• Біз туралы
  • Серіктестер
  • Жарнама
Бейсенбі, 5 қараша, 2026
  • Кіру
PostScript
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
PostScript
No Result
View All Result
Home Спорт

Қазалы ауданында «Нұрдәулет» боулинг орталығы ашылды

Бүгін аудан орталығында жаңа кәсіпкерлік нысан – «Нұрдәулет» боулинг орталығының ашылу рәсімі өтті,-деп хабарлайды «PostScript.kz» ақпараттық агенттігі.

18.05.2026
in Спорт
0
494
SHARES
1.4k
VIEWS
Facebook-те бөлісуТелеграммен бөлісуВатсапқа жіберіңіз

Жаңа нысанның ашылу рәсімінде аудан әкімі Алмасбек Есмаханов құттықтау сөз сөйлеп, аудандағы кәсіпкерлік саласында атқарылып жатқан игі жұмыстар жайында айтып өтті.

-Бүгінде өңірімізде Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаевтың ерекше қолдауымен кәсіпкерлік саласы қарқынды дамып келеді. Қазыналы Қазалы ауданында да өңірге көрсетілген қолдаудың нәтижесінде кәсіпкерлік саласы бойынша жоғары көрсеткіштерге қол жеткізуде. Өткен жылы ауданда тамақтану орындары, мейрамханалар, сауда орындары, көлік жуу орны сынды жаңадан 32 кәсіпкерлік нысан бой көтеріп, онда 80-ге жуық адам жұмыспен қамтылған. Ал биылғы жылы 5 кәсіпкерлік нысан ашылып, 20-ға жуық адам жұмыспен қамтылды. Өздеріңіз білесіздер, бұған дейін ауданымызда жаңа кәсіпкерлік мақсаттағы нысан — Қонақ үй ғимараты, «Мұқаш ата» сауда үйі, «Ривера» тамақтану орны, «Ақбота» кондитерлік өнімдері, «Ербол» тіс емханасы сынды ірі кәсіпкерлік нысандар пайдалануға берілсе, бүгін міне, тағы бір жаңа нысан ел игілігіне табысталуда. Осындай заманауи, жаңа кәсіпкерлік нысан ашып, ел игілігіне ұсынып отырған кәсіп иесі – Самат Серікұлына алғысымды білдіреміз. Еңбектеріңіз жана берсін! Істеріңіз ілгерілеп, кәсіптеріңізден береке табыңыздар, — деді аудан әкімі АЛМАСБЕК ӘБІЛҚАСЫМҰЛЫ.

Жиында жаңа кәсіп иесі Самат Қуанышқа аудандағы шағын және орта кәсіпкерлік саласының дамуына қосқан үлесі үшін аудан әкімінің «Алғыс хаты» табысталды.

Мұнан соң сөз алған кәсіпкердің әкесі Майлыбай Серік жиналған жұртшылыққа ризашылығын білдіріп, ел игілігі жолындағы жұмыстарға сәттілік тіледі.

Салтанатты рәсімде аудан әкімі мен қонақтар жаңа орталықтың лентасын қиып, нысанның жұмысымен танысты. Қонақтар боулинг орталығындағы заманауи жабдықтар мен келушілерге жасалған жағдайларды көрді.

Айта кетейік, жалпы құны 60 млн теңгені құрайтын «Нұрдәулет» боулинг орталығы жеке кәсіпкер Самат Серікұлының жеке қаражаты есебінен салынған. Заманауи ойын-сауық орталығы бір мезетте 70-ке жуық адамға қызмет көрсетуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар, мұнда 4 адам тұрақты жұмыспен қамтылып отыр.

Аталған боулинг орталығы бүгінде өңірдегі аудандар арасында бірден-бір заманауи ойын-сауық нысандарының бірі болып отыр. Бұған дейін өзге аудандарда мұндай орталықтар ашылғанымен, уақыт өте жұмысы тоқтап қалған. Ал қазір облыс көлемінде толыққанды боулинг орталығы Қазалы ауданында ғана жұмысын бастауда. Бұл – қазалылық кәсіпкерлердің заман талабына сай тың жобаларды жүзеге асыруға деген белсенділігінің, ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына қосып жатқан үлесінің нақты көрінісі.

Алдыңғы мақала

Сұйытылған газ бағасын тұрақтандыру мәселелері қаралды

Келесі мақала

 Аралда «Борышкер» жедел профилактикалық іс-шарасы басталды

Оқи отырыңыз

Қазалыдағы үш көпірдің құрылысы бақылауда: әкім нысандарды аралап, жұмыс барысын тексерді
Әлеумет және экономика

Қазалыдағы үш көпірдің құрылысы бақылауда: әкім нысандарды аралап, жұмыс барысын тексерді

Қазалыда әлеуметтік сала қызметкерлері марапатталды
Әлеумет және экономика

Қазалыда әлеуметтік сала қызметкерлері марапатталды

Құқықбұзушылықтың алдын алу тетіктері талқыланды
Құқық

Құқықбұзушылықтың алдын алу тетіктері талқыланды

Қызылордада есірткіге қарсы  байқау өткізілді
Құқық

Қызылордада есірткіге қарсы байқау өткізілді

Пікір қалдыру Отменить ответ

Сіздің email жарияланбайды. Толтыруға міндетті жолдар * ретінде белгіленген

No Result
View All Result

Басты жаңалықтар

Қызылордада есірткіге қарсы байқау өткізілді

Қызылорда жастары есірткісіз болашақты мультфильм арқылы насихаттады

Қызылорда облысында «Берік отбасы – есірткіден аулақ!» байқауының жеңімпаздары анықталды

Қазалыда қоғамдық қауіпсіздік пен жасөспірімдер қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында күшейтілген рейд жүргізілді

ЖИ vs журналист. Ақылды технология тілшінің міндетін қаншалықты мінсіз атқарады?

Қазалыда ұлттық мереке ұлықталып, елдік пен бірлікті дәріптеген кеш өтті

Өзекті жаңалықтар

Қазалыдағы үш көпірдің құрылысы бақылауда: әкім нысандарды аралап, жұмыс барысын тексерді
Әлеумет және экономика

Қазалыдағы үш көпірдің құрылысы бақылауда: әкім нысандарды аралап, жұмыс барысын тексерді

0

Алдымен аудан басшысы «Қожабақы – Бекарыстан би» аудандық маңызы бар автомобиль жолының 25-шақырымында орналасқан темірбетон көпірді қайта...

Қазалыда әлеуметтік сала қызметкерлері марапатталды

Қазалыда әлеуметтік сала қызметкерлері марапатталды

Құқықбұзушылықтың алдын алу тетіктері талқыланды

Құқықбұзушылықтың алдын алу тетіктері талқыланды

Қызылордада есірткіге қарсы  байқау өткізілді

Қызылордада есірткіге қарсы байқау өткізілді

Қызылорда жастары есірткісіз болашақты мультфильм арқылы насихаттады

Қызылорда жастары есірткісіз болашақты мультфильм арқылы насихаттады

PostScript

«Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің
Ақпарат комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы
КУӘЛІК № KZ17VPY00103707

Соңғы жаңалықтар
  • Қазалыдағы үш көпірдің құрылысы бақылауда: әкім нысандарды аралап, жұмыс барысын тексерді
  • Қазалыда әлеуметтік сала қызметкерлері марапатталды
  • Құқықбұзушылықтың алдын алу тетіктері талқыланды
  • Қызылордада есірткіге қарсы байқау өткізілді
  • Қызылорда жастары есірткісіз болашақты мультфильм арқылы насихаттады
Айдарлар

Бізге хат жолдаңыз

© 2024 PostScript — Қазақстан жаңалықтары ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар қорғалған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі аккаунтқа өтіңіз

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру

Add New Playlist

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Саясат
  • Пікір

© 2024 PostScript - Ақпараттық агенттігі