• Біз туралы
  • Серіктестер
  • Жарнама
Сейсенбі, 26 мамыр, 2026
  • Кіру
PostScript
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
PostScript
No Result
View All Result
Home Қоғам

Аудан әкімі Айтбай Жандарбеков Бәйтерек, Еңбекші және Жиделіарық ауылдық округдерінің тұрғындарымен кездесті

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы» Жарлығына сәйкес, Шиелі ауданының әкімі Айтбай Жандарбеков І жартыжылдық қорытындысы бойынша Бәйтерек, Еңбекші және Жиделіарық ауылдық округтерінің тұрғындарымен есептік кездесулер өткізді, деп хабарлайды «PostScript.kz» ақпараттық агенттігі.

19.05.2026
in Қоғам
0
491
SHARES
1.4k
VIEWS
Facebook-те бөлісуТелеграммен бөлісуВатсапқа жіберіңіз

Ауыл тұрғындарымен өткен кездесулер барысында аудан әкімі Мемлекет басшысы мен Үкіметтің қолдауымен аудан көлемінде жүзеге асырылып жатқан ауқымды жобаларға, әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштеріне және алдағы жоспарларға кеңінен тоқталды. Сонымен қатар, елді мекендердің инженерлік-инфрақұрылымын жақсарту, халықтың тұрмыс сапасын арттыру, ауылдарды абаттандыру мен көркейту бағытындағы жұмыстардың жүйелі түрде жалғасатынын атап өтті.

Бәйтерек ауылдық округінде ауылдың кіреберісіне арка мен ауыл паспорты орнатылып, Достық көшесіне ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді. Сондай-ақ, аталған көше бойына жаңа аялдама қойылды. Бидайкөл ауылындағы Жүсіпов Раш, Хан Леонтий, Досжанов Әбдіқалық және Мәлике Басанова көшелеріне көше жарығы орнатылды. Бұдан бөлек, Сартай Маханбетова және Зияда Пірімбетов көшелеріне жаяу жүргіншілер жолы салынып, тұрғындардың қауіпсіз қозғалысына қолайлы жағдай жасалды. Сонымен қатар, елді мекендегі Л-1 аяқ су каналы мен ауылішілік арықтар толық тазаланып, қазу жұмыстары жүргізілді.

Еңбекші ауылдық округінде ауылішілік қуыс көшелерге жарық бағаналары орнатылды. Атап айтқанда, Е. Бектұрсынов, А. Құнанбаев көшелері аралығына 13 бағана, Б. Оразов, Е. Бектұрсынов көшелері аралығына 10 бағана, М. Мәметов, Е. Бектұрсынов көшесіне 6 бағана және Ғ. Мұратбаев көшесіне 9 бағанаға түнгі жарық шамдары қойылды. Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында ауыл ішіне және сыртына орнатылатын 4 бейнебақылау камерасы сатып алынды. Сонымен қатар, аудан тұрғындары үшін маңызды көлік қатынасы желілерінің бірі саналатын «Самара – Шымкент – Еңбекші» автожолының 4,3 шақырым бөлігі күрделі жөндеуден өтуде.

Айта кетейік, аудан көлемінде жол инфрақұрылымын жақсарту бағытындағы жұмыстар кезең-кезеңімен жалғасуда. Соның бірі – «Шиелі – Тайқоңыр» автожолына жүргізілген жөндеу жұмыстары. Аталған жоба «Kazatomprom» ұлттық атом компаниясының еншілес мекемесі «KAP Logistics» серіктестігінің қолдауымен жүзеге асырылып, 13 шақырым жол толық жөндеуден өтті.

Жиделіарық ауылдық округінде де бірқатар маңызды жобалар жүзеге асырылуда. Ауылдық округ бойынша ішкі жолдардың жалпы ұзындығы 10,11 шақырымды құраса, оның 8,63 шақырымына асфальт төселген, ал 1,48 шақырымы қиыршық тасты жол. Сонымен қатар, барлық көшелерге 132 дана жарық диодты шам орнатылып, елді мекеннің түнгі жарықтандыру деңгейі жақсарды. Сондай-ақ, М. Мәметова көшесінің бойында балалар ойын алаңы, жаттығу алаңы, шағын спорт алаңы және «Тағзым алаңы» тұрғындардың игілігіне пайдалануға берілген.

Кездесулер барысында ауыл тұрғындары өз ұсыныс-пікірлерін ортаға салып, ауылдардың әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты өзекті мәселелерді көтерді. Аудан әкімі көтерілген мәселелердің барлығы кезең-кезеңімен шешімін табатынын айтып, халықпен кері байланыс пен ашық диалог әрдайым басты назарда болатынын жеткізді.

Сонымен қатар, жиында айтылған ұсыныстар мен көтерілген мәселелер бойынша тиісті сала басшыларына нақты тапсырмалар жүктеліп, әр мәселенің заң аясында әрі белгіленген мерзімде орындалуын қатаң бақылауға алу тапсырылды.

 

@Шиелі ауданы әкімінің баспасөз қызметі.

Алдыңғы мақала

Аудан әкімі Айтбай Жандарбековтың төрағалымен мәжіліс отырысы өтті

Келесі мақала

Шиелі аудандық көп бейінді орталық ауруханасының медицина қызметкерлерінің мәртебесі талқыланды

Оқи отырыңыз

«Салауатты болашаққа бастар сап: жастар нашақорлыққа қарсы»
Құқық

«Салауатты болашаққа бастар сап: жастар нашақорлыққа қарсы»

Аудан әкімі «ҚТЖ-жүк тасымалы» ЖШС бас директорымен кездесті
Қоғам

Аудан әкімі «ҚТЖ-жүк тасымалы» ЖШС бас директорымен кездесті

Аралда түнгі рейд жұмыстары жүргізілуде
Қоғам

Аралда түнгі рейд жұмыстары жүргізілуде

Алмагүл Божанованың 80 жылдығына арналған облыстық ғылыми-танымдық конференция өтті
Мәдениет

Алмагүл Божанованың 80 жылдығына арналған облыстық ғылыми-танымдық конференция өтті

Пікір қалдыру Отменить ответ

Сіздің email жарияланбайды. Толтыруға міндетті жолдар * ретінде белгіленген

No Result
View All Result

Басты жаңалықтар

Алмагүл Божанованың 80 жылдығына арналған облыстық ғылыми-танымдық конференция өтті

Париж көрермендеріне Сыр өнерпаздарының концерті ұсынылды

«Мемлекеттік рәміздер – тәуелсіздік символы» облыстық семинар өтті

Аймақта 10 мыңнан астам түлек мектеп бітірді

Қоңыраудың соңғы сыңғыры

«АЙБЫН — 2026» облыстық іріктеу кезеңінің жүлдегерлері марапатталды

Өзекті жаңалықтар

«Салауатты болашаққа бастар сап: жастар нашақорлыққа қарсы»
Құқық

«Салауатты болашаққа бастар сап: жастар нашақорлыққа қарсы»

0

Аталған іс-шараның негізгі мақсаты – жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау, есірткіге қарсы мәдениетті қалыптастыру, қоғам назарын...

Аудан әкімі «ҚТЖ-жүк тасымалы» ЖШС бас директорымен кездесті

Аудан әкімі «ҚТЖ-жүк тасымалы» ЖШС бас директорымен кездесті

Аралда түнгі рейд жұмыстары жүргізілуде

Аралда түнгі рейд жұмыстары жүргізілуде

Алмагүл Божанованың 80 жылдығына арналған облыстық ғылыми-танымдық конференция өтті

Алмагүл Божанованың 80 жылдығына арналған облыстық ғылыми-танымдық конференция өтті

Париж көрермендеріне Сыр өнерпаздарының концерті ұсынылды

Париж көрермендеріне Сыр өнерпаздарының концерті ұсынылды

PostScript

«Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің
Ақпарат комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы
КУӘЛІК № KZ17VPY00103707

Соңғы жаңалықтар
  • «Салауатты болашаққа бастар сап: жастар нашақорлыққа қарсы»
  • Аудан әкімі «ҚТЖ-жүк тасымалы» ЖШС бас директорымен кездесті
  • Аралда түнгі рейд жұмыстары жүргізілуде
  • Алмагүл Божанованың 80 жылдығына арналған облыстық ғылыми-танымдық конференция өтті
  • Париж көрермендеріне Сыр өнерпаздарының концерті ұсынылды
Айдарлар

Бізге хат жолдаңыз

© 2024 PostScript — Қазақстан жаңалықтары ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар қорғалған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі аккаунтқа өтіңіз

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру

Add New Playlist

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Саясат
  • Пікір

© 2024 PostScript - Ақпараттық агенттігі