• Біз туралы
  • Серіктестер
  • Жарнама
Дүйсенбі, 27 шілде, 2026
  • Кіру
PostScript
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
PostScript
No Result
View All Result
Home Қоғам

Шиелі аудан әкімі Айтбай Жандарбеков Ақмая, Тұран, Жуантөбе және Бестам ауылдық округтерінің тұрғындарымен кездесті

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы» Жарлығына сәйкес, Шиелі ауданының әкімі Айтбай Жандарбеков 2026 жылдың І жартыжылдығының қорытындысы бойынша Ақмая, Тұран, Жуантөбе және Бестам ауылдық округтерінің тұрғындарымен есептік кездесу өткізді, деп хабарлайды «PostScript.kz» ақпараттық агенттігі.

03.06.2026
in Қоғам
0
492
SHARES
1.4k
VIEWS
Facebook-те бөлісуТелеграммен бөлісуВатсапқа жіберіңіз

Ауыл тұрғындарымен өткен кездесулер барысында аудан әкімі Мемлекет басшысы мен Үкіметтің қолдауымен ауданда жүзеге асырылып жатқан әлеуметтік-экономикалық жобаларға, инфрақұрылымдық жұмыстарға және алдағы кезеңге жоспарланған бастамаларға кеңінен тоқталды. Сонымен қатар, тұрғындардың өмір сүру сапасын жақсарту, инженерлік-коммуникациялық желілерді жаңғырту, елді мекендерді абаттандыру және көркейту бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасатынын атап өтті.

Ақмая ауылдық округінде электр желілері мен бағаналарын жаңарту және трансформаторлар орнату жұмыстарына Қазақстан Республикасының Ұлттық Қорынан қаржы бөлініп, тиісті жұмыстар атқарылды. Ақмая ауылындағы барлық 9 көшеге жарық диодты түнгі жарық шамдары орнатылған. Ауыл спортын дамыту, жастарды бұқаралық спортқа тарту мақсатында А.Құнанбаев көшесінің бойындағы шағын футбол алаңына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. Т.Қирабай көшесінің бойынан «Балалар ойын алаңы, жаттығу алаңы мен шағын футбол алаңы» салынды.

Тұран ауылдық округінде ауылішілік көшелерді жарықтандыру ерекшелігі бойынша аудандық бюджеттен қаржы бөлініп Байдүйсен Таркешов көшесі бойына жаңадан 120 вт-тық көше жарығы және Наурызбай Қылышбаев көшесіне жарық бағаналары орнатылды. Қазіргі таңда ұзындығы 19,2 км болатын көшелерге 516 дана көше жарығы іске қосылып, елді мекеннің 81 пайызы көше жарығымен қамтылған. Сонымен қатар, ауыл тұрғындары «Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында мемлекеттен қаржы алып кәсіппен айналысуда.

Жуантөбе ауылдық округінде жыл басынан бері ауылішілік электр желілері мен трансформаторларға техникалық қызмет көрсету жұмыстары жүргізіліп, 15 көшедегі түнгі жарық шамдары жөндеуден өткізілді. Сонымен қатар, А.Иманов, Атамекен және Ш.Ділдебаев көшелеріне күрделі жөндеу жұмыстары аяқталды. Қазіргі таңда Абай тұйығы, Абай Құнанбаев, Мәдениет және Достық көшелерінде күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде.

Ал, Бестам ауылдық округінде ауыл шаруашылығы алқаптарын аяқ сумен қамтамасыз ету және су тапшылығының алдын алу мақсатында Р-12-6 каналы тазаланды. Сондай-ақ, электр энергиясының сапасын арттыру мақсатында тозығы жеткен электр желілері мен бағаналары жаңартылып, жаңа трансформаторлар орнатылды. Бұдан бөлек, ауыл тұрғындарының игілігі үшін жаңа «Бестам» клуб үйі пайдалануға беріліп, мәдени-көпшілік шараларды өткізуге қолайлы жағдай жасалды.

Кездесу барысында тұрғындар өздерін толғандырған мәселелерді көтеріп, ауылдың әлеуметтік және инфрақұрылымдық дамуына қатысты ұсыныс-пікірлерін білдірді. Аудан әкімі көтерілген әрбір мәселе назарға алынатынын айтып, оларды заң аясында кезең-кезеңімен шешу үшін тиісті жұмыстар жүргізілетінін жеткізді.

 

@Шиелі ауданы әкімінің баспасөз қызметі.

Алдыңғы мақала

Сырдария: Құқық бұзушылықтың алдын алу мәселесі бойынша комиссия отырысы өтті

Келесі мақала

Аудан әкімі Қарақұм, Ерімбетжаға ауылдарына жұмыс сапарымен барды

Оқи отырыңыз

Ардақты азаматтың есімі ұлықталды
Әлеумет және экономика

Ардақты азаматтың есімі ұлықталды

Егін шаруашылығының мәселелері талқыланды
Әлеумет және экономика

Егін шаруашылығының мәселелері талқыланды

Бірқатар саладағы ынтымақтастық туралы келісімді іске асырудың жол картасына қол қойылды
Әлеумет және экономика

Бірқатар саладағы ынтымақтастық туралы келісімді іске асырудың жол картасына қол қойылды

Құқық

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған «Креативті бейсенбі» шарасы өтті

Пікір қалдыру Отменить ответ

Сіздің email жарияланбайды. Толтыруға міндетті жолдар * ретінде белгіленген

No Result
View All Result

Басты жаңалықтар

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған «Креативті бейсенбі» шарасы өтті

Жауапты маусымға дайындық барысы талқыланды

Қызылорда облысындағы Ақжарма елді мекені табиғи газға қосылды

Сырдарияда «Алаш ақиықтары» атты танымдық шара өтті

«KAYSAR ARENA» стадионы ресми түрде ең жоғары IV санатқа ие болды

Жалағаш ауданында өндірістік жобалар – эконмикалық өсудің негізгі қозғаушы күші

Өзекті жаңалықтар

Ардақты азаматтың есімі ұлықталды
Әлеумет және экономика

Ардақты азаматтың есімі ұлықталды

0

Оған облыс әкімі Мұрат Ергешбаев, облыстық мәслихат төрағасы Мұрат Тлеумбетов, облыстық қоғамдық кеңестің төрағасы, Қорқыт ата атындағы...

Егін шаруашылығының мәселелері талқыланды

Егін шаруашылығының мәселелері талқыланды

Бірқатар саладағы ынтымақтастық туралы келісімді іске асырудың жол картасына қол қойылды

Бірқатар саладағы ынтымақтастық туралы келісімді іске асырудың жол картасына қол қойылды

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған «Креативті бейсенбі» шарасы өтті

Жауапты маусымға дайындық барысы талқыланды

Жауапты маусымға дайындық барысы талқыланды

PostScript

«Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің
Ақпарат комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы
КУӘЛІК № KZ17VPY00103707

Соңғы жаңалықтар
  • Ардақты азаматтың есімі ұлықталды
  • Егін шаруашылығының мәселелері талқыланды
  • Бірқатар саладағы ынтымақтастық туралы келісімді іске асырудың жол картасына қол қойылды
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған «Креативті бейсенбі» шарасы өтті
  • Жауапты маусымға дайындық барысы талқыланды
Айдарлар

Бізге хат жолдаңыз

© 2024 PostScript — Қазақстан жаңалықтары ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар қорғалған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі аккаунтқа өтіңіз

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру

Add New Playlist

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Саясат
  • Пікір

© 2024 PostScript - Ақпараттық агенттігі