Сенбілік барысында аудан орталығындағы орталық көшелер мен әлеуметтік нысандар маңы, қоғамдық орындар және қала шетіндегі аумақтар, сондай-ақ елді мекендердегі қоғамдық орындар тазартылып, ретсіз тасталған қоқыстар жиналды. Көше бойы мен жол жиегінде санитарлық талаптарға сай тазалық жұмыстары жүргізілді.
Сонымен қатар, жиналған тұрмыстық қалдықтар мен шабылған шөптер арнайы техникалардың көмегімен белгіленген орындарға шығарылды.
Аудан көлемінде ұйымдастырылған жаппай тазалық шарасына мекеме-кәсіпорын қызметкерлері, тұрғындар мен еріктілер белсенді қатысып, туған өлкенің тазалығы мен көркеюіне өз үлестерін қосты.









