• Біз туралы
  • Серіктестер
  • Жарнама
Сенбі, 20 маусым, 2026
  • Кіру
PostScript
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
PostScript
No Result
View All Result
Home Әлеумет және экономика

Салық базасын ұлғайту жүйелі жұмысты қажет етеді

Бүгін облыс әкімі Мұрат Ергешбаев, облыстық мәслихат төрағасы Мұрат Тлеумбетовтің Қармақшы ауданына жұмыс сапары аясында Жосалы кентіндегі «Руханият орталығында» аудан активінің жиыны өтті. Онда өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму бағыттары мен алдағы міндеттер талқыланды,-деп хабарлайды «PostScript.kz» ақпараттық агенттігі.

19.06.2026
in Әлеумет және экономика
0
492
SHARES
1.4k
VIEWS
Facebook-те бөлісуТелеграммен бөлісуВатсапқа жіберіңіз

Аймақ басшысы бірқатар өзекті мәселеге тоқталып, салық базасын ұлғайту, шетелдік инвесторлармен келіссөз жүргізу, су үнемдеу технологияларын енгізу, құрылыс сапасын бақылауды күшейту және газдандыру деңгейін арттыру бойынша нақты тапсырмалар берді.

 

«Ауданның қаңтар-мамыр айларындағы негізгі макроэкономикалық көрсеткіштерінде оң динамика қалыптасқан. Қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз етуде салық базасын ұлғайту ерекше маңызға ие. Кент және ауылдық округ әкімдері осы ретте жүйелі жұмыс жүргізуі тиіс. Ішкі мүмкіндіктер мен экономикалық әлеуетті тиімді пайдалана отырып, жаңа инвестициялық жобаларды қолға алу қажет.

2023 жылдан бері күріш егісінің көлемі 1 158 гектарға қысқарды. Ауданда 33 шаруашылық каналы бар болса, соның 9-на жоба-сметалық құжаттама әзірлеу жоспарланған. Суды аз қажет ететін дақылдарға басымдық беруді тапсырамын. Жобаларды әзірлеп, «Байқоңыр» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясымен бірлесіп жұмыс жасаңыздар», – деді облыс әкімі.

 

Кейінгі төрт жылда Қармақшы ауданында 267 пәтер берілген. Тұрғын үй құрылысы биыл да жалғасады. Жауапты басшылар құрылыс сапасына бақылауды күшейтуі керек.

Қармақшыда газдандыру көрсеткіші 79,2 пайыз, бүгінде Иіркөл және Төребай би ауылдарына табиғи газ қосу қарқынды жүргізілуде. Аймақ басшысы облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасымен бірлесіп, басқа ауылдарға да кезең-кезеңімен газ жеткізуді тапсырды.

«Жасыл даму» акционерлік қоғамының қаржыландыруымен өңірде 98,7 млрд. теңгеге 9 жоба іске асырылуда. Қармақшы ауданында «Грин Орда Проект» серіктестігінің жобасы жоспарланған. Алдағы уақытта жұмыс қарқынын арттырып, екінші кезең сараптамасына құжат тапсыру керек.

Бұдан бөлек, жауапты тұлғаларға қоғамдық тәртіпті нығайту және Конго-Қырым геморрагиялық қызбасы бойынша эпидемиологиялық ахуалды тұрақты бақылауда ұстау міндеттелді.

Кездесуде тұрғындар мен ауыл ақсақалдары өзекті мәселелерді көтеріп, ұсыныстарын ортаға салды.

Осы сапарда аймақ басшысы қармақшылық үздік оқушылармен кездесіп, олардың ұстаздарымен бірлесіп жасаған қолөнер бұйымдарын және заманауи технологияларды пайдалана отырып жүзеге асырған тың жобаларының көрмесін тамашалады.

Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

Алдыңғы мақала

Жаңақорғанда медицина қызметкерлерінің мерекесі аталып өтті

Келесі мақала

Облыс әкімі Қармақшы ауданына жұмыс сапарымен барды

Оқи отырыңыз

Аймақта «Ұлт саулығын ұлықтаған дәрігер» атты салтанатты шара өтті
Денсаулық

Аймақта «Ұлт саулығын ұлықтаған дәрігер» атты салтанатты шара өтті

«Жүректегі жапырақ» кітабының таныстырылымы өтті
Мәдениет

«Жүректегі жапырақ» кітабының таныстырылымы өтті

Облыс әкімі еңбегімен үлгі болған әкеге үш бөлмелі пәтер табыстады
Қоғам

Облыс әкімі еңбегімен үлгі болған әкеге үш бөлмелі пәтер табыстады

Тәлім мен таным түйіскен тұс
Құқық

Тәлім мен таным түйіскен тұс

Пікір қалдыру Отменить ответ

Сіздің email жарияланбайды. Толтыруға міндетті жолдар * ретінде белгіленген

No Result
View All Result

Басты жаңалықтар

Тәлім мен таным түйіскен тұс

Тазалыққа үн қосқан ұжым

Еңбекпен биіктеген тұлға. Жаңақорғанда Машбек Сапарбайұлының 100 жылдығына арналған шара өтті

Түнгі рейд жұмыстары жүргізілді

Көгалдандыру жумыстары-аудан келбетінің айнасы

Облыс әкімі Қармақшыдағы «Шакизада» шаруа қожалығының тыныс-тіршілігімен танысты

Өзекті жаңалықтар

Аймақта «Ұлт саулығын ұлықтаған дәрігер» атты салтанатты шара өтті
Денсаулық

Аймақта «Ұлт саулығын ұлықтаған дәрігер» атты салтанатты шара өтті

0

Оған облыс әкімі Мұрат Ергешбаев, ҚР Парламенті Сенатының депутаттары Нұртөре Жүсіп, Бекбол Орынбасаров, Амангелді Есбай, құқық қорғау...

«Жүректегі жапырақ» кітабының таныстырылымы өтті

«Жүректегі жапырақ» кітабының таныстырылымы өтті

Облыс әкімі еңбегімен үлгі болған әкеге үш бөлмелі пәтер табыстады

Облыс әкімі еңбегімен үлгі болған әкеге үш бөлмелі пәтер табыстады

Тәлім мен таным түйіскен тұс

Тәлім мен таным түйіскен тұс

Тазалыққа үн қосқан ұжым

Тазалыққа үн қосқан ұжым

PostScript

«Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің
Ақпарат комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы
КУӘЛІК № KZ17VPY00103707

Соңғы жаңалықтар
  • Аймақта «Ұлт саулығын ұлықтаған дәрігер» атты салтанатты шара өтті
  • «Жүректегі жапырақ» кітабының таныстырылымы өтті
  • Облыс әкімі еңбегімен үлгі болған әкеге үш бөлмелі пәтер табыстады
  • Тәлім мен таным түйіскен тұс
  • Тазалыққа үн қосқан ұжым
Айдарлар

Бізге хат жолдаңыз

© 2024 PostScript — Қазақстан жаңалықтары ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар қорғалған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі аккаунтқа өтіңіз

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру

Add New Playlist

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Саясат
  • Пікір

© 2024 PostScript - Ақпараттық агенттігі