• Біз туралы
  • Серіктестер
  • Жарнама
Жексенбі, 26 шілде, 2026
  • Кіру
PostScript
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
PostScript
No Result
View All Result
Home Мәдениет

«Тарихы терең, келешегі кемел Сырдария» атты кітаптың тұсаукесер рәсімі өтті

Аудан әкімі Берік Сәрменбаевтың қатысуымен "Руханият" орталығында «Тарихы терең, келешегі кемел Сырдария» атты тағылымды кітаптың тұсаукесер рәсімі өтті. Оған Қызылорда облыстық тарихи-өлкетану музейінің директоры Нұрмат Мансұр, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, өлкетанушы Жұмабай Байзақұлы, «Қызылорда нюс» ақпараттық агенттігінің бас редакторы, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің докторанты Айжан Абдуллаева, ҚР Мәдениет саласының үздігі Асхат Қожакелдіұлы және ауданның зиялы қауым өкілдері, аудандық мәслихат депутаттары мен аудан тұрғындары қатысты,-деп хабарлайды «PostScript.kz» ақпараттық агенттігі.

21.05.2026
in Мәдениет
0
492
SHARES
1.4k
VIEWS
Facebook-те бөлісуТелеграммен бөлісуВатсапқа жіберіңіз

Жиында қасиетті Сыр өңірінің шежірелі мекені – Сырдария ауданы тарихы мен бүгінгі тыныс-тіршілігін, рухани болмысы мен тарихи тағдырын кеңінен қамтыған «Тарихы терең, келешегі кемел Сырдария» атты кітаптың маңыздылығы жан-жақты айтылды. Аталған еңбек ауданның сан ғасырлық шежіресін, ел бірлігі мен ынтымағын, ұлтқа қызмет еткен тұлғалардың өнегелі өмір жолын, туған жердің табиғаты мен мәдени мұрасын кейінгі ұрпақ жадында жаңғыртатын құнды туынды екені атап өтілді.

– «Тарихы терең, келешегі кемел Сырдария» атты тағылымды еңбек– жай ғана кітап емес, ауданымыздың сан ғасырлық тарихын, елдің бірлігі мен тірлігін, ұлтқа қызмет еткен тұлғалардың өнегелі жолын, туған жердің табиғаты мен мәдени мұрасын ұрпақ жадында жаңғыртатын құнды туынды. Кітапта Сырдарияның өткені ғылыми негізде зерделеніп, тарихи деректер мен ел аузындағы құнды мәліметтер жүйеленіп берілген. Сырдария – тамырын тереңге жайған, тарихы бай, руханияты кемел өңір. Бұл қасиетті топырақтан елге танылған батырлар мен билер, ақын-жазушылар мен мәдениет қайраткерлері шыққан. Сондықтан осындай еңбектің жарық көруі – аудан тарихына деген құрметтің, келер ұрпақ алдындағы жауапкершіліктің айқын көрінісі деп білемін. Жаңару мен жаңғыру кезеңінде аудан тарихын түгендеп, рухани мұрамызды ұлықтау – аса маңызды міндеттердің бірі. Бұл кітап туған жердің тарихын тануға, өскелең ұрпақтың елге деген сүйіспеншілігін арттыруға қызмет етеді деп сенемін. Тарихын таныған елдің болашағы баянды болмақ. Кітапты әзірлеуге атсалысқан ғалымдар мен зерттеушілерге, өлкетанушылар, қаламгерлер мен музей қызметкерлеріне, сондай-ақ осы игі іске қолдау білдірген азаматтарға аудан халқының атынан шынайы ризашылығымды білдіремін. Бұл – көпшіліктің ортақ еңбегі мен жанашырлығының нәтижесі, – деді БЕРІК ӘБДІҒАППАРҰЛЫ.

Сонымен қатар, Жұмабай Байзақ, Марат Омаров және Айжан Абдуллаева, Асхат Қожакелдіұлы сөз сөйлеп, жаңа кітаптың тарихи-танымдық маңызына тоқталып, ізгі тілектерін жеткізді. Олар аталмыш еңбектің ел тарихын түгендеуге, ұлттық құндылықтарды дәріптеуге және жас ұрпақтың туған жерге деген сүйіспеншілігін арттыруға қосар үлесі зор екенін атап өтті.

Кеш барысында кітаптан сыр шертіліп, аудан тарихына қатысты құнды деректер мен тағылымды естеліктер айтылды. Рухани кешке жиналған көпшілік жаңа туындыға жоғары бағасын беріп, тұсаукесер рәсіміне куә болды.

Алдыңғы мақала

Аудан әкімі Нағи Ілиясов, Шаған ауылдарының тұрғындарымен кездесті

Келесі мақала

Шижаға ауылының электр желілері жаңартылды

Оқи отырыңыз

Ардақты азаматтың есімі ұлықталды
Әлеумет және экономика

Ардақты азаматтың есімі ұлықталды

Егін шаруашылығының мәселелері талқыланды
Әлеумет және экономика

Егін шаруашылығының мәселелері талқыланды

Бірқатар саладағы ынтымақтастық туралы келісімді іске асырудың жол картасына қол қойылды
Әлеумет және экономика

Бірқатар саладағы ынтымақтастық туралы келісімді іске асырудың жол картасына қол қойылды

Құқық

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған «Креативті бейсенбі» шарасы өтті

Пікір қалдыру Отменить ответ

Сіздің email жарияланбайды. Толтыруға міндетті жолдар * ретінде белгіленген

No Result
View All Result

Басты жаңалықтар

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған «Креативті бейсенбі» шарасы өтті

Жауапты маусымға дайындық барысы талқыланды

Қызылорда облысындағы Ақжарма елді мекені табиғи газға қосылды

Сырдарияда «Алаш ақиықтары» атты танымдық шара өтті

«KAYSAR ARENA» стадионы ресми түрде ең жоғары IV санатқа ие болды

Жалағаш ауданында өндірістік жобалар – эконмикалық өсудің негізгі қозғаушы күші

Өзекті жаңалықтар

Ардақты азаматтың есімі ұлықталды
Әлеумет және экономика

Ардақты азаматтың есімі ұлықталды

0

Оған облыс әкімі Мұрат Ергешбаев, облыстық мәслихат төрағасы Мұрат Тлеумбетов, облыстық қоғамдық кеңестің төрағасы, Қорқыт ата атындағы...

Егін шаруашылығының мәселелері талқыланды

Егін шаруашылығының мәселелері талқыланды

Бірқатар саладағы ынтымақтастық туралы келісімді іске асырудың жол картасына қол қойылды

Бірқатар саладағы ынтымақтастық туралы келісімді іске асырудың жол картасына қол қойылды

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған «Креативті бейсенбі» шарасы өтті

Жауапты маусымға дайындық барысы талқыланды

Жауапты маусымға дайындық барысы талқыланды

PostScript

«Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің
Ақпарат комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы
КУӘЛІК № KZ17VPY00103707

Соңғы жаңалықтар
  • Ардақты азаматтың есімі ұлықталды
  • Егін шаруашылығының мәселелері талқыланды
  • Бірқатар саладағы ынтымақтастық туралы келісімді іске асырудың жол картасына қол қойылды
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған «Креативті бейсенбі» шарасы өтті
  • Жауапты маусымға дайындық барысы талқыланды
Айдарлар

Бізге хат жолдаңыз

© 2024 PostScript — Қазақстан жаңалықтары ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар қорғалған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі аккаунтқа өтіңіз

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру

Add New Playlist

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Саясат
  • Пікір

© 2024 PostScript - Ақпараттық агенттігі