• Біз туралы
  • Серіктестер
  • Жарнама
Жұма, 19 маусым, 2026
  • Кіру
PostScript
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
PostScript
No Result
View All Result
Home Қоғам

Облыс әкімі еңбегімен үлгі болған әкеге үш бөлмелі пәтер табыстады

Бүгін облыс әкімі Мұрат Ергешбаевтың қатысуымен «Әке тәрбиесі – ұлттың рухани діңгегі» атты облыстық әкелер форумы өтті. Оған «Әкелер одағы» республикалық қоғамдық бірлестігі төрағасының орынбасары Бекдайыр Күзембай, мәслихат депутаттары, зиялы қауым өкілдері, аудандардан келген, түрлі салада табысқа жетіп, кәсібі мен еңбегі арқылы елге үлгі болып жүрген азаматтар қатысты,-деп хабарлайды «PostScript.kz» ақпараттық агенттігі.

19.06.2026
in Қоғам
0
491
SHARES
1.4k
VIEWS
Facebook-те бөлісуТелеграммен бөлісуВатсапқа жіберіңіз

Биыл әкелер форумы төртінші мәрте ұйымдастырылуда. Бұл – ұлттық құндылықтарды дәріптеп, ер азаматтың отбасы мен қоғамдағы мәртебесін арттыруға бағытталған маңызды алаң.

 

«Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы: «Әке жауапкершілігі – отбасының беріктігі мен ұрпақ тәрбиесінің негізі. Біздің қоғамда әкенің рөлін арттыру, оның отбасындағы беделін нығайту – өте маңызды міндет» деген болатын.

Ұлттың сапасы, болашақ ұрпақтың азаматтық болмысы әкенің берген тәрбиесіне тікелей байланысты. Жаңа Конституциямызда «Неке мен отбасы, ана мен әке және бала мемлекеттің қорғауында болады» деп нақты көрсетілген. Бұл отбасы құндылықтары мемлекеттік саясаттың негізгі өзегіне айналғанын айқын дәлелдейді. Әке – тек отбасын асыраушы емес, баланы жауапкершілікке, еңбекқорлыққа және Отанға деген сүйіспеншілікке баулитын алғашқы мектеп.

Баланың болашағына әсер ететін ең қуатты күш – отбасындағы тәрбие, әкенің өнегесі. Сондықтан, «Адал адам», «Заң мен тәртіп», «Таза Қазақстан» секілді мемлекеттік бастамаларды қоғамда орнықтыру ең алдымен отбасынан басталуы тиіс. Баршаңызды ел мүддесіне адал қызмет етуге және ұрпақ тәрбиесіне зор жауапкершілікпен қарауға шақырамын», – деді МҰРАТ НӘЛҚОЖАҰЛЫ.

 

Іс-шарада отбасы құндылықтарын насихаттап, өскелең ұрпақ тәрбиесіне елеулі үлес қосып жүрген әкелер облыс әкімінің Алғыс хатымен және бағалы сыйлықтармен марапатталды. «Әкелер одағы» республикалық қоғамдық бірлестігі төрағасының орынбасары Бекдайыр Нығметұлы, ішкі істер органдарының ардагері Әмірбек Бердібекұлы, жас ақын, республикалық Ғани Мұратбаев атындағы жастар сыйлығының иегері Ақжол Ғабитұлы, өнегелі әке Дәулет Амангелдіұлы тақырып аясында мазмұнды баяндама жасады. «Қазақстан дауысы – 2023» жобасының финалисі Нұрислам Тілеухан әсем ән орындап, оған қоғамдық бірлестік атынан смарт-теледидар сыйға берілді.

Форумда «Қызылорда» супермаркетінің жұмысшысы Камалов Жандос Құдайбергенұлына үш бөлмелі пәтердің кілті табысталды. Жандос Құдайбергенұлы – мүмкіндігі шектеулі жұбайына және екі баласына қамқор болып отырған ардақты әке.

@Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

Алдыңғы мақала

Тәлім мен таным түйіскен тұс

Келесі мақала

«Жүректегі жапырақ» кітабының таныстырылымы өтті

Оқи отырыңыз

«Жүректегі жапырақ» кітабының таныстырылымы өтті
Мәдениет

«Жүректегі жапырақ» кітабының таныстырылымы өтті

Тәлім мен таным түйіскен тұс
Құқық

Тәлім мен таным түйіскен тұс

Тазалыққа үн қосқан ұжым
Құқық

Тазалыққа үн қосқан ұжым

Еңбекпен биіктеген тұлға. Жаңақорғанда Машбек Сапарбайұлының 100 жылдығына арналған шара өтті
Қоғам

Еңбекпен биіктеген тұлға. Жаңақорғанда Машбек Сапарбайұлының 100 жылдығына арналған шара өтті

Пікір қалдыру Отменить ответ

Сіздің email жарияланбайды. Толтыруға міндетті жолдар * ретінде белгіленген

No Result
View All Result

Басты жаңалықтар

Тазалыққа үн қосқан ұжым

Еңбекпен биіктеген тұлға. Жаңақорғанда Машбек Сапарбайұлының 100 жылдығына арналған шара өтті

Түнгі рейд жұмыстары жүргізілді

Көгалдандыру жумыстары-аудан келбетінің айнасы

Ақсу ауылының көшелеріне асфальт төселуде

Мемлекеттік қызметтегі шектеулер түсіндірілді

Өзекті жаңалықтар

«Жүректегі жапырақ» кітабының таныстырылымы өтті
Мәдениет

«Жүректегі жапырақ» кітабының таныстырылымы өтті

0

Оған облыс әкімінің орынбасары, Қазақстан Республикасы Президентінің «Байқоңыр» кешеніндегі арнаулы өкілі Қайрат Нұртай, облыстық мәслихат төрағасы Мұрат...

Облыс әкімі еңбегімен үлгі болған әкеге үш бөлмелі пәтер табыстады

Облыс әкімі еңбегімен үлгі болған әкеге үш бөлмелі пәтер табыстады

Тәлім мен таным түйіскен тұс

Тәлім мен таным түйіскен тұс

Тазалыққа үн қосқан ұжым

Тазалыққа үн қосқан ұжым

Еңбекпен биіктеген тұлға. Жаңақорғанда Машбек Сапарбайұлының 100 жылдығына арналған шара өтті

Еңбекпен биіктеген тұлға. Жаңақорғанда Машбек Сапарбайұлының 100 жылдығына арналған шара өтті

PostScript

«Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің
Ақпарат комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы
КУӘЛІК № KZ17VPY00103707

Соңғы жаңалықтар
  • «Жүректегі жапырақ» кітабының таныстырылымы өтті
  • Облыс әкімі еңбегімен үлгі болған әкеге үш бөлмелі пәтер табыстады
  • Тәлім мен таным түйіскен тұс
  • Тазалыққа үн қосқан ұжым
  • Еңбекпен биіктеген тұлға. Жаңақорғанда Машбек Сапарбайұлының 100 жылдығына арналған шара өтті
Айдарлар

Бізге хат жолдаңыз

© 2024 PostScript — Қазақстан жаңалықтары ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар қорғалған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі аккаунтқа өтіңіз

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру

Add New Playlist

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Саясат
  • Пікір

© 2024 PostScript - Ақпараттық агенттігі