• Біз туралы
  • Серіктестер
  • Жарнама
Сейсенбі, 26 мамыр, 2026
  • Кіру
PostScript
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
PostScript
No Result
View All Result
Home Мәдениет

Алмагүл Божанованың 80 жылдығына арналған облыстық ғылыми-танымдық конференция өтті

Бүгін облыс әкімі Мұрат Ергешбаевтың қатысуымен қоғам қайраткері Алмагүл Божанованың 80 жылдығына арналған облыстық ғылыми-танымдық конференция өтті,-деп хабарлайды «PostScript.kz» ақпараттық агенттігі.

25.05.2026
in Мәдениет
0
491
SHARES
1.4k
VIEWS
Facebook-те бөлісуТелеграммен бөлісуВатсапқа жіберіңіз

Іс-шараға зиялы қауым, облыстық мәслихат депутаттары, басқармалар мен аумақтық департаменттердің басшылары, саяси партиялар мен үкіметтік емес ұйымдардың, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері, Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің профессор-оқытушылары, А.Божанованың туған-туыстары мен замандас әріптестері қатысты. Сонымен қатар, онлайн байланыс арқылы Қызылорда қаласы мен барлық аудан әкімдері қосылды.

Конференцияда сөз алған облыс әкімі өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына Алмагүл Божанқызының қосқан үлесін ерекше атап өтті.

«Алмагүл Божанқызы – білімімен, халықшыл болмысымен, еліміздің дамуына зор үлесін қосқан заңғар тұлға. Еңбек жолын ұстаздық пен бала тәрбиесі ісінен бастап, қоғамдық-саяси қызметке дейін өрбіткен ол еңбекқорлықтың нағыз үлгісін көрсетті. Тереңөзек ауданын басқарып, Тәуелсіздік жылдарындағы әйелдер арасынан шыққан алғашқы әкім ретінде ел тарихында өзіндік ізін қалдырды.

Бұл ел дамуындағы ең күрделі, жауапты уақыт еді. Осындай кезеңде ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына серпін беріп, негізгі көрсеткіштер бойынша алдыңғы қатарда болуына аянбай еңбек етті.

Еліміздің жарқын болашағына бар күш-жігерін жұмсаған, туған жеріне адал қызмет еткен қайраткер тұлғаның есімі әрдайым ел жадында сақталады», – деді аймақ басшысы.

Шарада Алмагүл Божанованың ауыл шаруашылығын, әлеуметтік саланы дамытуға, шағын және орта бизнесті қолдауға бағытталған жүйелі бастамалары кеңінен айтылды. Соның нәтижесінде бірқатар ауылдың өндірістік әлеуеті артып, даму үдерісі жалғасын тапқаны атап өтілді.

Ол облыстық мәслихат депутаты, хатшысы, «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалы төрағасының орынбасары қызметтерінде нәтижелі еңбек етіп, өңірдің қоғамдық өміріне белсенді араласты. «Ұрпақтан-ұрпаққа» қоғамдық бірлестігінің негізін қалап, азаматтық қоғам институттарының дамуына елеулі үлес қосты.

Жиында Қазақстанның Еңбек Ері Абзал Ералиев, қоғам қайраткерлері Нажмадин Мұсабаев, Әріп Хожбанов, «Ақмешіт ақшамы» газетінің бас редакторы Сәрсенкүл Бихожа және филология ғылымдарының кандидаты Айман Айтбаева оның ерен еңбегі мен ғибратты ғұмыры туралы естеліктерін бөлісті.

Айта кетейік, Алмагүл Божанқызы «Құрмет», «Парасат» ордендерімен марапатталған, Қызылорда облысының құрметті азаматы атанған. «Ердің бағын жандырған ер Балдырған», «Сыр елім –жерұйығым» сынды онға жуық кітап шығарып, аймақ руханиятында да өзіндік қолтаңбасын қалдырды.

Алдыңғы мақала

Париж көрермендеріне Сыр өнерпаздарының концерті ұсынылды

Келесі мақала

Аралда түнгі рейд жұмыстары жүргізілуде

Оқи отырыңыз

Аудан әкімі «ҚТЖ-жүк тасымалы» ЖШС бас директорымен кездесті
Қоғам

Аудан әкімі «ҚТЖ-жүк тасымалы» ЖШС бас директорымен кездесті

Аралда түнгі рейд жұмыстары жүргізілуде
Қоғам

Аралда түнгі рейд жұмыстары жүргізілуде

Париж көрермендеріне Сыр өнерпаздарының концерті ұсынылды
Мәдениет

Париж көрермендеріне Сыр өнерпаздарының концерті ұсынылды

«Мемлекеттік рәміздер – тәуелсіздік символы» облыстық семинар өтті
Қоғам

«Мемлекеттік рәміздер – тәуелсіздік символы» облыстық семинар өтті

Пікір қалдыру Отменить ответ

Сіздің email жарияланбайды. Толтыруға міндетті жолдар * ретінде белгіленген

No Result
View All Result

Басты жаңалықтар

Париж көрермендеріне Сыр өнерпаздарының концерті ұсынылды

«Мемлекеттік рәміздер – тәуелсіздік символы» облыстық семинар өтті

Аймақта 10 мыңнан астам түлек мектеп бітірді

Қоңыраудың соңғы сыңғыры

«АЙБЫН — 2026» облыстық іріктеу кезеңінің жүлдегерлері марапатталды

«Заң мен тәртіп»: «Құқықтық тәрбие — қауіпсіз қоғамның кепілі»

Өзекті жаңалықтар

Аудан әкімі «ҚТЖ-жүк тасымалы» ЖШС бас директорымен кездесті
Қоғам

Аудан әкімі «ҚТЖ-жүк тасымалы» ЖШС бас директорымен кездесті

0

Кездесу барысында «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының демеушілігімен бой көтеріп жатқан әлеуметтік нысандардың құрылыс жұмыстарымен танысып, құрылысқа...

Аралда түнгі рейд жұмыстары жүргізілуде

Аралда түнгі рейд жұмыстары жүргізілуде

Алмагүл Божанованың 80 жылдығына арналған облыстық ғылыми-танымдық конференция өтті

Алмагүл Божанованың 80 жылдығына арналған облыстық ғылыми-танымдық конференция өтті

Париж көрермендеріне Сыр өнерпаздарының концерті ұсынылды

Париж көрермендеріне Сыр өнерпаздарының концерті ұсынылды

«Мемлекеттік рәміздер – тәуелсіздік символы» облыстық семинар өтті

«Мемлекеттік рәміздер – тәуелсіздік символы» облыстық семинар өтті

PostScript

«Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің
Ақпарат комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы
КУӘЛІК № KZ17VPY00103707

Соңғы жаңалықтар
  • Аудан әкімі «ҚТЖ-жүк тасымалы» ЖШС бас директорымен кездесті
  • Аралда түнгі рейд жұмыстары жүргізілуде
  • Алмагүл Божанованың 80 жылдығына арналған облыстық ғылыми-танымдық конференция өтті
  • Париж көрермендеріне Сыр өнерпаздарының концерті ұсынылды
  • «Мемлекеттік рәміздер – тәуелсіздік символы» облыстық семинар өтті
Айдарлар

Бізге хат жолдаңыз

© 2024 PostScript — Қазақстан жаңалықтары ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар қорғалған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі аккаунтқа өтіңіз

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру

Add New Playlist

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Саясат
  • Пікір

© 2024 PostScript - Ақпараттық агенттігі