Ұлттық спорт түрінен алты күнге созылған турнирге еліміздің Ақмола, Қостанай, Ақтөбе және Қызылорда облыстарынан және барлық аудандардан келген 160-қа жуық спортшы бақ сынасқан болатын.
Турнирдің қортындысы бойынша жеңімпаздармен қатар спортшыларға «Ең жас ойыншы», «Үздік ойыншы», ал төрешілерге «Әділ төрешілік жасағаны үшін» номинациялары мен қаржылай сыйлықтар табысталды.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді марапаттау шарасына аудан әкімінің орынбасары Мұрат Әбсұлтанов пен ардақты азаматтың жақындары қатысты.
Айта кетейік, алдағы уақытта ауданымызда Тоғызқұмалақтан арнайы турнирлер өткізіліп, ұлттық спорт түрін насихаттау, дамыту бағытында бірқатар жұмыстар қолға алынбақ.









