Әлбетте, тәжірибе жоқ жерде теорияның әсері шектеулі. Сондықтан, жаттығу барысында қызметкерлер атыс қаруын қауіпсіз пайдалану ережелерін қайталап, автоматты бөлшектеу мен жинақтау тәртібін жетілдірді. Көздеу дәлдігін арттыру, жедел әрекет ету дағдысына ден қойғаны да сол. Жеке құраммен жұмыс жөніндегі тобының кәсіби даярлық және дене шынықтыру жөніндегі аға инспекторы, әділет лейтенанты Фердауси Ертай әрбір қызметкердің әрекетіне жеке назар аударып, әдістемелік тұрғыдан түсіндірме беріп отырды.
Мекеменің тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, әділет майоры Мирамбек Ұзақұлының айтуынша, мұндай дайындық нақты жағдайда абдырамай, іске көшуге ықпал етеді.
З.Қонысжан









