• Біз туралы
  • Серіктестер
  • Жарнама
Жексенбі, 26 шілде, 2026
  • Кіру
PostScript
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
PostScript
No Result
View All Result
Home Мәдениет

Қызылордада «Музей түні – 2026» кең көлемде аталып өтті

Жыл сайын 18 мамырда Халықаралық музей күні атап өтіледі. Атаулы күн 1977 жылы Халықаралық музейлер кеңесінің Бас конференциясында бекітілген,- Деп хабарлайды «PostScript.kz” ақпараттық агенттігі.

19.05.2026
in Мәдениет
0
492
SHARES
1.4k
VIEWS
Facebook-те бөлісуТелеграммен бөлісуВатсапқа жіберіңіз

Материалдық және рухани мұраны сақтай отырып, әлем музейлері мәдениет, білім және ағартушылық орталықтарына айналып отыр. Осыған орай бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметі ұйымдастырған көшпелі брифинг барысында облыстық тарихи өлкетану музейінің басшысы Нұрмат Мансұр атаулы күннің маңызына кеңінен тоқталып, БАҚ өкілдерінің сұрақтарына жауап берді.

– Музей – өткен мен бүгінді жалғайтын алтын көпір. Бұл жерде халқымыздың тарихынан, бабаларымыздың тағдырлы жолынан сыр шертетін баға жетпес құнды жәдігерлер сақталған. Әрбір экспонат – тұтас бір дәуірдің үнсіз куәсі, ұлт жадын жаңғыртатын рухани мұра. Сондықтан музей тек тарихи орын ғана емес, жас ұрпақтың танымын кеңейтетін, ұлттық құндылықтарды дәріптейтін маңызды мәдени орталық. «МУЗЕЙ ТҮНІ – 2026» шарасы бүгінде дәстүрлі мәдени жобаға айналды. Жыл сайын бұл кешке қызығушылық танытушылар саны артып келеді. Биыл да Халықаралық музейлер күніне орай арнайы апталық жоспар бекітіліп, соның аясында «Музейдегі бір күн», «Музейге сый» акциялары, жас өлкетанушылар байқауы, музей мамандары мен ғалымдарының қатысуымен семинарлар мен танымдық кездесулер өткізілді. Бұл бастамалардың барлығы халықтың музейге деген қызығушылығын арттырып, тарихи мұраға құрметті қалыптастыруға бағытталған. Мерекелік күн мемлекет және қоғам қайраткері, Қазақ КСР Мәдениет министрі, тарихшы-этнограф Өзбекәлі Жәнібековтің 95 жылдығына арналған «Ұлт рухын ұлықтаған тұлға» атты көрменің ашылуымен басталды. Көрмеде қайраткердің ел мәдениетін дамытудағы өлшеусіз еңбегі мен тарихи мұраны сақтау жолындағы қызметі кеңінен таныстырылды. Өздеріңіз куә болып отырғандай, бүгін музей аумағы үлкен мәдени кеңістікке айналды. Этноауыл, көрме-жәрмеңкелер, ұлттық ойындар, шығармашылық алаңдар, музыкалық бағдарламалар келушілерге ерекше әсер сыйлауда. Қала тұрғындары мен қонақтары музей залдарындағы экспозициялармен танысып, тарих пен мәдениеттің терең мазмұнын сезіне алады ,- деді Нұрмат Абдуллаұлы.

Алдыңғы мақала

Қазалыда «Қарлан» көпірінің құрылысы қарқынды жүруде

Келесі мақала

Сырдарияда кадрлық өзгерістер таныстырылды

Оқи отырыңыз

Ардақты азаматтың есімі ұлықталды
Әлеумет және экономика

Ардақты азаматтың есімі ұлықталды

Егін шаруашылығының мәселелері талқыланды
Әлеумет және экономика

Егін шаруашылығының мәселелері талқыланды

Бірқатар саладағы ынтымақтастық туралы келісімді іске асырудың жол картасына қол қойылды
Әлеумет және экономика

Бірқатар саладағы ынтымақтастық туралы келісімді іске асырудың жол картасына қол қойылды

Құқық

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған «Креативті бейсенбі» шарасы өтті

Пікір қалдыру Отменить ответ

Сіздің email жарияланбайды. Толтыруға міндетті жолдар * ретінде белгіленген

No Result
View All Result

Басты жаңалықтар

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған «Креативті бейсенбі» шарасы өтті

Жауапты маусымға дайындық барысы талқыланды

Қызылорда облысындағы Ақжарма елді мекені табиғи газға қосылды

Сырдарияда «Алаш ақиықтары» атты танымдық шара өтті

«KAYSAR ARENA» стадионы ресми түрде ең жоғары IV санатқа ие болды

Жалағаш ауданында өндірістік жобалар – эконмикалық өсудің негізгі қозғаушы күші

Өзекті жаңалықтар

Ардақты азаматтың есімі ұлықталды
Әлеумет және экономика

Ардақты азаматтың есімі ұлықталды

0

Оған облыс әкімі Мұрат Ергешбаев, облыстық мәслихат төрағасы Мұрат Тлеумбетов, облыстық қоғамдық кеңестің төрағасы, Қорқыт ата атындағы...

Егін шаруашылығының мәселелері талқыланды

Егін шаруашылығының мәселелері талқыланды

Бірқатар саладағы ынтымақтастық туралы келісімді іске асырудың жол картасына қол қойылды

Бірқатар саладағы ынтымақтастық туралы келісімді іске асырудың жол картасына қол қойылды

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған «Креативті бейсенбі» шарасы өтті

Жауапты маусымға дайындық барысы талқыланды

Жауапты маусымға дайындық барысы талқыланды

PostScript

«Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің
Ақпарат комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы
КУӘЛІК № KZ17VPY00103707

Соңғы жаңалықтар
  • Ардақты азаматтың есімі ұлықталды
  • Егін шаруашылығының мәселелері талқыланды
  • Бірқатар саладағы ынтымақтастық туралы келісімді іске асырудың жол картасына қол қойылды
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған «Креативті бейсенбі» шарасы өтті
  • Жауапты маусымға дайындық барысы талқыланды
Айдарлар

Бізге хат жолдаңыз

© 2024 PostScript — Қазақстан жаңалықтары ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар қорғалған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі аккаунтқа өтіңіз

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру

Add New Playlist

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Саясат
  • Пікір

© 2024 PostScript - Ақпараттық агенттігі