• Біз туралы
  • Серіктестер
  • Жарнама
Бейсенбі, 5 қараша, 2026
  • Кіру
PostScript
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
PostScript
No Result
View All Result
Home Қоғам

Түлектер тарту ретінде Аманкелді ауылының кіреберісіне жаңа қақпа орнатты

Бүгін №42 Қуаныш Баймағанбетов атындағы мектептің 2006 жылғы түлектері туған жерге деген құрмет пен азаматтық жауапкершіліктің жарқын үлгісін көрсетіп, елді мекеннің кіреберісіне сәнді қақпа орнатып, ауыл тұрғындарына тарту етті. Игі іс-шараға аудан әкімі Берік Сәрменбаев, аудандық мәслихат төрағасы Ержан Әжікенов, облыстық мәслихат депутаты Жұмабек Ембергенов және ауыл ардагерлері мен тұрғындары, түлектер қатысты,-деп хабарлайды «PostScript.kz» ақпараттық агенттігі.

25.05.2026
in Қоғам
0
492
SHARES
1.4k
VIEWS
Facebook-те бөлісуТелеграммен бөлісуВатсапқа жіберіңіз

Салтанатты іс-шара барысында аудан әкімі Берік Сәрменбаев көпке үлгі боларлық игі іске ұйытқы болған түлектерге ризашылығын білдіріп, олардың туған жерге деген жанашырлығы мен елге деген қамқорлығын ерекше атап өтті.

– Бүгін №42 Қуаныш Баймағанбетов атындағы мектептің 2006 жылғы түлектері елді мекеннің кіреберісіне жаңа қақпа орнатып, ауылға үлкен тарту жасап отыр. Бұл – туған жерге деген құрметтің, азаматтық жауапкершіліктің және елге деген сүйіспеншіліктің айқын көрінісі. Осындай жарқын бастамалары арқылы олар туған жерге деген шынайы ықыласын, ыстық сағынышын және перзенттік парызын нақты іспен дәлелдеп келеді. Мектеп – әр адамның өмір жолына бағыт-бағдар беретін қасиетті білім ордасы. Осы шаңырақта білім алып, ұстаз тәлімін көрген түлектердің арада қанша жыл өтсе де туған жерін ұмытпай, ел игілігі жолында осындай сауапты іске бастамашы болуы – үлкен өнеге. Бұл тек қақпа емес, бұл – ұрпақтар сабақтастығының, ауызбіршіліктің және туған елге деген құрметтің белгісі. Дана халқымыз «Туған жерге туыңды тік» деп бекер айтпаған. Бүгінгі түлектеріміз осы сөздің мәнін нақты іспен дәлелдеп отыр. Барлық ата-аналар мен ұстаздарға ерекше алғысымды білдіремін. Сіздердің берген тәлім-тәрбиелеріңіздің нәтижесінде елін сүйетін, туған жеріне жанашыр азаматтар өсіп шықты. Бұл – сіздердің еңбектеріңіздің жемісі. Аманкелді ауылының жаңа қақпасының ашылуымен барша ауыл тұрғындарын шын жүректен құттықтаймын, – деді БЕРІК ӘБДІҒАППАРҰЛЫ.

Аудан басшысы игі іске бастамашы болған 20 жылдық түлектерді «Алғыс хатпен» марапаттады.

Іс-шара барысында Сырдария ауданының Құрметті азаматы Мырзағали Кенбаев ауыл халқы атынан алғыс білдірсе, 2006 жылғы түлектер атынан Асылхан Піржанов сөз сөйлеп, елге қызмет ету мақтаныш екенін жеткізді.

Құрметті меймандардың қатысуымен жаңа қақпаның лента қию рәсімі өтіп, ауыл ақсақалдары мен тұрғындары игі бастаманың куәсі болып, түлектерге ақ батасын берді.

 

Алдыңғы мақала

Таза Қазақстан: Қазалы ауданында тазалық жұмыстары жүргізілуде

Келесі мақала

Сырдария ауданында жас түлектерге арналған салтанатты іс-шара өтті

Оқи отырыңыз

Қазалыдағы үш көпірдің құрылысы бақылауда: әкім нысандарды аралап, жұмыс барысын тексерді
Әлеумет және экономика

Қазалыдағы үш көпірдің құрылысы бақылауда: әкім нысандарды аралап, жұмыс барысын тексерді

Қазалыда әлеуметтік сала қызметкерлері марапатталды
Әлеумет және экономика

Қазалыда әлеуметтік сала қызметкерлері марапатталды

Құқықбұзушылықтың алдын алу тетіктері талқыланды
Құқық

Құқықбұзушылықтың алдын алу тетіктері талқыланды

Қызылордада есірткіге қарсы  байқау өткізілді
Құқық

Қызылордада есірткіге қарсы байқау өткізілді

Пікір қалдыру Отменить ответ

Сіздің email жарияланбайды. Толтыруға міндетті жолдар * ретінде белгіленген

No Result
View All Result

Басты жаңалықтар

Қызылордада есірткіге қарсы байқау өткізілді

Қызылорда жастары есірткісіз болашақты мультфильм арқылы насихаттады

Қызылорда облысында «Берік отбасы – есірткіден аулақ!» байқауының жеңімпаздары анықталды

Қазалыда қоғамдық қауіпсіздік пен жасөспірімдер қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында күшейтілген рейд жүргізілді

ЖИ vs журналист. Ақылды технология тілшінің міндетін қаншалықты мінсіз атқарады?

Қазалыда ұлттық мереке ұлықталып, елдік пен бірлікті дәріптеген кеш өтті

Өзекті жаңалықтар

Қазалыдағы үш көпірдің құрылысы бақылауда: әкім нысандарды аралап, жұмыс барысын тексерді
Әлеумет және экономика

Қазалыдағы үш көпірдің құрылысы бақылауда: әкім нысандарды аралап, жұмыс барысын тексерді

0

Алдымен аудан басшысы «Қожабақы – Бекарыстан би» аудандық маңызы бар автомобиль жолының 25-шақырымында орналасқан темірбетон көпірді қайта...

Қазалыда әлеуметтік сала қызметкерлері марапатталды

Қазалыда әлеуметтік сала қызметкерлері марапатталды

Құқықбұзушылықтың алдын алу тетіктері талқыланды

Құқықбұзушылықтың алдын алу тетіктері талқыланды

Қызылордада есірткіге қарсы  байқау өткізілді

Қызылордада есірткіге қарсы байқау өткізілді

Қызылорда жастары есірткісіз болашақты мультфильм арқылы насихаттады

Қызылорда жастары есірткісіз болашақты мультфильм арқылы насихаттады

PostScript

«Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің
Ақпарат комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы
КУӘЛІК № KZ17VPY00103707

Соңғы жаңалықтар
  • Қазалыдағы үш көпірдің құрылысы бақылауда: әкім нысандарды аралап, жұмыс барысын тексерді
  • Қазалыда әлеуметтік сала қызметкерлері марапатталды
  • Құқықбұзушылықтың алдын алу тетіктері талқыланды
  • Қызылордада есірткіге қарсы байқау өткізілді
  • Қызылорда жастары есірткісіз болашақты мультфильм арқылы насихаттады
Айдарлар

Бізге хат жолдаңыз

© 2024 PostScript — Қазақстан жаңалықтары ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар қорғалған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі аккаунтқа өтіңіз

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру

Add New Playlist

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Саясат
  • Пікір

© 2024 PostScript - Ақпараттық агенттігі