Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 893-бабына сәйкес әкімшілік жауаптылыққа тартылған тұлға 30 тәуліктен кешіктірмей салынған айыппұлды төлеуге тиіс. Төленбеген жағдайда осы Кодекстің 894-бабына сәйкес жалақысынан және өзге де кірістерінен ұстап қалу шаралары жүргізіледі не болмаса мәжбүрлеп төлету үшін сот орындаушыларға жолданады.
Осыған орай аудан тұрғындарын салынған әкімшілік айыппұлдарды дер кезінде жеңілдікпен төлеуге және көлік құралдарын басқару кезінде жол жүрісі қағидаларын бұзбауға шақырамыз.









