• Біз туралы
  • Серіктестер
  • Жарнама
Жексенбі, 20 қыркүйек, 2026
  • Кіру
PostScript
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
PostScript
No Result
View All Result
Home Құқық

Цифрлық бақылау құқықбұзушылықтың алдын алады

Бүгін облыс әкімі Мұрат Ергешбаев жедел басқару орталықтарының жұмысымен танысты. Қазір өңірде қоғамдық қауіпсіздікті күшейту және құқықбұзушылықтың алдын алуда заманауи цифрлық жобалар жүзеге асырылуда. 2006-2016 жылдар аралығында Қызылорда қаласына 272 бейнебақылау камерасы орнатылып, бүгінде олар тұрақты жұмыс істеп тұр,-деп хабарлайды «PostScript.kz» ақпараттық агенттігі.

24.05.2026
in Құқық
0
492
SHARES
1.4k
VIEWS
Facebook-те бөлісуТелеграммен бөлісуВатсапқа жіберіңіз

Аудан орталықтарында да 2024 жылы Жедел басқару орталықтары құрылып, аудандық полиция бөлімдерінің кезекші бөлімшелеріндегі ақпаратты қабылдау, тіркеу жұмысы автоматтандырылды. Жоба аясында 539 бейнебақылау камерасы мен 49 стационарлық жылдамдық өлшегіш құрылғы іске қосылды.

Өткен жылы аталған жүйе көмегімен 65 қылмыс, 74 мыңнан астам әкімшілік құқықбұзушылық анықталып, 807 млн теңге көлемінде айыппұл, осы жылдыңалғашқы төрт айында 27 қылмыс, 16 мыңнан астам әкімшілік құқықбұзушылық тіркеліп, 161 млн теңге айыппұл салынды.

Қоғамдық қауіпсіздікті күшейтуде былтыр

Қызылорда қаласына қосымша 1400 бейнебақылау камерасы, 20 мекенжайға зияткерлік қиылыс жүйесі және 58 мекенжайға стационарлық жылдамдық өлшегіш құрылғы қойылды. Сонымен қатар жасанды интеллект функциясы бар бейнеаналитикалық жүйе енгізіліп, Жедел басқару орталығы толық жаңғыртудан өтті.

Өткен жылы облыс көлеміндегі бейнебақылау камералары мен жылдамдық өлшегіш құрылғылар арқылы 371 мыңнан астам әкімшілік құқықбұзушылық анықталып, 4,7 млрд теңге көлемінде айыппұл салынған.

Биыл қала орталығына 10 «Sunqar» кешені орнатылды.Жаңа кешендер қауіпсіздік белдігін тақпау, жылдамдықты асыру, көлік жүргізу кезінде телефонмен сөйлесу және жаяу жүргіншілерге жол бермеу секілді құқықбұзушылықтарды автоматты түрде анықтайды.

Осы құрылғылар арқылы өткен төрт айда 26 мыңнан астам құқықбұзушылық анықталды.

Өңірде 23 «Ekin Patrol G2» мобильді жылдамдық өлшегіш құрылғысы бар. Олардың көмегімен өткен жылы 43 мыңнан астам құқықбұзушылық белгілі болған.Полиция департаменті 12 дрон құрылғысын пайдалануда. Биылғы төрт ай ішінде дрондар көмегімен республикалық маңызы бар автожолдардың қауіпті учаскелерінде 48 құқықбұзушылық тіркелген.

Бұдан бөлек, «Қазақтелеком» АҚ жүзеге асырып жатқан «Дрондардың бірыңғай инфрақұрылымы» жобасы аясында 6 ұшқышсыз ұшу аппараты пилоттық режимде іске қосылған. Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және жол-көлік оқиғаларының алдын алу бағытындағы цифрлық жобалар кезең-кезеңімен жалғаса береді.

 

Алдыңғы мақала

«Таза Қазақстан» экологиялық акциясының белсенді қатысушылары марапатталды

Келесі мақала

Жобалар бағыты — қаланы көгалдандыру және инфрақұрылымды жақсарту

Оқи отырыңыз

«Арал теңізі» теміржол вокзалы пайдалануға берілді
Әлеумет және экономика

«Арал теңізі» теміржол вокзалы пайдалануға берілді

Тоғыз жолдың торабындағы маңызды нысан қайта жаңғыртылды
Әлеумет және экономика

Тоғыз жолдың торабындағы маңызды нысан қайта жаңғыртылды

Қызылордада «Таза Қазақстан» жобасы аясында экологиялық сабақтар өтті
Экология

Қызылордада «Таза Қазақстан» жобасы аясында экологиялық сабақтар өтті

«Жастық щағымның куәсі — Қызылорда!» ретро-фестивалі өтті
Өнер

«Жастық щағымның куәсі — Қызылорда!» ретро-фестивалі өтті

Пікір қалдыру Отменить ответ

Сіздің email жарияланбайды. Толтыруға міндетті жолдар * ретінде белгіленген

No Result
View All Result

Басты жаңалықтар

«Жастық щағымның куәсі — Қызылорда!» ретро-фестивалі өтті

«Ауыл аманаты»: Қазалыда 255 жоба жүзеге асып, 300-ге жуық жұмыс орны ашылды

«Қызылордада жасалған» жиһаз – цифрлық өндіріс пен отандық брендтің жаңа белгісі

Жаңа жылу электр орталығы – ел игілігіне

Әлеуметтік нысандардың жылу беру маусымына дайындығы қандай?

Терроризмге қарсы комиссия отырысы өтті

Өзекті жаңалықтар

«Арал теңізі» теміржол вокзалы пайдалануға берілді
Әлеумет және экономика

«Арал теңізі» теміржол вокзалы пайдалануға берілді

0

Вокзал Мемлекет басшысының теміржол инфрақұрылымын жаңғырту тапсырмасы аясында жаңа келбетке ие болды. Бүгінде еліміздегі 124 вокзалда жөндеу...

Тоғыз жолдың торабындағы маңызды нысан қайта жаңғыртылды

Тоғыз жолдың торабындағы маңызды нысан қайта жаңғыртылды

Қызылордада «Таза Қазақстан» жобасы аясында экологиялық сабақтар өтті

Қызылордада «Таза Қазақстан» жобасы аясында экологиялық сабақтар өтті

«Жастық щағымның куәсі — Қызылорда!» ретро-фестивалі өтті

«Жастық щағымның куәсі — Қызылорда!» ретро-фестивалі өтті

«Ауыл аманаты»: Қазалыда 255 жоба жүзеге асып, 300-ге жуық жұмыс орны ашылды

«Ауыл аманаты»: Қазалыда 255 жоба жүзеге асып, 300-ге жуық жұмыс орны ашылды

PostScript

«Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің
Ақпарат комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы
КУӘЛІК № KZ17VPY00103707

Соңғы жаңалықтар
  • «Арал теңізі» теміржол вокзалы пайдалануға берілді
  • Тоғыз жолдың торабындағы маңызды нысан қайта жаңғыртылды
  • Қызылордада «Таза Қазақстан» жобасы аясында экологиялық сабақтар өтті
  • «Жастық щағымның куәсі — Қызылорда!» ретро-фестивалі өтті
  • «Ауыл аманаты»: Қазалыда 255 жоба жүзеге асып, 300-ге жуық жұмыс орны ашылды
Айдарлар

Бізге хат жолдаңыз

© 2024 PostScript — Қазақстан жаңалықтары ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар қорғалған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі аккаунтқа өтіңіз

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру

Add New Playlist

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Саясат
  • Пікір

© 2024 PostScript - Ақпараттық агенттігі