• Біз туралы
  • Серіктестер
  • Жарнама
Жексенбі, 26 шілде, 2026
  • Кіру
PostScript
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
PostScript
No Result
View All Result
Home Мәдениет

Музей – тарихымыздың айнасы, ұрпаққа аманат

Бүгін аудан әкімі Берік Сәрменбаевтың қатысуымен "Руханият" орталығында музей қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне орай және аудандық тарихи-өлкетану музейінің құрылғанына 30 жыл толу мерейтойына арналған мерекелік іс-шара өтті. Оған Қызылорда облыстық тарихи-өлкетану музейінің директоры Нұрмат Мансұр, ауданның зиялы қауым өкілдері, аудандық мәслихат депутаттары мен аудан тұрғындары қатысты,-деп хабарлайды «PostScript.kz» ақпараттық агенттігі.

19.05.2026
in Мәдениет
0
492
SHARES
1.4k
VIEWS
Facebook-те бөлісуТелеграммен бөлісуВатсапқа жіберіңіз

Мерекелік іс-шара басында құрметті меймандар «Қолөнер FEST» тақырыбында қолөнер шеберлерінің арнайы көрмесін тамашалады. Сондай-ақ, «Құмыра ART», «30 жылға-30 жәдігер» көрмесі таныстырылды.

Аудан басшысы музей саласының қызметкерлерін кәсіби мерекемен құттықтап, ұлттық құндылықтарды сақтау жолындағы еңбектерін атап өтті.

– Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев: «Халықтың тарихи жадын сақтау – ұлттың рухани тұтастығын нығайтудың басты кепілі» деп атап өткен болатын. Сіздер күнделікті еңбектеріңіз арқылы халқымыздың бай тарихи мұрасын жинақтап, зерттеп, сақтап қана қоймай, оны келешек ұрпақтың санасына сіңіруге үлкен үлес қосып келесіздер. Бүгінде музейлер заман талабына сай жаңарып, ғылыми-ағартушылық бағыттағы маңызды орталықтарға айналуда. Цифрландыру, жаңа форматтағы көрмелер ұйымдастыру, тарихи-танымдық жобаларды жүзеге асыру арқылы музейлердің қоғамдағы рөлі артып келеді. Аудандық музейдің қорында көне дәуірден бастап тарихи жәдігерлер жинақталып, бүгінде барлығы 12 113 экспонатпен қамтылған. Аудандық музей қорында сақталған еңбек құралдары, тұрмыстық бұйымдар, тарихи құжаттар, фотосуреттер мен ұлттық қолөнер туындылары аудан тарихынан сыр шертеді. Сырдария аудандық тарихи-өлкетану музейі 2025 жылы жаңадан салынған «Руханият» орталығына көшіріліп, өз жұмысын атқаруда. Осынау құнды жәдігерлеріміздің жаңадан бой көтерген бірліктің ордасы болып саналатын, еліміздің құндылықтар қазынасын толықтыратын «Руханият» орталығы заман талабы мен дер кезінде берілген ғимарат деп есептеймін. Бұл – халықтың мәдени-ағарту жұмыстарына деген аймақ басшысының үлкен қолдауы. Музей қызметкері болу – үлкен жауапкершілік. Ұлттың болмысын, мәдениетін, салт-дәстүрін, тарихи жадын сақтау – әрдайым маңызды міндеттеріңіз болып қала береді. Осы бағыттағы адал еңбектеріңіз бен табандылықтарыңыз үшін баршаңызға шынайы алғысымды білдіремін, – деді БЕРІК ӘБДІҒАППАРҰЛЫ.

Мерекелік шара барысында музей саласының дамуына үлес қосып жүрген бірқатар сала мамандары аудан әкімінің Алғыс хатымен марапатталды.

Өз кезегінде Қызылорда облыстық тарихи-өлкетану музейінің директоры Нұрмат Мансұр да құттықтау лебізін жеткізіп, бірқатар сырдариялықтарға Алғыс хат табыс етті.

Мерекелік іс-шара аудан өнерпаздарының қатысуымен өткен концерттік бағдарламаға ұласып, көрермендерге көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.

Алдыңғы мақала

Шиелі аудандық көп бейінді орталық ауруханасының медицина қызметкерлерінің мәртебесі талқыланды

Келесі мақала

Аудан әкімі мектеп бітіруші түлектермен кездесті

Оқи отырыңыз

Ардақты азаматтың есімі ұлықталды
Әлеумет және экономика

Ардақты азаматтың есімі ұлықталды

Егін шаруашылығының мәселелері талқыланды
Әлеумет және экономика

Егін шаруашылығының мәселелері талқыланды

Бірқатар саладағы ынтымақтастық туралы келісімді іске асырудың жол картасына қол қойылды
Әлеумет және экономика

Бірқатар саладағы ынтымақтастық туралы келісімді іске асырудың жол картасына қол қойылды

Құқық

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған «Креативті бейсенбі» шарасы өтті

Пікір қалдыру Отменить ответ

Сіздің email жарияланбайды. Толтыруға міндетті жолдар * ретінде белгіленген

No Result
View All Result

Басты жаңалықтар

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған «Креативті бейсенбі» шарасы өтті

Жауапты маусымға дайындық барысы талқыланды

Қызылорда облысындағы Ақжарма елді мекені табиғи газға қосылды

Сырдарияда «Алаш ақиықтары» атты танымдық шара өтті

«KAYSAR ARENA» стадионы ресми түрде ең жоғары IV санатқа ие болды

Жалағаш ауданында өндірістік жобалар – эконмикалық өсудің негізгі қозғаушы күші

Өзекті жаңалықтар

Ардақты азаматтың есімі ұлықталды
Әлеумет және экономика

Ардақты азаматтың есімі ұлықталды

0

Оған облыс әкімі Мұрат Ергешбаев, облыстық мәслихат төрағасы Мұрат Тлеумбетов, облыстық қоғамдық кеңестің төрағасы, Қорқыт ата атындағы...

Егін шаруашылығының мәселелері талқыланды

Егін шаруашылығының мәселелері талқыланды

Бірқатар саладағы ынтымақтастық туралы келісімді іске асырудың жол картасына қол қойылды

Бірқатар саладағы ынтымақтастық туралы келісімді іске асырудың жол картасына қол қойылды

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған «Креативті бейсенбі» шарасы өтті

Жауапты маусымға дайындық барысы талқыланды

Жауапты маусымға дайындық барысы талқыланды

PostScript

«Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің
Ақпарат комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы
КУӘЛІК № KZ17VPY00103707

Соңғы жаңалықтар
  • Ардақты азаматтың есімі ұлықталды
  • Егін шаруашылығының мәселелері талқыланды
  • Бірқатар саладағы ынтымақтастық туралы келісімді іске асырудың жол картасына қол қойылды
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған «Креативті бейсенбі» шарасы өтті
  • Жауапты маусымға дайындық барысы талқыланды
Айдарлар

Бізге хат жолдаңыз

© 2024 PostScript — Қазақстан жаңалықтары ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар қорғалған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі аккаунтқа өтіңіз

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру

Add New Playlist

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Саясат
  • Пікір

© 2024 PostScript - Ақпараттық агенттігі