• Біз туралы
  • Серіктестер
  • Жарнама
Бейсенбі, 5 қараша, 2026
  • Кіру
PostScript
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
PostScript
No Result
View All Result
Home Экология

Шиелі аудан әкімі Айтбай Жандарбеков «Шолпан Ана» егіс алқабындағы жұмыстармен танысты

Бүгін аудан әкімі Айтбай Жандарбеков тиісті сала басшыларымен бірге Жөлек ауылдық округіне қарасты «Шолпан Ана» шаруа қожалығының егіс алқабын аралап, атқарылып жатқан жұмыстардың барысымен танысты, деп хабарлайды «PostScript.kz» ақпараттық агенттігі.

12.06.2026
in Экология
0
491
SHARES
1.4k
VIEWS
Facebook-те бөлісуТелеграммен бөлісуВатсапқа жіберіңіз

Аталған шаруашылық биыл ауыл шаруашылығы дақылдарын әртараптандыру мақсатында 70 гектар жерге дәндік жүгері екті. Егістік алқапқа өңірдің климаттық жағдайына бейімделген, өнімділігі жоғары «ДКС 5709 ФАО 580» гибридті жүгері сорты себілген.

Қазіргі таңда жүгері дақылын дәстүрлі технология бойынша егу жұмыстары белгіленген агротехникалық талаптарға сәйкес жүргізілуде. Егіс алдында топырақ сапалы дайындалып, қажетті өңдеу жұмыстары толық атқарылған. Тұқымдар мұқият іріктеліп, белгіленген мерзімде себіліп, минералды тыңайтқыштар енгізу арқылы мол өнімнің берік негізі қалануда.

Жалпы аудан бойынша биыл 2130 гектар жерге дәндік жүгері орналастырылған. Оның ішінде 2000 гектарға су үнемдеу технологиялары қолданылып, яғни тамшылатып және жаңбырлатып суару тәсілдері арқылы егін егілсе, 130 гектар алқапқа дәстүрлі технологиямен егіс жүргізілген.

Айта кету керек, су үнемдеу технологияларын кеңінен енгізу ауыл шаруашылығы саласының тиімділігін арттырып, су ресурстарын ұтымды пайдалануға мүмкіндік береді.

 

@Шиелі ауданы әкімінің баспасөз қызметі.

Алдыңғы мақала

Арал: Қамыстыбас және Жанқожа батыр ауылдарында өрт сөндіру бекеттері ашылды

Келесі мақала

Қазалы: Жанқожа батыр ауылында «Ауыл құтқарушысы» бағдарламасы аясында өрт сөндіру бекеті ашылды

Оқи отырыңыз

Қазалыдағы үш көпірдің құрылысы бақылауда: әкім нысандарды аралап, жұмыс барысын тексерді
Әлеумет және экономика

Қазалыдағы үш көпірдің құрылысы бақылауда: әкім нысандарды аралап, жұмыс барысын тексерді

Қазалыда әлеуметтік сала қызметкерлері марапатталды
Әлеумет және экономика

Қазалыда әлеуметтік сала қызметкерлері марапатталды

Құқықбұзушылықтың алдын алу тетіктері талқыланды
Құқық

Құқықбұзушылықтың алдын алу тетіктері талқыланды

Қызылордада есірткіге қарсы  байқау өткізілді
Құқық

Қызылордада есірткіге қарсы байқау өткізілді

Пікір қалдыру Отменить ответ

Сіздің email жарияланбайды. Толтыруға міндетті жолдар * ретінде белгіленген

No Result
View All Result

Басты жаңалықтар

Қызылордада есірткіге қарсы байқау өткізілді

Қызылорда жастары есірткісіз болашақты мультфильм арқылы насихаттады

Қызылорда облысында «Берік отбасы – есірткіден аулақ!» байқауының жеңімпаздары анықталды

Қазалыда қоғамдық қауіпсіздік пен жасөспірімдер қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында күшейтілген рейд жүргізілді

ЖИ vs журналист. Ақылды технология тілшінің міндетін қаншалықты мінсіз атқарады?

Қазалыда ұлттық мереке ұлықталып, елдік пен бірлікті дәріптеген кеш өтті

Өзекті жаңалықтар

Қазалыдағы үш көпірдің құрылысы бақылауда: әкім нысандарды аралап, жұмыс барысын тексерді
Әлеумет және экономика

Қазалыдағы үш көпірдің құрылысы бақылауда: әкім нысандарды аралап, жұмыс барысын тексерді

0

Алдымен аудан басшысы «Қожабақы – Бекарыстан би» аудандық маңызы бар автомобиль жолының 25-шақырымында орналасқан темірбетон көпірді қайта...

Қазалыда әлеуметтік сала қызметкерлері марапатталды

Қазалыда әлеуметтік сала қызметкерлері марапатталды

Құқықбұзушылықтың алдын алу тетіктері талқыланды

Құқықбұзушылықтың алдын алу тетіктері талқыланды

Қызылордада есірткіге қарсы  байқау өткізілді

Қызылордада есірткіге қарсы байқау өткізілді

Қызылорда жастары есірткісіз болашақты мультфильм арқылы насихаттады

Қызылорда жастары есірткісіз болашақты мультфильм арқылы насихаттады

PostScript

«Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің
Ақпарат комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы
КУӘЛІК № KZ17VPY00103707

Соңғы жаңалықтар
  • Қазалыдағы үш көпірдің құрылысы бақылауда: әкім нысандарды аралап, жұмыс барысын тексерді
  • Қазалыда әлеуметтік сала қызметкерлері марапатталды
  • Құқықбұзушылықтың алдын алу тетіктері талқыланды
  • Қызылордада есірткіге қарсы байқау өткізілді
  • Қызылорда жастары есірткісіз болашақты мультфильм арқылы насихаттады
Айдарлар

Бізге хат жолдаңыз

© 2024 PostScript — Қазақстан жаңалықтары ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар қорғалған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі аккаунтқа өтіңіз

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру

Add New Playlist

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Саясат
  • Пікір

© 2024 PostScript - Ақпараттық агенттігі