• Біз туралы
  • Серіктестер
  • Жарнама
Дүйсенбі, 15 маусым, 2026
  • Кіру
PostScript
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
PostScript
No Result
View All Result
Home Қоғам

Маңызды жобалар мен құрылыс нысандары бақылауда

Бүгін аймақ басшысы Мұрат Ергешбаев қала аумағындағы бірқатар нысанды аралап, алдымен Тасбөгеттегі бас су жинау қоймасына барды,- деп хабарлайды “PostScript.kz” ақпараттық агенттігі

14.06.2026
in Қоғам
0
492
SHARES
1.4k
VIEWS
Facebook-те бөлісуТелеграммен бөлісуВатсапқа жіберіңіз

Нысанның тәуліктік қуаты 56 500 текше метр, «Степь», «Арай» және «Бас тоғаннан» алынған таза су арнайы су сақтау қоймаларына жиналады. Кейін насос станциясы арқылы төрт су құбыры желісімен қала тұрғындарына жеткізіледі. Сырдария өзенінен алынатын су механикалық тазартудың бес кезеңінен өткізіледі. Зертхана мамандары ауызсудың сапалық құрамын тәулік бойы тұрақты бақылауда ұстап, тиісті сараптамалар жүргізеді.

Облыс әкімі жауапты басшыларға жұмысты жүйелі үйлестіріп, тұрақты бақылауды тапсырды.

Бүгінде «Қызылорда автобус паркі» ЖШС-нің 300 қоғамдық көлігі қала аумағына 32 бағыт бойынша қатынайды. Серіктестікте 700-ге жуық адам еңбек етеді.
Мұрат Нәлқожаұлы жолаушыларға көрсетілетін қызмет сапасын арттыруды тапсырды.

Келесі нысан — Абай даңғылы бойындағы тұрғын үйлер аулаларына салынып жатқан спорт және балалар ойын алаңдарының құрылысы. 1,9 млрд теңгенің жобасы аясында 29 тұрғын үйдің ауласына ойын, шағын футбол және воркаут алаңдары салынады.
Бас мердігер – «Еңбек» РМК.
Өңір басшысы балалар қауіпсіздігін басты назарда ұстап, құрылысты сапалы әрі белгіленген мерзімде аяқтауды тапсырды.

Бұдан кейін Қорқыт ата атындағы Қызылорда университеті жанынан бой көтеріп жатқан Инжинирингтік парктің құрылыс алаңына барды. Парк құрамында археология және физика-химиялық талдау әдістері зертханалары, жасанды интеллект және академиялық басымдық орталықтары, робототехника, жерді қашықтан зондтау және ІТ зертханалары жұмыс істейді.
Сонымен қатар 90 орындық дәрісхана, 140 орындық конференц-зал және заманауи компьютерлік аудиториялар қарастырылған. Нысанды осы жылы пайдалануға беру жоспарланған.

Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

Алдыңғы мақала

Шиелі аудан әкімі Айтбай Жандарбеков «Шолпан Ана» егіс алқабындағы жұмыстармен танысты

Келесі мақала

Облыс әкімі Қарауылтөбедегі өрт сөндіру бекетінің ашылуына барды

Оқи отырыңыз

Жаңақорғанның туристік әлеуетін көтеру мәселесі талқыланды
Әлеумет және экономика

Жаңақорғанның туристік әлеуетін көтеру мәселесі талқыланды

Жаңақорғандықтар Азия чемпионатында жеңіске жеткен спортшыларды қошеметпен қарсы алды
Спорт

Жаңақорғандықтар Азия чемпионатында жеңіске жеткен спортшыларды қошеметпен қарсы алды

Жаңақорған ауданында халық үшін маңызды жобалар жүзеге асырылып жатыр
Әлеумет және экономика

Жаңақорған ауданында халық үшін маңызды жобалар жүзеге асырылып жатыр

«РЭП – есірткіге қарсы!» атты облыстық рэп орындаушылар байқауының қорытындысы шығарылды
Құқық

«РЭП – есірткіге қарсы!» атты облыстық рэп орындаушылар байқауының қорытындысы шығарылды

Пікір қалдыру Отменить ответ

Сіздің email жарияланбайды. Толтыруға міндетті жолдар * ретінде белгіленген

No Result
View All Result

Басты жаңалықтар

«РЭП – есірткіге қарсы!» атты облыстық рэп орындаушылар байқауының қорытындысы шығарылды

Жергілікті команда жеңіске жетті

Облыс әкімі Қарауылтөбедегі өрт сөндіру бекетінің ашылуына барды

Маңызды жобалар мен құрылыс нысандары бақылауда

Шиелі аудан әкімі Айтбай Жандарбеков «Шолпан Ана» егіс алқабындағы жұмыстармен танысты

Ат үстінде шыңдалған азамат

Өзекті жаңалықтар

Жаңақорғанның туристік әлеуетін көтеру мәселесі талқыланды
Әлеумет және экономика

Жаңақорғанның туристік әлеуетін көтеру мәселесі талқыланды

0

«Руханият орталығында» өткен жиынға аудан активі қатысып, өңірдің әлеуметтік - экономикалық даму бағыттары мен алдағы міндеттер талқыланды....

Жаңақорғандықтар Азия чемпионатында жеңіске жеткен спортшыларды қошеметпен қарсы алды

Жаңақорғандықтар Азия чемпионатында жеңіске жеткен спортшыларды қошеметпен қарсы алды

Жаңақорған ауданында халық үшін маңызды жобалар жүзеге асырылып жатыр

Жаңақорған ауданында халық үшін маңызды жобалар жүзеге асырылып жатыр

«РЭП – есірткіге қарсы!» атты облыстық рэп орындаушылар байқауының қорытындысы шығарылды

«РЭП – есірткіге қарсы!» атты облыстық рэп орындаушылар байқауының қорытындысы шығарылды

Жергілікті команда жеңіске жетті

Жергілікті команда жеңіске жетті

PostScript

«Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің
Ақпарат комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы
КУӘЛІК № KZ17VPY00103707

Соңғы жаңалықтар
  • Жаңақорғанның туристік әлеуетін көтеру мәселесі талқыланды
  • Жаңақорғандықтар Азия чемпионатында жеңіске жеткен спортшыларды қошеметпен қарсы алды
  • Жаңақорған ауданында халық үшін маңызды жобалар жүзеге асырылып жатыр
  • «РЭП – есірткіге қарсы!» атты облыстық рэп орындаушылар байқауының қорытындысы шығарылды
  • Жергілікті команда жеңіске жетті
Айдарлар

Бізге хат жолдаңыз

© 2024 PostScript — Қазақстан жаңалықтары ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар қорғалған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі аккаунтқа өтіңіз

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру

Add New Playlist

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Саясат
  • Пікір

© 2024 PostScript - Ақпараттық агенттігі