындығы қандай?

Терроризмге қарсы комиссия отырысы өтті

Өзекті жаңалықтар

«Арал теңізі» теміржол вокзалы пайдалануға берілді
Әлеумет және экономика

«Арал теңізі» теміржол вокзалы пайдалануға берілді

0

Вокзал Мемлекет басшысының теміржол инфрақұрылымын жаңғырту тапсырмасы аясында жаңа келбетке ие болды. Бүгінде еліміздегі 124 вокзалда жөндеу...

Тоғыз жолдың торабындағы маңызды нысан қайта жаңғыртылды

Тоғыз жолдың торабындағы маңызды нысан қайта жаңғыртылды

Қызылордада «Таза Қазақстан» жобасы аясында экологиялық сабақтар өтті

Қызылордада «Таза Қазақстан» жобасы аясында экологиялық сабақтар өтті

«Жастық щағымның куәсі — Қызылорда!» ретро-фестивалі өтті

«Жастық щағымның куәсі — Қызылорда!» ретро-фестивалі өтті

«Ауыл аманаты»: Қазалыда 255 жоба жүзеге асып, 300-ге жуық жұмыс орны ашылды

«Ауыл аманаты»: Қазалыда 255 жоба жүзеге асып, 300-ге жуық жұмыс орны ашылды

PostScript

«Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің
Ақпарат комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы
КУӘЛІК № KZ17VPY00103707

Соңғы жаңалықтар
  • «Арал теңізі» теміржол вокзалы пайдалануға берілді
  • Тоғыз жолдың торабындағы маңызды нысан қайта жаңғыртылды
  • Қызылордада «Таза Қазақстан» жобасы аясында экологиялық сабақтар өтті
  • «Жастық щағымның куәсі — Қызылорда!» ретро-фестивалі өтті
  • «Ауыл аманаты»: Қазалыда 255 жоба жүзеге асып, 300-ге жуық жұмыс орны ашылды
Айдарлар

Бізге хат жолдаңыз

© 2024 PostScript — Қазақстан жаңалықтары ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар қорғалған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі аккаунтқа өтіңіз

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру

Add New Playlist

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Саясат
  • Пікір

© 2024 PostScript - Ақпараттық агенттігі