• Біз туралы
  • Серіктестер
  • Жарнама
Дүйсенбі, 1 маусым, 2026
  • Кіру
PostScript
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
PostScript
No Result
View All Result
Home Спорт

Қазалыда тоғызқұмалақтан республикалық турнир өтуде

Қазалы ауданында ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына зор үлес қосқан азамат, «Құрмет белгісі» орденінің иегері, еңбек ардагері Жалпақбай Нұрмағамбетовті еске алуға арналған жасөспірімдер арасындағы республикалық турнир басталды,-деп хабарлайды «PostScript.kz» ақпараттық агенттігі.

31.05.2026
in Спорт
0
492
SHARES
1.4k
VIEWS
Facebook-те бөлісуТелеграммен бөлісуВатсапқа жіберіңіз

Бүгін аудан орталығындағы Қазалы спорт кешенінде өткен республикалық турнирдің ашылу салтанатына аудан әкімі Алмасбек Есмаханов қатысып, жарысқа қатысушыларға сәттілік тіледі.

-Ұлттық рухымызды ұлықтап, атадан балаға мирас болып келе жатқан тоғызқұмалақ ойынын насихаттауға бағытталған бұл дүбірлі дода — өскелең ұрпақты парасаттылыққа, сабыр мен зеректікке тәрбиелейтін маңызды шаралардың бірі. Биылғы турнирдің мәні мен маңызы ерекше. Бұған дейін екі мәрте облыстық деңгейде ұйымдастырылған жарыс биыл алғаш рет республикалық деңгейде өткізілуде. Бұл — Жалпақбай Нұрмағанбетұлының өнегелі өмірі мен елге сіңірген еңбегіне көрсетілген зор құрметтің айқын көрінісі. Жалпақбай Нұрмағанбетұлы — туған жерінің өсіп-өркендеуіне бар ғұмырын арнаған тағылымы мол тұлға. Еңбек жолын қарапайым мұғалімнен бастап, аудандық оқу бөлімінің инспекторы, мектеп директоры, партия комитетінің нұсқаушысы, шаруашылық басшысы секілді жауапты қызметтерді абыроймен атқарды. Ауыл шаруашылығы саласының дамуына да зор үлес қосып, егін шаруашылығы мен мал өсіру ісін ілгерілетуге ерекше еңбек сіңірді. Елге еңбегі сіңген арда азаматтың есімін ұлықтау — кейінгі ұрпақ үшін үлкен өнеге деп білеміз. Президентімдің қолдауымен өңірмізде спорт инфрақұрылымын дамыту бағытында жүйелі жұмыстар жүзеге асырылуда. Мәселен, биылғы жылдың өзінде аймақты 4 жылдан астам уақыт басқарған Нұрлыбек Машбекұлының қолдауымен «Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасы аясында Бекарыстан би ауылында жаңа спорт кешені пайдалануға берлісе, бүгінде Әйтеке би кенті мен Қожабақы ауылында заманауи спорт кешендерінің құрылысы қарқынды жүргізілуде. Биыл аудан орталығында 2 спорт алаңы жөнделіп, жаңадан 2 спорт алаңы салынды. Алдағы уақытта аудан көлемінде бұқаралық спортты дамыту мақсатында облыс әкімі Мұрат Нәлқожаұлының басшылығымен, ауданға жасаған қолдауының нәтижесінде бірқатар ауқымды жобалар жүзеге асатын болады. Тағылымды турнирдің жоғары деңгейде өтуіне атсалысып жүрген ұйымдастырушыларға, Жалпақбай Нұрмағанбетұлының ұрпақтарына, демеушілерге және спорт жанашырларына аудан тұрғындары атынан шынайы алғысымды білдіремін. Республикалық турирдің тартысты әрі қызықты өтуіне тілектеспін, — деді аудан әкімі.

Мұнан кейін Жалпақбай Нұрмағанбетұлының ұрпақтарына облыстық мәслихат төрағасы Мұрат Тлеумбетовтің Құттықтауын табыстады.

Аудан басшысынан кейін аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Оразғали Бекпанов, энергетика саласының ардагері Батыржан Қаракөзов, облыстық тоғызқұмалақ зияткерлік федерациясының вице-президенті, Әлем чемпионы, Қазақстанға еңбегі сіңген спорт шебері Хәкімжан Елеусінов мен туыстары атынан Светлана Жалпақбайқызы сөз сөйлеп, Жалпақбай Нұрмағанбетұлы жайында естеліктермен бөлісті.

Ұлттық спорт — тоғызқұмалақтан жастар мен жасөспірімдер арасындағы республикалық турнирге еліміздің Ақмола, Қостанай, Ақтөбе және Қызылорда облыстарынан және барлық аудандардан келген 160-қа жуық спортшы қатысуда. Алты күнге жалғасатын жарыста жас спортшылар өзара бақ сынап, ұлттық спорттың дамуына өз үлестерін қосатын болады.

Алдыңғы мақала

Тілдерді оқыту: мақсатты индикаторлар, KPI және нәтижеге бағдарланған модель

Келесі мақала

Қазалыда сенбілік ұйымдастырылды

Оқи отырыңыз

Қазалы: Каналдарды механикалық тазалау жұмыстары жүргізілуде
Қоғам

Қазалы: Каналдарды механикалық тазалау жұмыстары жүргізілуде

Аймақ басшысы әлеуметтік нысандарды аралады
Әлеумет және экономика

Аймақ басшысы әлеуметтік нысандарды аралады

Аймақ басшысы «Өнеркәсіпті Дамыту Қоры» АҚ басқарма төрағасының орынбасарымен кездесті
Әлеумет және экономика

Аймақ басшысы «Өнеркәсіпті Дамыту Қоры» АҚ басқарма төрағасының орынбасарымен кездесті

Аралда кезекті сенбілік жұмыстары ұйымдастырылды
Экология

Аралда кезекті сенбілік жұмыстары ұйымдастырылды

Пікір қалдыру Отменить ответ

Сіздің email жарияланбайды. Толтыруға міндетті жолдар * ретінде белгіленген

No Result
View All Result

Басты жаңалықтар

Аралда кезекті сенбілік жұмыстары ұйымдастырылды

Облыс әкімі егіс алқабына барды

Аудан әкімі айналма жол құрылысының сапасын бақылады

Қазалыда сенбілік ұйымдастырылды

Қазалыда тоғызқұмалақтан республикалық турнир өтуде

Тілдерді оқыту: мақсатты индикаторлар, KPI және нәтижеге бағдарланған модель

Өзекті жаңалықтар

Қазалы: Каналдарды механикалық тазалау жұмыстары жүргізілуде
Қоғам

Қазалы: Каналдарды механикалық тазалау жұмыстары жүргізілуде

0

Аталған жобаның жалпы құны 2 млрд 405 млн 497 мың теңгені құрайды. Құрылыс жұмыстарын қаржыландыру мақсатында 2026...

Аймақ басшысы әлеуметтік нысандарды аралады

Аймақ басшысы әлеуметтік нысандарды аралады

Аймақ басшысы «Өнеркәсіпті Дамыту Қоры» АҚ басқарма төрағасының орынбасарымен кездесті

Аймақ басшысы «Өнеркәсіпті Дамыту Қоры» АҚ басқарма төрағасының орынбасарымен кездесті

Аралда кезекті сенбілік жұмыстары ұйымдастырылды

Аралда кезекті сенбілік жұмыстары ұйымдастырылды

Облыс әкімі егіс алқабына барды

Облыс әкімі егіс алқабына барды

PostScript

«Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің
Ақпарат комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы
КУӘЛІК № KZ17VPY00103707

Соңғы жаңалықтар
  • Қазалы: Каналдарды механикалық тазалау жұмыстары жүргізілуде
  • Аймақ басшысы әлеуметтік нысандарды аралады
  • Аймақ басшысы «Өнеркәсіпті Дамыту Қоры» АҚ басқарма төрағасының орынбасарымен кездесті
  • Аралда кезекті сенбілік жұмыстары ұйымдастырылды
  • Облыс әкімі егіс алқабына барды
Айдарлар

Бізге хат жолдаңыз

© 2024 PostScript — Қазақстан жаңалықтары ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар қорғалған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі аккаунтқа өтіңіз

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру

Add New Playlist

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Саясат
  • Пікір

© 2024 PostScript - Ақпараттық агенттігі