• Біз туралы
  • Серіктестер
  • Жарнама
Бейсенбі, 5 қараша, 2026
  • Кіру
PostScript
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
PostScript
No Result
View All Result
Home Әлеумет және экономика

Арал ауданында инвестициялық жоба аясында көпфункционалды жол бойы кешені қалыптасуда

Арал ауданында жол бойы инфрақұрылымын дамыту, қызмет көрсету сапасын арттыру және инвестициялық тартымдылықты күшейту бағытында ауқымды жобалар жүзеге асырылуда. Солардың бірі - Эко Энерджи Плюс ЖШС-нің автомобиль газ толтыру компрессорлық станциясы бар көпфункционалды жол бойындағы кешен салу жобасы,-деп хабарлайды «PostScript.kz» ақпараттық агенттігі.

11.06.2026
in Әлеумет және экономика
0
492
SHARES
1.4k
VIEWS
Facebook-те бөлісуТелеграммен бөлісуВатсапқа жіберіңіз

Кешен 2 гектар аумақта орналасқан және оның негізгі бағыты — көлік жүргізушілеріне кешенді қызмет көрсету инфрақұрылымын қалыптастыру. Қазіргі таңда мұнда метан газ толтыру компрессорлық станциясы жұмыс істеп тұр. Бұл автокөліктерді экологиялық таза отын түрімен қамтамасыз етуге мүмкіндік беріп, өңірдегі көлік саласының жаңғыруына жол ашуда.

Жоба толық аяқталған жағдайда кешен жол бойындағы сервистік қызметтердің кең спектрін ұсынатын көпфункционалды орталыққа айналмақ. Атап айтқанда, мұнда 2 колонкалы газ құю бекетімен қатар, азық-түлік дүкені, намазхана, 100 адамға арналған асхана, көлік жөндеу орталығы және капсульдік қонақ үй қызметі қарастырылған. Бұл өз кезегінде жол жүріп өтетін азаматтар үшін барлық қажетті жағдайды бір жерде қамтитын заманауи инфрақұрылым қалыптастырады.

Сонымен қатар, жобаның екінші кезеңін іске асыру жоспарланған. Толық іске қосылған жағдайда кешен жылына шамамен 12 мың автокөлікті метан газымен қамтамасыз ету мүмкіндігіне ие болады. Бұл өңірдегі отын нарығын әртараптандыруға, экологиялық жүктемені азайтуға және жол бойы сервистік қызмет сапасын жаңа деңгейге көтеруге ықпал етеді.

Аталған инвестициялық жоба Арал ауданының көлік-логистикалық әлеуетін арттырып қана қоймай, жаңа жұмыс орындарын ашу, жергілікті кәсіпкерлікті дамыту және инфрақұрылымдық серпіліс беру жағынан да маңызды рөл атқарады. Ауқымды бастама өңірдің даму бағытын айқындайтын стратегиялық жобалардың біріне айналып отыр.

Алдыңғы мақала

Арал: Сексеуіл кентінде көлік жөндеу қызметі дамуда

Келесі мақала

Білек күшінің бабы білінді

Оқи отырыңыз

Қазалыдағы үш көпірдің құрылысы бақылауда: әкім нысандарды аралап, жұмыс барысын тексерді
Әлеумет және экономика

Қазалыдағы үш көпірдің құрылысы бақылауда: әкім нысандарды аралап, жұмыс барысын тексерді

Қазалыда әлеуметтік сала қызметкерлері марапатталды
Әлеумет және экономика

Қазалыда әлеуметтік сала қызметкерлері марапатталды

Құқықбұзушылықтың алдын алу тетіктері талқыланды
Құқық

Құқықбұзушылықтың алдын алу тетіктері талқыланды

Қызылордада есірткіге қарсы  байқау өткізілді
Құқық

Қызылордада есірткіге қарсы байқау өткізілді

Пікір қалдыру Отменить ответ

Сіздің email жарияланбайды. Толтыруға міндетті жолдар * ретінде белгіленген

No Result
View All Result

Басты жаңалықтар

Қызылордада есірткіге қарсы байқау өткізілді

Қызылорда жастары есірткісіз болашақты мультфильм арқылы насихаттады

Қызылорда облысында «Берік отбасы – есірткіден аулақ!» байқауының жеңімпаздары анықталды

Қазалыда қоғамдық қауіпсіздік пен жасөспірімдер қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында күшейтілген рейд жүргізілді

ЖИ vs журналист. Ақылды технология тілшінің міндетін қаншалықты мінсіз атқарады?

Қазалыда ұлттық мереке ұлықталып, елдік пен бірлікті дәріптеген кеш өтті

Өзекті жаңалықтар

Қазалыдағы үш көпірдің құрылысы бақылауда: әкім нысандарды аралап, жұмыс барысын тексерді
Әлеумет және экономика

Қазалыдағы үш көпірдің құрылысы бақылауда: әкім нысандарды аралап, жұмыс барысын тексерді

0

Алдымен аудан басшысы «Қожабақы – Бекарыстан би» аудандық маңызы бар автомобиль жолының 25-шақырымында орналасқан темірбетон көпірді қайта...

Қазалыда әлеуметтік сала қызметкерлері марапатталды

Қазалыда әлеуметтік сала қызметкерлері марапатталды

Құқықбұзушылықтың алдын алу тетіктері талқыланды

Құқықбұзушылықтың алдын алу тетіктері талқыланды

Қызылордада есірткіге қарсы  байқау өткізілді

Қызылордада есірткіге қарсы байқау өткізілді

Қызылорда жастары есірткісіз болашақты мультфильм арқылы насихаттады

Қызылорда жастары есірткісіз болашақты мультфильм арқылы насихаттады

PostScript

«Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің
Ақпарат комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы
КУӘЛІК № KZ17VPY00103707

Соңғы жаңалықтар
  • Қазалыдағы үш көпірдің құрылысы бақылауда: әкім нысандарды аралап, жұмыс барысын тексерді
  • Қазалыда әлеуметтік сала қызметкерлері марапатталды
  • Құқықбұзушылықтың алдын алу тетіктері талқыланды
  • Қызылордада есірткіге қарсы байқау өткізілді
  • Қызылорда жастары есірткісіз болашақты мультфильм арқылы насихаттады
Айдарлар

Бізге хат жолдаңыз

© 2024 PostScript — Қазақстан жаңалықтары ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар қорғалған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі аккаунтқа өтіңіз

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру

Add New Playlist

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Саясат
  • Пікір

© 2024 PostScript - Ақпараттық агенттігі