• Біз туралы
  • Серіктестер
  • Жарнама
Сейсенбі, 4 тамыз, 2026
  • Кіру
PostScript
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
PostScript
No Result
View All Result
Home Мәдениет

Қазалыда медицина қызметкерлері күніне арналған салтанатты шара өтті

Бүгін аудан әкімі Алмасбек Есмахановтың қатысуымен Роза Бағланова атындағы аудандық мәдениет орталығында медицина қызметкерлері күніне арналған салтанатты шара өтті,-деп хабарлайды «PostScript.kz» ақпараттық агенттігі.

21.06.2026
in Мәдениет
0
492
SHARES
1.4k
VIEWS
Facebook-те бөлісуТелеграммен бөлісуВатсапқа жіберіңіз

Мерекелік шараға ел ағалары, облыстық және аудандық мәслихат депутаттары, медицина саласының ардагерлері мен қызметкерлері қатысты.

Аудан басшысы жиналған қауымды кәсіби мерекемен құттықтап, аудан медицинасының бүгінгі жетістігі мен салаға көрсетіліп жатқан қолдаулар жайында сөз қозғады.

-Денсаулық — адам баласының баға жетпес байлығы, ал оны сақтау жолында қызмет ету — үлкен жауапкершілік пен асқан жанашырлықты талап ететін абыройлы міндет. Бүгін Ақордада Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы медицина саласының қызметкерлерін марапаттау рәсімінде -«Халқымыз «Бірінші байлық – денсаулық» деген тағылымды сөзге ерекше мән берген. Ұлт саулығы – еліміз үшін бәрінен қымбат құндылық. Сондықтан медицина саласын дамыту мемлекеттің стратегиялық міндеті саналады», — деген болатын. Мемлекет басшысының, Үкіметтің қолдауымен және облысты төрт жылдан астам уақыт басқарған ҚР Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Нұрлыбек Машбекұлының бастамасымен ауданымызда денсаулық сақтау саласын дамытуға, медицина қызметкерлеріне жан-жақты қолдау көрсетуге бағытталған кешенді шаралар нәтижелі жүзеге асырылды. Соңғы төрт жылда ауданның денсаулық сақтау саласына барлығы 2,6 млрд. теңге қаржы бөлініп, халықтың сұранысына сәйкес түйіткілді мәселелер шешімін табуда. Ауданға қарасты Бозкөл, Кәукей және Абай ауылдарында «Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында 3 бірдей дәрігерлік амбулаториялар пайдалануға берілсе, Жалпақ және Жұбан елді мекендерінде жаңа медициналық бекеттер ашылды. «Бекарыстан би» және «Болат жолы» дәрігерлік амбулаторияларының ғимараттарына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп, медициналық нысандардың жағдайы айтарлықтай жақсарды. Елді мекендердегі денсаулық сақтау ұйымдарына 26 дана жедел жәрдем автокөлігі табысталып, ауданда санитарлық автокөлікпен қамту мәселесі толыққанды шешілді. Аудандық көп бейінді орталық аурухананың жанынан Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес құны 1,9 млрд теңге болатын, 42 төсектік кардиология және инсульт орталығы іске қосылды. Аталған орталыққа биыл ақпан айында заманауи компьютерлік томография аппараты жұмыс жасайтын жаңа кабинет ашылып, құны 326,6 млн теңге болатын компьютерлік томограф аппараты іске қосылды. Биыл орталыққа заманауи МРТ медициналық құрылғысын орнату жоспарланып отыр. Жыл басынан бері ауданымызда 416 сәби дүниеге келді. Өткен жылдан бері Қазалы көп бейінді орталық ауруханасында жүрек ырғағының бұзылыстары бойынша аритмологиялық жоғары мамандандырылған оталар алғаш рет жасала бастады. Алдағы уақытта да облыс әкімі Мұрат Нәлқожаұлының қолдауымен халық денсаулығын жақсартуға бағытталған жобалар мен медицина саласындағы ең маңызды мәселелерді шешу бойынша жұмыстарды жалғастыра беретін боламыз, -деді аудан әкімі АЛМАСБЕК ӘБІЛҚАСЫМҰЛЫ.

Мерекелік шарада қажыры мен қайратын, білімі мен біліктілігін ұлт саулығына арнаған медицина қызметкерлері марапат төрінен көрінді. Атап айтқанда – сала үздіктеріне ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің «Құрмет грамотасы», облыс әкімі мен аудан әкімінің және облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының Алғыс хаттары, Қазалы ауданы мен денсаулық сақтау басқармасының «Құрмет грамоталары» табысталды.

Мерекелік іс-шарада дәрігерлер әріптестеріне деген жүрекжарды тілегін әнмен жеткізсе, ал, аудан өнерпаздары медицина қызметкерлерін төл мерекелерімен құттықтап ән шырқап, мерекелік ерекше көңіл-күй сыйлады.

Мерекелік шарада медицина саласының ардагерлері де назардан тыс қалмай, оларға аудан әкімінің мерекелік сый-сияпаттары ұсынылды.

Алдыңғы мақала

Қазалыда Конго-Қырым геморрагиялық қызбасының алдын алу бойынша түсіндірме жұмыстары жалғасуда

Келесі мақала

Арал: Рейдтік топпен түсіндерме жұмыстары жүргізілді

Оқи отырыңыз

Жергілікті тауар өндірушілерді қолдау шаралары күшейтілуде
Қоғам

Жергілікті тауар өндірушілерді қолдау шаралары күшейтілуде

Қызылорда қаласының жаңа прокуроры қала активіне таныстырылды
Құқық

Қызылорда қаласының жаңа прокуроры қала активіне таныстырылды

Қызылордадағы ҚАЖ мекемесінде тәлімгерлер кеңесінің отырысы өтті
Құқық

Қызылордадағы ҚАЖ мекемесінде тәлімгерлер кеңесінің отырысы өтті

Қазалыда теміржолшылардың кәсіби мерекесі аталып өтті
Мәдениет

Қазалыда теміржолшылардың кәсіби мерекесі аталып өтті

Пікір қалдыру Отменить ответ

Сіздің email жарияланбайды. Толтыруға міндетті жолдар * ретінде белгіленген

No Result
View All Result

Басты жаңалықтар

Қазалыда теміржолшылардың кәсіби мерекесі аталып өтті

“Арал — Каспий Магистралі”: Республикалық маңызы бар үш жобаның құрылысы басталды

Медициналық нысандар құрылысы қарқынды жүргізілуде

Нұрлыбек Нәлібаев Қызылордадағы сапарында Ботаникалық бақ пен оқу-сауықтыру орталығының жұмыс барысымен танысты

Құрылтай сайлауы – ел бірлігі мен жауапкершіліктің көрінісі

Құрылтай сайлауы – қоғамдық белсенділіктің маңызды көрінісі

Өзекті жаңалықтар

Жергілікті тауар өндірушілерді қолдау шаралары күшейтілуде
Қоғам

Жергілікті тауар өндірушілерді қолдау шаралары күшейтілуде

0

Мемлекет тарапынан отандық өндірісті дамытуға, жергілікті кәсіпкерлерді қолдауға және Қазақстандық өнімдердің нарықтағы үлесін арттыруға ерекше көңіл бөлінуде....

Қызылорда қаласының жаңа прокуроры қала активіне таныстырылды

Қызылорда қаласының жаңа прокуроры қала активіне таныстырылды

Қызылордадағы ҚАЖ мекемесінде тәлімгерлер кеңесінің отырысы өтті

Қызылордадағы ҚАЖ мекемесінде тәлімгерлер кеңесінің отырысы өтті

Қазалыда теміржолшылардың кәсіби мерекесі аталып өтті

Қазалыда теміржолшылардың кәсіби мерекесі аталып өтті

“Арал — Каспий Магистралі”: Республикалық маңызы бар үш жобаның құрылысы басталды

“Арал — Каспий Магистралі”: Республикалық маңызы бар үш жобаның құрылысы басталды

PostScript

«Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің
Ақпарат комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы
КУӘЛІК № KZ17VPY00103707

Соңғы жаңалықтар
  • Жергілікті тауар өндірушілерді қолдау шаралары күшейтілуде
  • Қызылорда қаласының жаңа прокуроры қала активіне таныстырылды
  • Қызылордадағы ҚАЖ мекемесінде тәлімгерлер кеңесінің отырысы өтті
  • Қазалыда теміржолшылардың кәсіби мерекесі аталып өтті
  • “Арал — Каспий Магистралі”: Республикалық маңызы бар үш жобаның құрылысы басталды
Айдарлар

Бізге хат жолдаңыз

© 2024 PostScript — Қазақстан жаңалықтары ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар қорғалған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі аккаунтқа өтіңіз

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру

Add New Playlist

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Саясат
  • Пікір

© 2024 PostScript - Ақпараттық агенттігі