• Біз туралы
  • Серіктестер
  • Жарнама
Сейсенбі, 28 шілде, 2026
  • Кіру
PostScript
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
PostScript
No Result
View All Result
Home Спорт

Аралда жаңа футбол алаңы пайдалануға берілді

Бүгін №19 Арал ауданының олимпиадалық резервтің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер мектебінің бокс залы аумағында жаңа шағын футбол алаңы пайдалануға берілді,-деп хабарлайды «PostScript.kz» ақпараттық агенттігі.

21.06.2026
in Спорт
0
492
SHARES
1.4k
VIEWS
Facebook-те бөлісуТелеграммен бөлісуВатсапқа жіберіңіз

Заманауи спорт нысаны ауданымыздың тумасы, белгілі кәсіпкер әрі меценат, Астана қаласының Бокс федерациясының басшысы Алмат Досымовтың демеушілігімен салынып, жобаға жеке қаражаты есебінен 12 миллион теңге қаржы жұмсалды.

Салтанатты шараға қатысқан аудан әкімінің орынбасары Нұрмұхамед Бохаев бұл игі бастаманың жастардың спортпен тұрақты айналысуына, салауатты өмір салтын қалыптастыруға және бұқаралық спортты дамытуға серпін беретінін атап өтті.

Бүгінде аталған спорт кешенінде 220 жасөспірім төрт білікті жаттықтырушының жетекшілігімен жаттығып келеді. Мұнда облыс пен республика деңгейінде жоғары жетістіктерге жеткен, халықаралық жарыстарда ел намысын қорғап жүрген талантты спортшылар тәрбиеленуде.

Шара барысында аудан әкімінің орынбасары Н.Бохаев туған жердің әлеуметтік дамуына тұрақты қолдау көрсетіп келе жатқан кәсіпкер Алмат Досымовқа аудан тұрғындары атынан алғыс білдіріп, ауданның ең жоғарғы марапаты «Құрмет грамотасын» табыстады.

Айта кетейік, туған жердің бүгініне бей-жай қарамай, ертеңіне жанашырлық танытып жүрген кәсіпкер, «Almara Petroleum» ЖШС директоры Алмат Маратұлы бұған дейін де көптеген әлеуметтік жобаларға демеушілік жасап келеді. Соның бірі ретінде қаладағы №62 мектеп-лицейі базасынан заманауи телестудия кабинетінің ашылуына көрсеткен қолдауын айтсақ болады.

Мұнан бөлек осы мектепке музыкалық құрылғы және өзі оқыған №14 мектеп-лицейіне 8 интерактивті тақта, 2 кеңсеге орындығымен 30 парта және музыкалық құрылығы алып беріп, қайырымдылықтың айрықша үлгісін көрсеткенін бірі білсе, бірі білмес.

Бүгін жұртшылық куә болған жаңа футбол алаңы жас спортшылардың жетістіктерін еселеп, болашақ чемпиондардың қалыптасуына қызмет етеді деп сенеміз.

Аудан әкімдігінің баспасөз қызметі

Алдыңғы мақала

Үстел теннисінің үздіктері марапатталды

Келесі мақала

Аралда шегіртке зиянкестеріне қарсы химиялық өңдеу жұмыстары жүргізілуде

Оқи отырыңыз

Ардақты азаматтың есімі ұлықталды
Әлеумет және экономика

Ардақты азаматтың есімі ұлықталды

Егін шаруашылығының мәселелері талқыланды
Әлеумет және экономика

Егін шаруашылығының мәселелері талқыланды

Бірқатар саладағы ынтымақтастық туралы келісімді іске асырудың жол картасына қол қойылды
Әлеумет және экономика

Бірқатар саладағы ынтымақтастық туралы келісімді іске асырудың жол картасына қол қойылды

Аудан әкімі өзекті мәселелер бойынша жауапты сала басшыларына нақты тапсырмалар берді
Қоғам

Аудан әкімі өзекті мәселелер бойынша жауапты сала басшыларына нақты тапсырмалар берді

Пікір қалдыру Отменить ответ

Сіздің email жарияланбайды. Толтыруға міндетті жолдар * ретінде белгіленген

No Result
View All Result

Басты жаңалықтар

Аудан әкімі өзекті мәселелер бойынша жауапты сала басшыларына нақты тапсырмалар берді

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған «Креативті бейсенбі» шарасы өтті

Жауапты маусымға дайындық барысы талқыланды

Қызылорда облысындағы Ақжарма елді мекені табиғи газға қосылды

Сырдарияда «Алаш ақиықтары» атты танымдық шара өтті

«KAYSAR ARENA» стадионы ресми түрде ең жоғары IV санатқа ие болды

Өзекті жаңалықтар

Ардақты азаматтың есімі ұлықталды
Әлеумет және экономика

Ардақты азаматтың есімі ұлықталды

0

Оған облыс әкімі Мұрат Ергешбаев, облыстық мәслихат төрағасы Мұрат Тлеумбетов, облыстық қоғамдық кеңестің төрағасы, Қорқыт ата атындағы...

Егін шаруашылығының мәселелері талқыланды

Егін шаруашылығының мәселелері талқыланды

Бірқатар саладағы ынтымақтастық туралы келісімді іске асырудың жол картасына қол қойылды

Бірқатар саладағы ынтымақтастық туралы келісімді іске асырудың жол картасына қол қойылды

Аудан әкімі өзекті мәселелер бойынша жауапты сала басшыларына нақты тапсырмалар берді

Аудан әкімі өзекті мәселелер бойынша жауапты сала басшыларына нақты тапсырмалар берді

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған «Креативті бейсенбі» шарасы өтті

PostScript

«Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің
Ақпарат комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы
КУӘЛІК № KZ17VPY00103707

Соңғы жаңалықтар
  • Ардақты азаматтың есімі ұлықталды
  • Егін шаруашылығының мәселелері талқыланды
  • Бірқатар саладағы ынтымақтастық туралы келісімді іске асырудың жол картасына қол қойылды
  • Аудан әкімі өзекті мәселелер бойынша жауапты сала басшыларына нақты тапсырмалар берді
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған «Креативті бейсенбі» шарасы өтті
Айдарлар

Бізге хат жолдаңыз

© 2024 PostScript — Қазақстан жаңалықтары ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар қорғалған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі аккаунтқа өтіңіз

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру

Add New Playlist

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Саясат
  • Пікір

© 2024 PostScript - Ақпараттық агенттігі