Арал қаласы бойынша сайлаушылар саны 22 989 адамды құрайды. Қала әкімі лауазымына үміткер ретінде 4 кандидат өзін-өзі ұсынып, сайлаушылар өз таңдауларын жасауда.
Сайлау учаскелеріндегі ахуал тұрақты. Тұрғындар саяси науқанға белсенді қатысып, азаматтық жауапкершіліктерін танытуда. Учаскелерде мерекелік көңіл күй қалыптасып, сайлаушылардың белсенділігі жоғары екені байқалады.
Мәселен, №48 сайлау учаскесінде барлығы 1085 сайлаушы тіркелген болса, сағат 12:00-дегі мәлімет бойынша олардың жартысына жуығы өз таңдауларын жасап үлгерген.
Сайлау науқаны заң талаптарына сәйкес ұйымдастырылып, тұрғындар өздерінің конституциялық құқықтары бойынша өз таңдауларын жасауда.









