Әйтеке би кентіндегі Мәдени-демалыс кешен ішіндегі спорт кешені құрылысының жалпы құны 643 млн теңгені құрайды. Нысанның құрылысын «Болашақ» ЖШС мердігер мекемесі жүргізуде. Қазіргі таңда нысанда ішкі сылақ жұмыстарын жүргізу, кафель жапсыру, жылу батареяларын орнату және сыртқы абаттандыру жұмыстары атқарылуда.
Ал Қожабақы ауылындағы спорт кешенінің құрылысы жобасының құны 537,1 млн теңгені құрайды. Қазіргі таңда ғимараттың сыртқы құрылыс жұмыстары толық аяқталып, ішкі әрлеу, сырлау және сәндеу жұмыстары жүргізілуде. Инженерлік желілер толық тартылып, нысанды пайдалануға беру бағытындағы жұмыстар жоспарлы түрде жалғасуда. Құрылыс жұмыстарын «Намыс-Құрылыс» ЖШС жүзеге асыруда.









