• Біз туралы
  • Серіктестер
  • Жарнама
Бейсенбі, 5 қараша, 2026
  • Кіру
PostScript
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
PostScript
No Result
View All Result
Home Мәдениет

Аудан активі Нұрсұлтан Әлтайды басқа қызметке шығарып салды

Бүгін аудан әкімдігінің мәжіліс залында аудан әкімі Аманжол Оңғарбаевтың төрағалығымен орын алған кадрлық өзгерістерге байланысты актив отырысы өтті,-деп хабарлайды «PostScript.kz» ақпараттық агенттігі.

23.05.2026
in Мәдениет
0
493
SHARES
1.4k
VIEWS
Facebook-те бөлісуТелеграммен бөлісуВатсапқа жіберіңіз

Бұған дейін аудандық полиция бөлімінің бастығы қызметін атқарып келген Нұрсұлтан Әлтай Қызылорда облысы Полиция департаменті бастығының орынбасары лауазымына тағайындалды.

Аудан әкімі басшылық қызметте әлеуеті жоғары, білікті кадр, іскер азамат ретінде халық сеніміне лайық қызмет атқарған Нұрсұлтан Әлтайдың еңбек жолына қысқаша тоқталып, құқық қорғау саласындағы қызметтері әркез нәтижелі болғанын атап өтті.

Нұрсұлтан Әлтай ауданда басшылық қызмет атқарған уақытында құқық қорғау саласында мемлекеттік және қоғамдық қауіпсіздікті сақтауда, құқық бұзушылықтарды анықтау мен олардың жолын кесуде сүбелі үлес қосты.

Аудан көлеміндегі криминогендік ахуалды тұрақтандыру бағытында атқарылған профилактикалық жұмыстардың нәтижесінде 2025 жылдың қорытындысымен қылмыстың тіркелу деңгейі біршама төмендеген.

Жиында аудан әкімі Аманжол Сақыпұлы асқан жауапкершілікті талап ететін күрделі саланың тізгінін ұстаған Нұрсұлтан Әлтайға алғыс білдіре отырып, ауданның ең жоғары наградасы – «Құрмет грамотасын» табыстап, естелік сый тарту етті.

Өз кезегінде Нұрсұлтан Әлтай бірлесе атқарған жұмыстардың нәтижесімен бөлісіп, оң өзгерістер мен жақсы жетістіктерді атап өткен барша тілеулес азаматтарға алғысын білдірді.

Актив отырысында аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Ә.Әйімбетов, аудандық сот төрағасы Р.Алдамбергенов, аудан прокуроры Д.Әбіш және аудандық мәслихат төрағасы Б.Төрахметов өздерінің жылы лебіздерін білдіріп, жаңа қызметіне сәттілік тіледі.

 

Алдыңғы мақала

Арал ауданында тал егу шарасы өтті  

Келесі мақала

Қазалы: Тазалық акциясы аясында сенбілік жұмыстары өтті

Оқи отырыңыз

Қазалыдағы үш көпірдің құрылысы бақылауда: әкім нысандарды аралап, жұмыс барысын тексерді
Әлеумет және экономика

Қазалыдағы үш көпірдің құрылысы бақылауда: әкім нысандарды аралап, жұмыс барысын тексерді

Қазалыда әлеуметтік сала қызметкерлері марапатталды
Әлеумет және экономика

Қазалыда әлеуметтік сала қызметкерлері марапатталды

Құқықбұзушылықтың алдын алу тетіктері талқыланды
Құқық

Құқықбұзушылықтың алдын алу тетіктері талқыланды

Қызылордада есірткіге қарсы  байқау өткізілді
Құқық

Қызылордада есірткіге қарсы байқау өткізілді

Пікір қалдыру Отменить ответ

Сіздің email жарияланбайды. Толтыруға міндетті жолдар * ретінде белгіленген

No Result
View All Result

Басты жаңалықтар

Қызылордада есірткіге қарсы байқау өткізілді

Қызылорда жастары есірткісіз болашақты мультфильм арқылы насихаттады

Қызылорда облысында «Берік отбасы – есірткіден аулақ!» байқауының жеңімпаздары анықталды

Қазалыда қоғамдық қауіпсіздік пен жасөспірімдер қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында күшейтілген рейд жүргізілді

ЖИ vs журналист. Ақылды технология тілшінің міндетін қаншалықты мінсіз атқарады?

Қазалыда ұлттық мереке ұлықталып, елдік пен бірлікті дәріптеген кеш өтті

Өзекті жаңалықтар

Қазалыдағы үш көпірдің құрылысы бақылауда: әкім нысандарды аралап, жұмыс барысын тексерді
Әлеумет және экономика

Қазалыдағы үш көпірдің құрылысы бақылауда: әкім нысандарды аралап, жұмыс барысын тексерді

0

Алдымен аудан басшысы «Қожабақы – Бекарыстан би» аудандық маңызы бар автомобиль жолының 25-шақырымында орналасқан темірбетон көпірді қайта...

Қазалыда әлеуметтік сала қызметкерлері марапатталды

Қазалыда әлеуметтік сала қызметкерлері марапатталды

Құқықбұзушылықтың алдын алу тетіктері талқыланды

Құқықбұзушылықтың алдын алу тетіктері талқыланды

Қызылордада есірткіге қарсы  байқау өткізілді

Қызылордада есірткіге қарсы байқау өткізілді

Қызылорда жастары есірткісіз болашақты мультфильм арқылы насихаттады

Қызылорда жастары есірткісіз болашақты мультфильм арқылы насихаттады

PostScript

«Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің
Ақпарат комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы
КУӘЛІК № KZ17VPY00103707

Соңғы жаңалықтар
  • Қазалыдағы үш көпірдің құрылысы бақылауда: әкім нысандарды аралап, жұмыс барысын тексерді
  • Қазалыда әлеуметтік сала қызметкерлері марапатталды
  • Құқықбұзушылықтың алдын алу тетіктері талқыланды
  • Қызылордада есірткіге қарсы байқау өткізілді
  • Қызылорда жастары есірткісіз болашақты мультфильм арқылы насихаттады
Айдарлар

Бізге хат жолдаңыз

© 2024 PostScript — Қазақстан жаңалықтары ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар қорғалған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі аккаунтқа өтіңіз

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру

Add New Playlist

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Саясат
  • Пікір

© 2024 PostScript - Ақпараттық агенттігі