• Біз туралы
  • Серіктестер
  • Жарнама
Сейсенбі, 26 мамыр, 2026
  • Кіру
PostScript
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
PostScript
No Result
View All Result
Home Білім

Сырдария ауданында жас түлектерге арналған салтанатты іс-шара өтті

Бүгін аудан әкімі Берік Сәрменбаевтың қатысуымен оқу жылының аяқталуына орай Аманкелді ауылындағы №42 Қуаныш Баймағанбетов атындағы мектеп-лицейі түлектерінің салтанатты іс-шарасы өтті. Жас түлектерге арналған іс-шараға аудандық мәслихат төрағасы Ержан Әжікенов, облыстық мәслихат депутаты Жұмабек Ембергенов, ауыл ардагерлері, ұстаздар мен ата-аналар қатысты,-деп хабарлайды «PostScript.kz» ақпараттық агенттігі.

26.05.2026
in Білім
0
491
SHARES
1.4k
VIEWS
Facebook-те бөлісуТелеграммен бөлісуВатсапқа жіберіңіз

Аудан басшысы жиналғандарды мерекемен құттықтап, аймақ басшысы Мұрат Нәлхожаұлының алғысын жеткізді.

– Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев «Сапалы білім – жетістікке жетудің жолы әрі экономиканы дамытудың басты құралы. Жеті түрлі ілім білетін ұрпақ тәрбиелеу – бүгінгі күннің негізгі міндеті» деген болатын. Еліміздің болашағы – жастарымызға сапалы білім, саналы тәрбие беруде Президентіміздің тапсырмасымен жүйелі жұмыс атқарылуда. Жаңа дәуірде бәсекеге қабілетті ұрпақ үшін жаңа мүмкіндіктер жолы ашылуда. Бүгінде Мемлекет басшысының тапсырмасымен Сыр өңірінде білім саласын дамытуға үлкен қолдау көрсетуде. Аймағымызда соңғы жылдары 45 жаңа заманауи білім беру нысаны салынып, пайдалануға берілді. Аудан бойынша балаларды мектепке дейінгі біліммен қамту 100 пайыз шешімін тапқан. Соңғы жылдары білім саласы бойынша 2 мектеп күрделі жөндеуден өткізілсе, 7 мектепте ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді. «Қазақстан ұлттық қоры» есебінен 8 мектеп физика, химия, биология кабинеттерімен жабдықталды. Білікті ұстаздардың тынбай ізденуінің арқасында ауданда озат оқушылардың саны артуда. 2025-2026 оқу жылында 82 оқушы облыстық, республикалық деңгейдегі түрлі бағыттағы байқауларда жүлдегер атанса, 16 мұғалім кәсіби байқауларда жетістіктерге жетті. Білім саласындағы жарқын жетістіктер аудан ұстаздарының еңбегінің нәтижесі деп білемін. Мектептің жүрегі саналатын ұстаздар қауымына, оларға үнемі қолдау білдіретін сала ардагерлеріне аймақ басшысының шынайы ризашылығын жеткіземін, – деді БЕРІК ӘБДІҒАППАРҰЛЫ.

Салтанатты іс-шарада шәкірттері жетістікке жеткен ұстаздар аудан әкімінің Алғыс хатымен марапатталды. Сондай-ақ, мектептің ардагер ұстаздары мен ата-аналар да құттықтау сөз сөйлеп, бітіруші түлектерге батасын берді. Жас түлектер де ұстаздарына алғыстарын жеткізді.

Айта кетейік, биылғы оқу жылын ауданда 8149 оқушы аяқтады, оның ішінде 583 оқушы мектепті бітіреді, олардың 505-і ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысуда. Мектеп бітіруші түлектердің 53-і «Алтын белгіге», 70-і «Үздік аттестатқа» үміткер.

Алдыңғы мақала

Түлектер тарту ретінде Аманкелді ауылының кіреберісіне жаңа қақпа орнатты

Келесі мақала

«Мемлекеттік рәміздер – тәуелсіздік символы» облыстық семинар өтті

Оқи отырыңыз

Жаңақорғанда 1200-ден аса түлек мектепті тәмамдады
Білім

Жаңақорғанда 1200-ден аса түлек мектепті тәмамдады

Шиеліде түнгі рейд жұмыстары жүргізілді
Құқық

Шиеліде түнгі рейд жұмыстары жүргізілді

Қызылордада есірткіге қарсы айлықтың ашылу салтанаты өтті
Құқық

Қызылордада есірткіге қарсы айлықтың ашылу салтанаты өтті

«Салауатты болашаққа бастар сап: жастар нашақорлыққа қарсы»
Құқық

«Салауатты болашаққа бастар сап: жастар нашақорлыққа қарсы»

Пікір қалдыру Отменить ответ

Сіздің email жарияланбайды. Толтыруға міндетті жолдар * ретінде белгіленген

No Result
View All Result

Басты жаңалықтар

«Салауатты болашаққа бастар сап: жастар нашақорлыққа қарсы»

Жасөспірімдердің қауіпсіздігіне бағытталған күшейтілген түнгі рейд жұмыстары жүргізілді

Аудан әкімі «ҚТЖ-жүк тасымалы» ЖШС бас директорымен кездесті

Аралда түнгі рейд жұмыстары жүргізілуде

Алмагүл Божанованың 80 жылдығына арналған облыстық ғылыми-танымдық конференция өтті

Париж көрермендеріне Сыр өнерпаздарының концерті ұсынылды

Өзекті жаңалықтар

Жаңақорғанда 1200-ден аса түлек мектепті тәмамдады
Білім

Жаңақорғанда 1200-ден аса түлек мектепті тәмамдады

0

Аудан әкімі Мажит Самитов Жаңарық ауылындағы №167 орта мектебіндегі «Мектебім саған, мың алғыс!» атты шараға арнайы қатысты....

Шиеліде түнгі рейд жұмыстары жүргізілді

Шиеліде түнгі рейд жұмыстары жүргізілді

Қызылордада есірткіге қарсы айлықтың ашылу салтанаты өтті

Қызылордада есірткіге қарсы айлықтың ашылу салтанаты өтті

«Салауатты болашаққа бастар сап: жастар нашақорлыққа қарсы»

«Салауатты болашаққа бастар сап: жастар нашақорлыққа қарсы»

Жасөспірімдердің қауіпсіздігіне бағытталған күшейтілген түнгі рейд жұмыстары жүргізілді

Жасөспірімдердің қауіпсіздігіне бағытталған күшейтілген түнгі рейд жұмыстары жүргізілді

PostScript

«Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің
Ақпарат комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы
КУӘЛІК № KZ17VPY00103707

Соңғы жаңалықтар
  • Жаңақорғанда 1200-ден аса түлек мектепті тәмамдады
  • Шиеліде түнгі рейд жұмыстары жүргізілді
  • Қызылордада есірткіге қарсы айлықтың ашылу салтанаты өтті
  • «Салауатты болашаққа бастар сап: жастар нашақорлыққа қарсы»
  • Жасөспірімдердің қауіпсіздігіне бағытталған күшейтілген түнгі рейд жұмыстары жүргізілді
Айдарлар

Бізге хат жолдаңыз

© 2024 PostScript — Қазақстан жаңалықтары ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар қорғалған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі аккаунтқа өтіңіз

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру

Add New Playlist

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Саясат
  • Пікір

© 2024 PostScript - Ақпараттық агенттігі