• Біз туралы
  • Серіктестер
  • Жарнама
Бейсенбі, 5 қараша, 2026
  • Кіру
PostScript
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
PostScript
No Result
View All Result
Home Қоғам

Арал: Азаматтардың қауіпсіздігі әркез бақылауда

Бүгін аудан әкімдігінің мәжіліс залында аудан әкімі Аманжол Оңғарбаевтың төрағалығымен төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі аудандық комиссия отырысы өтті,-деп хабарлайды «PostScript.kz» ақпараттық агенттігі.

19.05.2026
in Қоғам
0
492
SHARES
1.4k
VIEWS
Facebook-те бөлісуТелеграммен бөлісуВатсапқа жіберіңіз

Жиында жаз мезгілінің басталуына байланысты азаматтардың судағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесі кеңінен қаралды. Жаз айларында тұрғындардың өзен-көлдер мен су айдындарына баруы жиілейтіндіктен, судағы қайғылы оқиғалардың алдын алу бағытындағы жұмыстарды күшейту қажеттігі айтылды.

Аудан аумағындағы су айдындарында қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша атқарылып жатқан жұмыстар туралы аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы А.Сыдықов баяндама жасады.

Аудан әкімі бұл мәселенің алдағы уақытта өзектілігі арта түсетінін атап өтіп, су айдындарындағы қауіпсіздік шараларын толық бақылауға алуды тапсырды.

– Әсіресе адамдар көп шоғырланатын Қамыстыбас елді мекеніндегі «Аққұмшық» жағажайында қауіпсіздік талаптарының сақталуын күшейту қажет, – деді аудан басшысы.

Сонымен қатар, суға кету фактілерінің алдын алу мақсатында күнделікті рейдтік шараларды ұйымдастыру, тұрғындар арасында тұрақты түсіндіру жұмыстарын жүргізу және рұқсат етілмеген орындарда суға түсуге жол бермеу бойынша нақты бақылау орнату қажеттігін атап өтті.

Аудан әкімі жаз мезгіліне санаулы күндер қалғанын ескеріп, «Аққұмшық» жағажайына келушілер саны артатынын жеткізді. Осыған байланысты кәсіпкерлер тарапынан демалушыларға жасалып жатқан жағдайлар мен қызмет сапасына назар аударылды.

Қазіргі таңда туризм саласына ерекше басымдық беріліп отырғанын айтқан аудан басшысы жағажайдағы қауіпсіздік, санитарлық тазалық, инфрақұрылым және тынығушыларға қажетті барлық жағдай талапқа сай қамтамасыз етілуі тиіс екенін жауаптыларға қатаң ескертті.

Сондай-ақ, жағажай аумағындағы бей-берекет орнатылған әжетханаларды алып тастап, олардың орнына заманауи талапқа сай, бір үлгідегі ақылы санитарлық нысандар салу қажеттігін айтты. Бұдан бөлек, кіреберіс қақпаға QR-код арқылы төлем жасау жүйесін енгізу бойынша тапсырмалар берілді.

Жиында жағажай маңындағы кәсіпкерлерге тиесілі кейбір нысандардың қазіргі жағдайы талапқа сай еместігі арнайы слайдтар арқылы көрсетіліп, анықталған кемшіліктерді жаз маусымы басталғанға дейін толық жою міндеттелді.

Комиссия отырысында су айдындарындағы қауіпсіздік шараларына қатысты өзге де сын-ескертпелер көтеріліп, жауапты сала басшыларына мәселені толық бақылауға алу тапсырылды.

Жиында қаралған келесі мәселе – аудан аумағында орман және дала өрттерінің алдын алу шаралары болды. Бұл бағыттағы атқарылып жатқан жұмыстар туралы Барсакелмес мемлекеттік табиғи қорығының директоры Х.Қаниев баяндады.

Аудан әкімі Аманжол Сақыпұлы орман және дала өрттерінің алдын алу бағытындағы жұмыстарды күшейтіп, барлық қажетті профилактикалық және ұйымдастырушылық шараларды шұғыл қабылдауды тапсырды.

Сонымен қатар, шаруа қожалықтары тарапынан егістік, жайылым және шабындық алқаптарындағы құрғақ шөптерді өртеу жұмыстары тек бекітілген талаптар мен кестеге сәйкес жүргізілуі керектігі ескертілді.

Жиында Конго-Қырым геморрагиялық қызбасының алдын алу мәселесі де қаралды. Аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы А.Сатекеева осы бағытта атқарылып жатқан жұмыстар жөнінде хабарлама жасады.

Аудан әкімі бұл салада да бірқатар кемшіліктерге жол берілгенін айтып, жауапты басшыларға қатаң ескерту жасады. Сонымен қатар, ауданға қарасты барлық елді мекендерде атқарылып жатқан жұмыстарды нақтылап, қысқа мерзім ішінде тиісті шараларды күшейтуді тапсырды.

Алдыңғы мақала

Сырдария ауданы әкімінің орынбасары тағайындалды

Келесі мақала

Аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы таныстырылды

Оқи отырыңыз

Қазалыдағы үш көпірдің құрылысы бақылауда: әкім нысандарды аралап, жұмыс барысын тексерді
Әлеумет және экономика

Қазалыдағы үш көпірдің құрылысы бақылауда: әкім нысандарды аралап, жұмыс барысын тексерді

Қазалыда әлеуметтік сала қызметкерлері марапатталды
Әлеумет және экономика

Қазалыда әлеуметтік сала қызметкерлері марапатталды

Құқықбұзушылықтың алдын алу тетіктері талқыланды
Құқық

Құқықбұзушылықтың алдын алу тетіктері талқыланды

Қызылордада есірткіге қарсы  байқау өткізілді
Құқық

Қызылордада есірткіге қарсы байқау өткізілді

Пікір қалдыру Отменить ответ

Сіздің email жарияланбайды. Толтыруға міндетті жолдар * ретінде белгіленген

No Result
View All Result

Басты жаңалықтар

Қызылордада есірткіге қарсы байқау өткізілді

Қызылорда жастары есірткісіз болашақты мультфильм арқылы насихаттады

Қызылорда облысында «Берік отбасы – есірткіден аулақ!» байқауының жеңімпаздары анықталды

Қазалыда қоғамдық қауіпсіздік пен жасөспірімдер қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында күшейтілген рейд жүргізілді

ЖИ vs журналист. Ақылды технология тілшінің міндетін қаншалықты мінсіз атқарады?

Қазалыда ұлттық мереке ұлықталып, елдік пен бірлікті дәріптеген кеш өтті

Өзекті жаңалықтар

Қазалыдағы үш көпірдің құрылысы бақылауда: әкім нысандарды аралап, жұмыс барысын тексерді
Әлеумет және экономика

Қазалыдағы үш көпірдің құрылысы бақылауда: әкім нысандарды аралап, жұмыс барысын тексерді

0

Алдымен аудан басшысы «Қожабақы – Бекарыстан би» аудандық маңызы бар автомобиль жолының 25-шақырымында орналасқан темірбетон көпірді қайта...

Қазалыда әлеуметтік сала қызметкерлері марапатталды

Қазалыда әлеуметтік сала қызметкерлері марапатталды

Құқықбұзушылықтың алдын алу тетіктері талқыланды

Құқықбұзушылықтың алдын алу тетіктері талқыланды

Қызылордада есірткіге қарсы  байқау өткізілді

Қызылордада есірткіге қарсы байқау өткізілді

Қызылорда жастары есірткісіз болашақты мультфильм арқылы насихаттады

Қызылорда жастары есірткісіз болашақты мультфильм арқылы насихаттады

PostScript

«Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің
Ақпарат комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы
КУӘЛІК № KZ17VPY00103707

Соңғы жаңалықтар
  • Қазалыдағы үш көпірдің құрылысы бақылауда: әкім нысандарды аралап, жұмыс барысын тексерді
  • Қазалыда әлеуметтік сала қызметкерлері марапатталды
  • Құқықбұзушылықтың алдын алу тетіктері талқыланды
  • Қызылордада есірткіге қарсы байқау өткізілді
  • Қызылорда жастары есірткісіз болашақты мультфильм арқылы насихаттады
Айдарлар

Бізге хат жолдаңыз

© 2024 PostScript — Қазақстан жаңалықтары ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар қорғалған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі аккаунтқа өтіңіз

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру

Add New Playlist

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Саясат
  • Пікір

© 2024 PostScript - Ақпараттық агенттігі