• Біз туралы
  • Серіктестер
  • Жарнама
Бейсенбі, 5 қараша, 2026
  • Кіру
PostScript
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
PostScript
No Result
View All Result
Home Әлеумет және экономика

Ақмая мен Байгеқұмда элект желілері жаңғыртылуда

Шиелі ауданындағы Ақмая және Бәйгеқұм ауылдық округтерінде электр желілерін жаңғырту және тозығы жеткен инфрақұрылымды ауыстыру бағытындағы ауқымды жұмыстар кезең-кезеңімен жүзеге асырылуда. Бұл туралы «PostScript.kz» ақпараттық агенттігі хабарлайды.

21.05.2026
in Әлеумет және экономика
0
494
SHARES
1.4k
VIEWS
Facebook-те бөлісуТелеграммен бөлісуВатсапқа жіберіңіз

Аталған жобалар ауыл тұрғындарын сапалы әрі тұрақты электр энергиясымен қамтамасыз етуге, инженерлік инфрақұрылымды жаңартуға және елді мекендердің өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған. Қазіргі таңда екі ауылдық округте де электр желілерін қайта жаңғырту жұмыстары жүйелі түрде жүргізілуде.

Бәйгеқұм ауылындағы ВЛ-10/0,4 кВ электрмен жабдықтау желілерін реконструкциялау жобасы бойынша жобалық-сметалық құжаттама әзірленіп, 2023 жылдың 1 желтоқсанында мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысы алынған. Жоба аясында ауыл аумағына 10 кВ болатын 12,3 шақырым және 0,4 кВ болатын 23,6 шақырым электр желілері тартылып, 12 дана трансформатор орнату жоспарланған.

Мамандардың айтуынша, бұл жұмыстардың нәтижесінде Бәйгеқұм ауылындағы электр қуатының сапасы артып, желідегі кернеу тұрақтылығы қамтамасыз етіледі. Сонымен қатар ескі бағаналар мен тозығы жеткен желілер жаңартылып, апатты жағдайлардың алдын алуға мүмкіндік туады.

Ал Ақмая ауылында сыртқы электрмен жабдықтау желісінің құрылысына қатысты нақты жұмыстар қолға алынған. Бүгінде мердігер мекемелермен, техникалық және авторлық қадағалау ұйымдарымен келісімшарттар жасалып, құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізілуде.

Жоба аясында ауылға 10 кВ болатын 4,267 шақырым және 0,4 кВ болатын 18,61 шақырым электр желілері жүргізіліп, 501 электр бағанасы орнатылған. Сонымен қатар қуаттылығы әртүрлі 7 трансформатор іске қосылып, елді мекеннің электрмен қамту мүмкіндігі айтарлықтай жақсарған.

Аталған жобалар өңірдің инженерлік инфрақұрылымын жаңғыртуға бағытталған маңызды бастамалардың бірі болып саналады. Электр желілерін жаңарту арқылы тұрғындардың тұрмыс сапасын арттырумен қатар, әлеуметтік нысандар мен кәсіпкерлік субъектілерінің де тұрақты жұмыс істеуіне қолайлы жағдай жасалмақ.

Мұндай инфрақұрылымдық жобалар ауылдық елді мекендердің дамуына серпін беріп, халықтың өмір сүру деңгейін көтеруге ықпал етеді.

Алдыңғы мақала

Жаңақорған ауданындағы кәсіпкерлерге бағыт-бағдар беруге арналған ауқымды жиын өтті

Келесі мақала

Жаңақорғанда 5 ауылға жоғары қысымды газ құбыры тартылып жатыр

Оқи отырыңыз

Қазалыдағы үш көпірдің құрылысы бақылауда: әкім нысандарды аралап, жұмыс барысын тексерді
Әлеумет және экономика

Қазалыдағы үш көпірдің құрылысы бақылауда: әкім нысандарды аралап, жұмыс барысын тексерді

Қазалыда әлеуметтік сала қызметкерлері марапатталды
Әлеумет және экономика

Қазалыда әлеуметтік сала қызметкерлері марапатталды

Құқықбұзушылықтың алдын алу тетіктері талқыланды
Құқық

Құқықбұзушылықтың алдын алу тетіктері талқыланды

Қызылордада есірткіге қарсы  байқау өткізілді
Құқық

Қызылордада есірткіге қарсы байқау өткізілді

Пікір қалдыру Отменить ответ

Сіздің email жарияланбайды. Толтыруға міндетті жолдар * ретінде белгіленген

No Result
View All Result

Басты жаңалықтар

Қызылордада есірткіге қарсы байқау өткізілді

Қызылорда жастары есірткісіз болашақты мультфильм арқылы насихаттады

Қызылорда облысында «Берік отбасы – есірткіден аулақ!» байқауының жеңімпаздары анықталды

Қазалыда қоғамдық қауіпсіздік пен жасөспірімдер қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында күшейтілген рейд жүргізілді

ЖИ vs журналист. Ақылды технология тілшінің міндетін қаншалықты мінсіз атқарады?

Қазалыда ұлттық мереке ұлықталып, елдік пен бірлікті дәріптеген кеш өтті

Өзекті жаңалықтар

Қазалыдағы үш көпірдің құрылысы бақылауда: әкім нысандарды аралап, жұмыс барысын тексерді
Әлеумет және экономика

Қазалыдағы үш көпірдің құрылысы бақылауда: әкім нысандарды аралап, жұмыс барысын тексерді

0

Алдымен аудан басшысы «Қожабақы – Бекарыстан би» аудандық маңызы бар автомобиль жолының 25-шақырымында орналасқан темірбетон көпірді қайта...

Қазалыда әлеуметтік сала қызметкерлері марапатталды

Қазалыда әлеуметтік сала қызметкерлері марапатталды

Құқықбұзушылықтың алдын алу тетіктері талқыланды

Құқықбұзушылықтың алдын алу тетіктері талқыланды

Қызылордада есірткіге қарсы  байқау өткізілді

Қызылордада есірткіге қарсы байқау өткізілді

Қызылорда жастары есірткісіз болашақты мультфильм арқылы насихаттады

Қызылорда жастары есірткісіз болашақты мультфильм арқылы насихаттады

PostScript

«Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің
Ақпарат комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы
КУӘЛІК № KZ17VPY00103707

Соңғы жаңалықтар
  • Қазалыдағы үш көпірдің құрылысы бақылауда: әкім нысандарды аралап, жұмыс барысын тексерді
  • Қазалыда әлеуметтік сала қызметкерлері марапатталды
  • Құқықбұзушылықтың алдын алу тетіктері талқыланды
  • Қызылордада есірткіге қарсы байқау өткізілді
  • Қызылорда жастары есірткісіз болашақты мультфильм арқылы насихаттады
Айдарлар

Бізге хат жолдаңыз

© 2024 PostScript — Қазақстан жаңалықтары ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар қорғалған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі аккаунтқа өтіңіз

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру

Add New Playlist

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Саясат
  • Пікір

© 2024 PostScript - Ақпараттық агенттігі